Әулиеатада химия өнеркәсібінің әлеуеті зор

16.08.2019, 14:04

10

«Жамбылөңірі фосфордың отаны» десе, ешкім дауласа қоймас. Ал бұл ретте «Қазфосфат» жылдан-жылғаеңбек өнімділігін тұрақты түрде еселеп, арттырумен келеді. Барлық филиалдарызаманауи үлгіде әрі ыңғайлы тұрмыстық кешендермен жабдықталған. Бүгінде «қазфосфаттықтар»20-ға жуық өнім түрлерін шығарып, оның басым бөлігі берісі көршілес елдерге, арысыалыстағы АҚШ, Еуропа және Азия елдеріне экспортталады.

Жалпы серіктестіктің «Минералдытыңайтқыштар» зауыты ҚРИндустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылып,бүгінде  ауыл шаруашылығы үшінфторсыздандырылған минералды тыңайтқыш өндірумен айналысуда. Жылдық қуаты 300 мыңтоннадан 500 мың тоннаға дейін минералды тыңайтқыш шығаратын технологиялықжүйенің жұмысы туралы айтқанда, өндіріс орнында  жергілікті шикізатпайдаланылатыны, Қаратау қаласының фосфат шикізаттары өңделетінін тілге тиекеткеніміз жөн.

Бүгінде жылдамдық бәріненде маңызды рөл атқаратынын ешкім жоққа шығара қоймас. Осы орайда өзінің бәсекелестікқабілетін жоғалтпас үшін компанияда автоматтандырылу мен бизнес жүйесін жақсартубойынша тиімді шаралар тұрақты жүзеге асырылуда екен.

«Қазфосфат» ЖШС бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров өнімнің өзіндік құнынын төмендетілуіне жалпы құрам санынқысқару жолымен емес, жаңа технологиялар мен жабдықтар енгізу, әртараптандыру,бизнестерді біріктіру және кадрлық ресурстардың мүмкіндігін барынша тиімдіпайдалану арқылы қол жеткіземіз дейді.

— Жұмыс орындарының автоматтандырылуы жаңа жетілдірілгендағдыларды талап ететіні мәлім. Осыған байланысты қазіргі заманға сай болу,білікті өндіріс мамандары қатарын көбейту мақсатында әдістемелік-оқу орталығын құрдық,ол 2006 жылдан бері жұмыс істейді. Орталық өзінің құрамында бес филиалдың техникалықоқыту қызметтерін біріктіреді. Бүгінде серіктестіктің әрбір филиалында оқу құралдарымен,компьютерлік техникамен, өндірістік жабдықтардың макеттерімен жабдықталған арнайыоқу базалары бар. Біз, сондай-ақ, Жамбыл политехникалық, Тараз химиялық-технологиялық,Қаратау гуманитарлық-техникалық колледждерінде, өңірдегі басқа да орта арнаулы оқуорындарында дуальді оқыту жүйесін енгізу бойынша жетекші серіктес болып табыламыз.Компания білім беруді ұйымдастыруда және мамандар даярлауда, оқу бағдарламаларыныңмазмұнын анықтауда, қорытынды аттестациялау кезінде студенттердің біліктілігін,кәсіби даярлықтарының деңгейін бағалауда, сондай-ақ, бітірушілерге біліктілік берудетолық құқықты серіктес ретінде танылып отыр, -дейді.

Сондай-ақ, Мұқаш Ескендіров ағымдағы жылдың басынан бері зауыт 29,1миллиард теңгенің өнімін өндіргендерін айтты. Оның ішінде 24 мың тонна азоттыңайтқышы болса, 122 мың тоннаға жуық фосфор тыңайтқышы өндірілген. Өнім ішкінарықты толық қамтамасыз ете отырып, шет елдерге де  экспортталуда екен.

Айта кетейік,еліміз бойынша Жамбыл өңірі химия саласының ең бір дамыған аймағы саналады.Өңірдің химия өнеркәсібін дамыту саласындағы әлеуеті зор. Химия саласы облыстыңбүкіл өнеркәсіп өндірісінің 20 пайыздан астамын құрайды. Қазіргі уақыттааймақта заманауи химия кластерін құру жөнінде жұмыстар атқарылып жатыр. Қазіргітаңда аймақта Қаратау мен Жаңатас қалаларындағы жобаларды және «Химпарк-Тараз»арнайы экономикалық аймағын іске қосу арқылы облыстың өнеркәсіп өндірісініңкөлемін едәуір арттыру шаралары қолға алынған.

Фото: kpp.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:05
Tengri Bank лицензиясынан айырылды
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:14
Ресейдің доллардан арылуға асығуы нені аңғартады?
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.09.2020, 10:51
Халық арзан баспанамен қашан қамтылады?
Сайт әкімшілігі 14.09.2020, 15:37
Қазақстандықтар айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеу керек
Әділ АҚЫЛБАЙ 11.09.2020, 09:29
е-learning 30 млрд теңгені жұтып қойды. Нәтиже қайда?
Қарлығаш Зарыққанқызы 10.09.2020, 11:07
Мемлекетке телмірген банктерді қандай тәуекелдер күтіп тұр?

Аңдатпа


  • Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
    11:31
  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58