Астана экономикалық форумы елге не берді?

04.06.2020, 12:50

21

       

     Астана экономикалық форумы әлемді шарпығанпандемияға байланысты биыл өткізілмейтін болды. Өзге елдердің қызығушылығынтуғызған бұл форум алдағы уақытта жалғаса ма? Бұл жөнінде «Қазақстандықэкономикалық бастамалар қоры» корпоративтік қорының жоба үйлестірушісі Серік Түймебаевпен Стратегиялық зерттеулер және тұрақты даму орталығының директоры БақыткүлҚамбардан сұрап білдік.   

‒ Он екі жыл қатарынан өткен Астана экономикалық форумында150 елден әлемдік жетекші сарапшылар, ғалымдар мен саяси және қоғамқайраткерлері бас қосып, жаһандық экономика мәселелерін талқылап келді.  Бұл форум енді қашан жалғасады? Жалғасса форматысол күйінде қала ма?

‒ Әрине, жалғасады. Біз қазір Астанаэкономикалық форумының форматын өзгерту бойынша жұмыстарды қолға алдық.Біріншіден, форумды онлайн түрінде өткізу мүмкіндігі қарастырылуда. Соңғыонжылдықта сандық технологиялар қатты дамып, форумды виртуалды форматтаөткізуге барлық мүмкіндік туды. Екіншіден, әлемдік және отандық экономиканыңқазіргі ахуалын, бюджеттік қаражаттың жетіспеушілігін ескере отырып, онымемлекет қаражаты есебінен емес, демеушілерді тарта отырып ұйымдастыружоспарлануда. Онлайн форматтың өзіндік артықшылығы – ол  көп қаражатты талап етпейді. Айта кету керек,бізде осы уақытқа дейін халықаралық іс-шараға қатысқан танымал тұлғалардан құралғанауқымды спикерлер базасы қалыптасты. Енді сол кісілермен Қазақстан үшін өзектімәселелер бойынша онлайн сұхбаттар ұйымдастыру ойда бар.

‒ Жалпы, осы форумның Қазақстан үшін маңызы қандай?  

‒ Астана экономикалық форумыныңҚазақстан үшін маңызы өте зор. 2008 жылдан бері бұл форум жаһандық экономикалықүрдістерді, өзгерістерді талқылауға және әлемдік дағдарыстарға тойтарыс берубойынша шараларды айқындауға арналған пікір алмасу алаңына айналды. Еуразиядағыең ірі экономикалық, іскерлік басқосу алаңдарының бірі ретінде танылып үлгерді.Он екі жылдың ішінде форумға 150-ден астам елден келген 50 мыңға жуық делегатқатысты. Әрине, форумның еліміз үшін маңыздылығы – онда талқыланған ойлардыңіске асуының нәтижелерімен өлшенеді. Мен бұл нәтижелерді екі топқа бөлер едім:бірінші топқа экономикалық дамуға қатысты жетістіктерді жатқызсақ, екіншіден,топқа форумның имидждік аспектілерін атап өткен жөн. Біз жас мемлекет, дамушыелміз. Сондықтан дамудың әлемдік тәжірибелерімен танысып, сол тәжірибелердіқолданған елдердің сарапшыларымен талқылап, артықшылықтары мен кемшіліктерінанықтап алу өте маңызды. Оған қоса, елдегі реформаларды жүзеге асыру барысынсараптап, қажетті экономикалық бастамаларды айқындау қажет. Осы тұрғыданалғанда, АЭФ-тың пайдасы көп. Мұнда жаһандық үрдістер ғана талқыланып қоймай,еліміздің сол үрдістерге бейімделуі, мемлекетіміздің экономикалық дамустратегиялары мен бағыттары бойынша мәселелер көтеріледі. Практикалық кеңестерберіледі. Форум барысында жинақталған ақпарат еліміздегі реформаларды жүзегеасыруға пайдаланылады.

Осы орайда, ескертетін жайт,кей идеялардың жүзеге асуына біраз уақыт қажет болады. Сондықтан әр форум өтесалысымен онда айтылған ойлардың ізін бірден іздеу асығыстық болар.

Екінші, нәтижеге тоқталатынболсақ, еліміздің халықаралық кеңістіктегі имиджінің артуына форумның қосқанүлесін айтпасқа болмайды. Қазіргі таңда Астана экономикалық форумы әлемгетанымал Давос экономикалық форумы, Петербург халықаралық экономикалық форумысияқты экономикалық іс-шаралардың қатарында. АЭФ арқылы біз Қазақстанныңтанымалдығын арттырып қана қоймай, еліміздің мәдениеті мен тарихына дегенқызығушылықты арттыру мүмкіндігіне ие болдық. Елімізді таныту арқылы мемлекеткежәне отандық бизнесмендерге деген сенімді ұлғайтамыз. Бұл өз кезегіндехалықаралық бизнестің Қазақстанға келуін жеңілдетеді. Шетелдік инвестициялардыңқарқынын арттырады.     

 

АЭФ-тың ел экономикасына әсері қандай?

Стратегиялық зерттеулер және тұрақты даму орталығыныңдиректоры Бақыткүл Қамбар:   

–Болашағымыз үшін жасалып жатқан жағдайлар, жобалар менжоспарлар жеткілікті. Соның бірі    Астанаэкономикалық форумы десек,  бұл біздіңілгерлеумізге қаншалықты ықпал етті?

‒ «Форум Қазақстанэкономикасына қалай әсер етті?» деген сұраққа келетін болсақ, әрине, бұл біздіңстратегиялық бағыт-бағдарымызды анықтаған кезде халықаралық деңгейдегісарапшылардың пікірін ескеруге мүмкіндік берді. Стратегиялық бағыт-бағдарды,болашақтың негізгі трендтерін ескере отырып анықтай алуымыздың өзі, жалпы, экономикамыздыбасқаруға және оның тұрақтылығын арттыруға өзіндік үлесін қосты. Негізі, АЭФ-тыңбасты құрамдас бөлігінің бірі – әлемдік экономикалық саясатты жетілдіру жәнежаһандық экономикалық проблемаларды шешу саласындағы қатысушылардың ұсыныстарыболды. Нақты ұсыныстар әлемдік экономикалық күн тәртібінің қалыптасуына әсеретті, G8, G20, БҰҰ ЭКОСОС және басқа да алаңдарда дағдарысқа қарсы шешімдерқабылдау кезінде ескерілді. Сессияларда Франция президенті Франсуа Олланд мұнайбағасы және «жасыл» технологиялардың енгізілуі туралы тұшымды ой айтса, Appleортақ негізін құрушысы Стив Возняк экономиканың жаһандық цифрландырылуын жәнекриптовалютаның келешегін талдап берді. Танымал физик Митио Каку футурология жөнінде айтып, әлемжиырма, елу және жүз жылдан кейін қандай болатынына қатысты сценарийлердіұсынды. Мәселен, «Технологияның жетістігіне байланысты машиналар мен роботтарадам еңбегін алмастыратын болса, әлемді жұмыссыздық жайламай ма?» дегенсұрақтар туындады. Сол кезде сарапшылар «машиналардың адам шығармашылығын талапететін жұмыстарды ешбір алмастыруы мүмкін емес, сондықтан білім беру саласынары қарай дамыту, адамның қарым-қабілетін, әлеуетін жетілдіру мәселесі үнеміөзекті болып қалады» деген болатын. Бүгінде еліміздің президенті Қ.Тоқаев білімберу саласына ерекше мән берілетінін, мемлекет бюджетінен бөлінетін қаражаттың айтарлықтайұлғаятынын айтты. Бұл да АЭФ-тың жемісі деуге болады. Қазіргі атқарылып жатқаншаралардың көпшілігін форумда айтылған мәселелерді ескере отырып, жүзегеасырылып жатқан істер деуге толық  негізбар.

‒ Осы уақытқа дейін форум аясында 20 миллиард долларданасатын 300-ден астам меморандум мен келісімге қол қойылған екен. Қазіргіқоғамда қолданысқа енген цифровизация, жасыл экономика, киберқауіпсіздік,криптовалюта және блокчейн терминдері сол форумнан бастау алды десек,қателеспеспіз. Сондай-ақ G-Global ақпараттық коммуникативтік платформасы пайдаболғанын да білеміз. Тағы басқа қандай оң нәтижелерді атап өтер едіңіз? 

‒ Жаһандық инвестицияларбойынша қазақстандық дөңгелек үстел ұйымдастырушысы Kazakhstan GlobalInvestment Roundtable-дың мәліметінше, 2019 жылы құны 8,9 млрд долларлық 43жоба бойынша келісім жасалды. Мысалы, оның ішінде газ химиясы саласындаМаңғыстау облысының әкімдігі мен сингапурлық Westgasoil компаниясы арасындаметанол және олефин өндіру жобасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралыкелісім жасалғанын, сонымен қатар экспортты дамыту мақсатында Yıldirim Holding(Түркия) пен Жамбыл облысының әкімдігі облыста кальций қосылған сода өндірубойынша зауыт салуды көздегенін, ауылшаруашылық өнімдерінің экспортқабағдарлануына бағытталған жоба шеңберінде KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы менресейлік инвестор «ЭКО-Культура» агроөнеркәсіп холдингі арасында ынтымақтастықорнатылып, көлік және логистика саласында YDA Holding (Түркия) Түркістан облысыәкімдігімен халықаралық әуежай салу және пайдалануға беру туралы келісімге қолқойғанын атап өтуге болады. Сондай-ақ білім беру саласында сингапурлық Kinder Worldинвесторы үш өңірде: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында «Білім беруметрополисінің құрылысы – балабақша, мектеп, колледж, университет» жобасынжүзеге асыру бойынша Жол картасына қол қойылды. Оған қоса,дата-орталықтар құрылысы және Қазақстан аумағында 5G жобаларын енгізу сияқтыжобалар бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді. Форум шеңберінде осы сияқтыеліміздің дамуы үшін қаншама маңызды жобалар келешекке қанат қақты деугеболады.  

СұхбаттасқанНұрай РАХЫМ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:26
Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:35
Кәсіпкерлерді қолдайтын жобалардың бабын келістіре алдық па?
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:23
Сауда ынтымақтастығын арттыру маңызды болып тұр
Айжан БҮРКІТБАЕВА 24.09.2020, 09:30
Жеке тұлғаларды банкроттау заңы керек пе?
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:22
Доллар қымбаттап жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 10:46
Депозит нарығы: Банктер халықты қашанғы тонайды?

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39