Ауыл шаруашылығы: Павлодарда жалақы жоғары, кадр тапшы

01.10.2019, 05:29

50

Соңғы жылдарысолтүстік өңірлерді қазақыландыру және бос қалған жерлерге халықты шоғырландырубойынша мемлекет тарапынан біраз бастамалар көтеріліп жатыр. Оның тағы бір қыры– солтүстік өңір ауыл шаруашылығына ыңғайлы өңір. Соңғы жалдары Павлодаржерінің табиғаты қант қызылшасын, зығыр тұқымдас өсімдіктер мен соя өсіруге детаптырмайтын климат екені айтылып жүр. Солтүстік жақта сояны молынан егіп,алдағы жылы қант зауытын ашу жоспары да жиі талқыланып келеді. Мұндай аймақтамал өсіру ісінің де аса қиындық туғызбасы түсінікті жағдай. Тек бұл өңірлердеқолбайлау болып отырған бір нәрсе бар, ол – мамандардың тапшылығы, біліктіжұмыскерлердің аздығы. Әрине, жұрт жаппай көшіп кеткен соң, алдымен, халықтыңсаны сапаға да әсер етеді. Өңірдегі халық санының азаюымен белгілі бірсалалардағы мамандарға деген сұраныс артып, білікті мамандардың тапшылығысезілмей тұрмайды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан ОмаровтыңПавлодар облысына жасаған сапарында мамандар мен жұмыскерлердің жалақысынкөтеру және де өзге мәселелер сөз болды.

Министр облыстыжалғыз араламайтыны түсінікті, ауыл шаруашылығына ерекше мән беріп отырғанөңірдің әкімі Болат Бақауов өңірдегі жетістіктер мен кейбір қиындықтарменминистрді өзі таныстырды. Миниср мен облыс басшысы аймақтағы төрт аудан мен екіауылға бас сұғып, жағдаймен танысты.

Жалпы, мұнда ірішаруашылықтар аз емес. Ерекше айта кетерлігі, бір ірі шаруашылық бүкіл бірауылды жұмыспен қамтып отырған жағдайлар жиі кездеседі. Ауыл шаруашылықсаласына баса мән беріп, күн көрісін де, қызметін де осы саладан тауып отырғанхалық өз нәпақасын да осындай ірі шаруашылықтардан айырады. Сол себепті, бұлаймақтың ерекшелігі, бүкіл бір ауыл бір біріне жақын, әріптес саналады. Айталық,Успен ауданына қарасты Галицкое ауылындағы «Галицкое» шаруа қожалығы. Бұлшаруашылық осы күні 450 шақты адамды жұмыспен қамтып отыр. Бір қарағанда,соншалық орасан адам бір жерде істейді. Үлкен мекеме екені дау туғызбайды.Жалақылары да талапқа сай. Шаруашылықтың басшысы Александр Касицын әр шаруағатөлеп отырған жалақының орташа мөлшері – 82 мың 500 теңгені құрайды дейді. Айтакетерлігі, мұнда жұмыс істейтіндердің басым бөлігі шаруашылық орналасқанГалицкое ауылының тұрғындары. Шаруаларға тән барлық жағдай жасалған деп сенімдісөйлеп отырған шаруа қожалығының иесі мұның барлығы мемлекет тарапынан бөлінгенсубсидиялар мен түрлі жеңілдіктерді тиімді пайдалана білгенінің арқасы екенінайтады.

— Бізге сапалымамандар керек. Сондықтан, көптеген шаруалар атқарып жатырмыз. Ауыл тұрғындарынабарлық жағдайды жасауға тырысамыз, мамандар тарту жұмысы да тоқтаған емес. Балалардытегін тамақпен қамтамасыз етеміз, жол да жөнделді. Әлеуметтік құрылымдарды салубойынша атқарылып жатқан жұмыстарды да тоқтатпаймыз. Мен кез-келген адамның көзінетура қарай аламын. Мемлекеттік субсидиялар мен қаржылардың тиімділігі жайындакүмән келтірген сөздер айтылып жүр ғой, бізге берілген субсидиялар бойыншакүмәндары барлар осы ауылға келіп көрсін алдымен. Бәрін өз көздерімен көріпкетсін. Бізге мемлекеттің қолдауы қажет, егер де мұндай қолдау болмаса ауыл осыншакөркеймес еді, — дейді Александр Касицын.

Бұл өңірдегіминистр ат басын бұрған тағы бір ерекше шаруашылық бар. Ол да шаруашылық пентұрмысты қатар қойып, өзі орналасқан аймақты түгелге жуық жұмыспен, тұрғынүймен, өзге де әлеуметтік қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етіп отыр. Ертіс-Баянөңірінде орналасқан «Пахарь» серіктестігі өңір ғана емес, күллі республикадағыірі шаруашылық орталықтарының бірі. Әр түрлі бағыт бойынша жұмыс істейтін бұлсеріктестік қазір жұмыскерлеріне ең ірі жалақы ұсынып отыр және тұрғын үйсалуды қолға алған. Бұл тұрғын үйлер кешені мен шаруашылықтың территориясы –агроқалашық аталады. Железин ауданындағы бұл қожалықта 48 пәтерлі үй бойкөтерді. Асханасы, фитнес орталығы, бассейні, т.б. бар заманауи талапқа сайжасақталған агроқалашықта серіктестікте қызмет ететін мамандар тұрады.Жетіспейтін мамандарды алыстан алып келуге де дайын. Өйткені, бұлсеріктестіктің болашағы зор, жұмыс ауқымы да кең деп есептейді шаруашылықбасшылары. Қазіргі кезде ең білікті, тапшы деген мамандар бұл серіктестікте 1миллион теңгеге жуық жалақы алып отыр. Ортанқол мамандарға кемі 250 мың теңгеайлық төлеуге дайын екендерін алға тартқан серіктестік басшылары біліктімамандардың тапшылығын айтады.

— Қазақстандасапалы мамандар аз. Біз қазір бақташыларға айына 150 мың теңгеден аса айлықтөлеуге дайынбыз. 1 миллион теңгеден астам жалақы алатын кәсіби мамандарымызбар. Біз жұмыскерлерге айына 250 мың теңге жалақы төлеуге дайынбыз. Оқуорындарын кәсіпорындарға берсе, бұл проблема шешілер ме еді деп есептейміз, — дейді қожалық басшыларының бірі Олег Литвиненко.

Литвиненконыңайтуынша, қазір бұл агроқалашыққа 1200-ден аса «Ангус» асылтұқымды ірі қараәкелінген. Соның барлығын бағып-қарайтын, түрлі бағытта өнім алатын, сапалыжұмыс атқаруда кәсіби мамандар ғана емес, жергілікті тұрғындардың да үлесі зор.12 мың тонналық көкөніс базасы, мал азығы қоймасы, 9 мың гектарға жуық суармалыалқабы бар серіктестік қазір өзінің бағып отырған малын ғана емес, өзгелерді демал азығымен қамтамасыз етуге дайындалып жатыр. Бүгінде Қытайға жоңышқаэкспорттауды қолға алып жатқан шаруашылық мал өсіру ғана емес, мал азығын дайындаудада біраз жетістіктерге жетеміз деп сенімді айтып отыр.  

Министр Павлодароблысына ресми сапары барысында өзге де шаруашылықтар мен шаруақожалықтары,серіктестіктерде болып, облыстағы жалпы ауыл шаруашылығы саласымен танысып,облыстағы атқарылып жатқан жұмыстар мен жетістіктерге, кейбір кемшіліктергетоқталды.

— Ауылшаруашылығында даму бар, атқарылған жұмыстар көп. Әрине, қиындықтар да жоқемес. Десе де, көріп тұрғандарыңыздай, шаруалар жаңа үйлер салып, қожалықтарқызметкерлерге жақсы мүмкіндіктер жасап жатыр. Бұл ауыл шаруашылық саласының дамығанының көрінісі. Біздің шаруалар шетелден түрлітехнологияларды алып келуде. Енді мамандарды даярлауды жолға қоюымыз керек.Елімізде кадр тапшылығы бар, — деген министр бұл мәселені шешудің жолынқарастырып, тіпті, кейбір заңға өзгерістер енгізіп жатқандарын айтты.

Заң қалайөзгереді? Айталық, министрдің сөзінше қазір ветеринария мамандығы бойыншаЖоғарғы оқу орындарына түсетін студенттердің көп бөлігі қыздар. Өкінішітсі,олардың тек 30 пайызы ғана ауылға келеді. Статистика солай. Енді, заңды талапқасәйкес мемлекеттік грант бойынша оқыған студент оқу бітірген соң осы салада 3жыл бойы жұмыс істеп, мемлекеттің бөлген ақшасын өтеуі керек. Ары қарай, әрине,өзі біледі. Дегенмен, осы 3 жыл ішінде мамандығын тереңірек меңгеріп, осысаланың білікті маманына айналуына, өмірлік жолын осы бағытта жалғастыруынамүмкіндік жасау, жалақысы мен қызметін сатылап көтеру сияқты шаруаларатқарылуға тиіс. Жалпы, ауыл шаруашылығы саласына жас мамандарды тарту, осысалада қызмет етем деген жастарға қолдау көрсету ісі де кезек күттірмесмәселелердің бірі. Министр Сапархан Омаров қазіргі таңда бұл шаруаны жа қолғаалып жатқандарын айтты. Демек, алдағы уақытта маман тапшылығы деген мәселешешімін табады деуге болады. Оның үстіне, ортанқол жұмысшының өзіне 250 мың теңгежалақы ұсынып отырған шаруа қожалықтары бар, аграрлық сала мамандарына сұранысенді азая қоймайды деп есептеуге болады.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 17:29
Ипотекалық дағдарыс келе жатыр ма?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.11.2020, 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады
Сайт әкімшілігі 24.11.2020, 14:18
Зейнетақыны пайдалануда 10% салық ұстау жөніндегі заңды Мәжіліс кері қайтарды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 23.11.2020, 15:53
Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасы ұшып тұр
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 10:49
Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
Қарлығаш Зарыққанқызы 20.11.2020, 09:33
Мемлекетке масыл болған банктер арқылы ДСҰ талаптарын орындай аламыз ба?!

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42