Атырауда мұнай өнімдері суға ағып жатыр

Сайт әкімшілігі

02.11.2020, 11:36

1448

Атыраулық мұнай өндіруші зауыт құрамында мұнай өнімдерін суға ағызып жіберген. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. 

«Мониторинг барысында „АНПЗ“ ЖШС-дегі ағынды суларды ағызу нүктесінде құрамында мұнай өнімдері бар ағынды су жіберілгені анықталды», — делінген министрліктің Facebook желісіндегі ресми парақшасында. 

Мамандар ағынды сулардың сынамаларын алып, оларды экология департаментіне қосымша талдау жүргізуге жіберді.

Бүгінде «АНПЗ» ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп жатыр. 

Зауыт өкілдері оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 

«1 қарашада биологиялық тазарту құрылыстарының жұмыс режимінде ақау болып, биологиялық шламның нормативтік тазартылған ағындар арнасына қысқа мерзімді өтуіне себеп болды. Бүгінде технологиялық режимді ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп, аталған жағдайды тергеуге арналған арнайы мамандар тобы құрылды», — дейді ЖШС өкілдері. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 13:30
30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
Қарлығаш Зарыққанқызы 27.11.2020, 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!
Айжан БҮРКІТБАЕВА 26.11.2020, 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 26.11.2020, 13:52
Қазаққа малын көгендеп бағу ғана қалды
Қарлығаш Зарыққанқызы 25.11.2020, 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.11.2020, 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36