Атамұрат Шәменов: Бізде ауыл тұрғындары түсінетін агро-саясат жоқ

22.05.2020, 20:35

19

Қазір нақ осы дағдарыс кезеңінде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға айтарлықтай мән беру керектігі жиі айтылып жүр. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, агро-саясатты жетілдіру, отандық өнімнің үлесін арттыру тәрізді шаралар елді шынымен дағдарыстан алып шыға ма? Бұл сауалдарды «Жас Алаш» экономика ғылымының докторы, профессор Атамұрат Шәменовке қойып көрді: 

–Атамұрат Мөрәліұлы, қазір экономиканың қиын жағдайда тұрғаны белгілі. Қалайойлайсыз, бұл жағдайдан отандық өнімнің үлесін арттыру құтқара ма?

– Әлбетте, отандық өнім үлесін арттыру керек. Оған қайсалада болмасын мүмкіндік бар. Мысалы, біз өзімізге жеткілікті жанармайшығарсақ, Ресейге тәуелді болмаймыз. Аграрлық саланы ішкі сұранысқа бағыттасақ,сырттан тағам тасуды азайтсақ, доллардың бағамына байланбас едік.

–Отандық өнім бәсекеге қабілетті болуы үшін не істеу керек?

– Біріншіден, отандық өнім сапалы, екіншіден, арзан болуышарт. Тауар озық технологияларға сүйеніп дайындалуы керек. Оның органикалықжағына, яғни экологиялық тазалығына қатты мән берген жөн. Ауыл шаруашылығыөнімдерінің әлеуеті артуға тиіс. Қазақстан – аграрлы ел. Сондықтанагроөнімдердің молынан өндірілуіне басымдық берген абзал.

–Біздің агросаясатымызға жаңа бағыт ұстанатын кез жеткен тәрізді. Бұғанқатысты қандай ұсыныс айтар едіңіз?

  – Бізде ауыл тұрғындары түсінетін аграрлықсаясат жоқ. Жылда Ұлттық банк пен үкімет қаржы-экономикалық саясатынжариялайды. Басқа салалар бойынша жарияланып жатқан саясат жоқ. Үкіметтебір-бірінен туындап жатқан бағдарламалар көп. Бір министр келіп, бір бағыттыайтады, екіншісі басқа бағытқа сүйрейді. Ал ауылдағы көпшілік дүбәрә қалыпта.Мысалы, министр АсылжанМамытбековтың кезінде «Агробизнес-2020» қолға алынды. Жайылымдық малшаруашылығын өркендетуге басымдық берілді. Мал суару үшін республикада 4 мыңқұдық қазу жоспарланды. Ветеринарияны дамыту қажеттілігі айтылды. Нәтижесі неболды?!

Құдықтар құрдымға кетті. Жұрт құдыққазып, оның ақшасын ала алмай зар иледі.

–Дұрыс айтасыз. Ал министр Асқар Мырзахметов келгендефермерлердің басын қосып, оны ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктірунауқаны жүрді. Жақсы ұстаным еді. Республика бойынша467 кооператив құрылып, олар 220 сүт қабылдау және 103 мал сою пунктерінің,оған қоса 12 мың отбасылық мал бордақылау алаңдарының басын қоспақшы болған. Сонымен қатар 135 мың жеке үйшаруашылықтары мен шаруа қожалықтары жұмыспен қамтылатын болған. Біраққорытындысы күткендей болмады. Өйткені құрылған кооперативтердің өндірісінұйымдастыру, қаржы көздерін алу тетіктері, өнімдерін сақтау, сату жұмыстарытолық шешімін таппады. Бастысыөндіріс пен еңбек  ұйымдастыру жағына мәнберілмеді. Бұл іске жергілікті басқару органдарыжұмылдырылмады. Оларға жауапкершілік арттырылған жоқ. Қағаз жүзінденауқаншылдықпен құрылған кооперативтер өміршең болмай шықты. Ал жаңа министр,премьер-министрдің орынбасары Өмірзақ Шөкеев келген соң мақсат тағы өзгерді.Оның ұстанған бағыты бес жыл ішінде еңбек өнімділігі мен өңделген өнімэкспортын 2,5 есе ұлғайту болды. Еңбек өнімділігі өндіріс шоғырланған үлкенкешендерде немесе өнім шығаратын зауыттарда маңызды. Ал үй шаруашылығы деңгейінде бұл көрсеткішті анықтау оңайемес. Ауыл шаруашылығы министрлігі «бес жылдан кейін еңбек өнімділігі артығыменорындалды» деп есеп береді. Оны тексеру мүмкін емес. Сол сияқты «өңделгенөнімдер экспорты он есеге көбейді» дейді. Ал халықтың дастарханы экспорттыңүлесін арттыру арқылы толмайды.  Әр елдіңбасты мақсаты елдің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау. Біліп отырсыз, осы күнгедейін Қазақстаннан экспортқа шығып жатқан өнім – бидай, аздаған ұн және ет.Терең өнделген өнімдердің экспортталып жатқанын естімейміз. Мысалы  Италияға пицца жасауға сапалы әрі дәмдібидайдан жасалған дайын жайма неге шығармасқа?! Қазы, шұжық Францияға негежөнелтілмейді?  Емдік қасиеті бар қымыз,шұбат неге Еуропа елдерінде емес?! Оның орнына Алматыда Германиядан әкелінетінбір бөлкесі 1500 теңге тұратын нан сатылуда. Міне, ауыл шаруашылығы саясатынұстанғанда бізге де өзге елдер тәрізді ең соңғы дайын өнімге дейін жұмысістеуге әзір болу қажет.

– Жалпы,экономист-ғалым ретінде қазіргі үкімет деңгейде атқарылып жатқан реформаларғакөліңіз тола ма?

 – Жоқ, толмайды.Әсіресе аграрлық сала, жұмыспен қамту, өңірлердің экономикалық-әлеуметтікдамуы. Қазір экономиканың жауы әсірелеу статистикасы болып тұр. Біз болашақташетелге шикізат емес, тауар шығаруымыз керек. Тым болмаса жартылай дайын өнім,мысалы ұн, ең дұрысы нан өнімдері, макарон тағы басқа өнімер. Шикізатқабайланған мемлекеттің келешегі бұлыңғыр. Доллармен күресу дұрыс емес, қайтатеңгені нығайтумен айналасқан дұрыс. Теңгені нығайтатын тек өндіріс, өнімшығару. Алыпсатарлық экономика әр уақытта импортталған тауарға тәуелді болмақ.Ал импортқа жүгіну, импорттың тасқынын көбейту бұл экономиканың әлеуетінкөтеретін жол емес. Елімізде арнайы Сауда және интеграция министрлігі құрылды,бірақ сауда мәдениетінде ешқандай өзгеріс жоқ. Шарықтап тұрған саудаэкономикасына тосқауыл қоятын ақылмен жүргізілетін мемлекеттік реттеу. Алқазіргі әкімшілік жолмен тауар бағасын ұстап тұру мүмкін емес. Экономикадасауда салығынан түсетін қаржыға қызығып, бұл саланы жетекшілікке итермелеудіңқажеті жоқ.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

«Жас Алаш» 



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:22
Доллар қымбаттап жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 10:46
Депозит нарығы: Банктер халықты қашанғы тонайды?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 22.09.2020, 10:36
SMART СARD сергелдеңге сала ма?
Еркежан АРЫН 22.09.2020, 10:18
Еңбек нарығы: сұраныс пен ұсыныс теңесе ме?
Еркежан АРЫН 22.09.2020, 10:14
Цифрландыру жемісі: электронды сауда қызып тұр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 09:25
Тендер: Ал, жеңдер!

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27