Ауыл шаруашылығы: Қазақстан-Германия әріптестігі

13.08.2019, 20:01

10

Кез келген саланыңжабық қоғам жағдайында дами алмайтыны белгілі жайт. Дегенмен, ашық қоғаморнатып, өзге елдермен әріптестік қарым-қатынас жасауда да бәрі бірдей тиімдібола бермеуі мүмкін. Мұндай әріптестікте әр ел өз пайдасын ойлайды, өз мүддесінқорғайды. Осындай сәтте қос ел үшін де өте пайдалы шешім қабылдап, екі жаққа датиімді келісімге келу маңызды. Бұл жағынан біздің Қазақстан сияқты табиғиресурсы мол елдер сырттан инвестиция тартуға көп мән береді. Бұл қадам,әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында көп роль атқарады.

Ауылшаруашылығындамыту бойынша Қазақстанның шетелдік әріптестері аз емес. Соның бірі Германиямемлекеті. Қазақстан-Германия әріптестігі бір бүгін емес, бұған дейін де жиіаталып жүрген, біраз шаруа атқарылған, осы күні толықтай жолға қойылғанқарым-қатынас деуге болады. Айталық, бұған дейін Қазақстанға шетелдерден жылсайын тартылатын инвестицияның 4,2 миллиард теңгесі Германияға тиесілі болыпкелген. Бұл былтырғы көрсеткіш. Бұл көрсеткіштің көбеймесе азаймайтынын айтадымамандар.

Инвестиция көлемінарттыру негізінен Германияның Қазақстан ауылшаруашылығы саласын дамытуғакөрсететін қолдауы негізінде іске асып келеді. Германия биыл да, бұдан кейін демұндай қолдауды жалғастыруға әзір. Ауыл шаруашылығы бойынша білікті мамандардаярлап, жаңа технологиялар енгізу, техникалық база жасақтау тұрғысында қолдаукөрсетуге мүдделі. Бұл екі жақ үшін де тиімді қадам. Өйткені, Германия сияқтытехникалық өндіріс жағынан алпауыт саналатын алып ел Қазақстан секілді табиғиресурсы мен шикізаттық әлеуеті зор елдің ауыл шаруашылығы саласынан жақсыәріптес екенін біледі. Бұл қадам өз кезегінде екі елдің өз мүмкіндіктерітұрғысынан бірлесе жұмыс істеуіне көп мүмкіндік береді.

Былтыр қазандаөткен «Германия және Қазақстан: тұрақты ауыл шаруашылығын құруды көздейтінсеріктестер» атты конференцияда да осы мәселе сөз болған. Сол кездеанықталғандай, екі ел арасындағы аталмыш сала бойынша екі ел арасындағыбайланыс әсіресе мамандар даярлау бойынша жақсы дамыған. Қазақстанда жұмысістеп келе жатқан Германиялның аграрлық орталығы бұл міндетті сәтті жүзегеасырып келеді.

ГерманияБундетагының депутаты Михаэль Штюбген бұл орталықтың алдағы уақытта өзін өзіқаржыландыратын жағдайға жететінін айтқан. Расында, Германия алғашында қаржылыққолдау көрсетеді, кейіннен бұл орталық өз аяғына тұрып алса бұл Қазақстан үшінүлкен олжа болатын анық.

«Ауыл шаруашылығыөте күрделі сала болғандықтан, оған білікті мамандар қажет. Онсыз бұл саладатабысқа жету қиындау. Ал технологиялық процестердің бәрі дамып кетті. Сондықтанмамандар соның барлығына үлгеруі керек. Бүгінде Қазақстандағы орталықтыГермания үкіметі қаржыландырып отыр. Бірақ біз келер жылдан бастапқаржыландыруды тоқтатамыз. Ал оған дейін орталық өзін-өзі ақтайтын деңгейгежетуі керек», – деген болатын Михаэль Штюбген.

Жалпы, Қазақстанға тартылатынжалпы инвестиция көлемі – 20 миллиард теңгеден асып жығылады. Мұның 4,2миллиарды Германияға тиесілі екенін ескерсек, бұл елдің Қазақстан үшін ең ірі,ең маңызды әріптесі екені түсінікті. Міне, осындай ел Қазақстандаауылшаруашылығы саласының мамандарын даярлайтын орталық ашса, ол орталық азуақыт ішінде аяққа тұрып, оқимын, үйренем дегендерге ақылы, жеңілдіктермен,түрлі гранттармен қызмет көрсетіп жатса Қазақстан үшін де, Германия үшін дежақсы жетістік. Бұл алдымен Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы бойынша орталыққаайналуына мүмкіндік берсе, Германиядан арнайы келген мамандардың өзтәжірибелері мен білімдерін жетілдіріп һәм өзге жұртқа үйретуіне жол ашады. Бұлжағдай Германияның ауыл шаруашылығында әлемнің жетекші күшіне айналуы үшінмаңызды. Ал, Қазақстан сияқты өндіруші, экспорттаушы елге білікті мамандар көпкерек. Осы жағын есепке алған Қазақстан тарапы Германияға ауыл шаруашылығысаласына көптеп инвестиция салуды ұсынады.

Kazakh Investұлттық компаниясы өкілдері Қазақстанның жерінің 80 пайыздан астамы ауылшаруашылығына қолдануға мүмкіндік бар екенін айтады. Тағы бір көрсеткіш –еліміздегі тұрғындардың 20 пайызы ауылшаруашылығы саласында еңбек етеді.Сондай-ақ, жалпы ішкі өнімнің 7 пайызы да осы салаға тиесілі. Дегенмен, бұлҚазақстан сияқты жері кең, топырағы құнарлы ел үшін көп көрсеткіш деп айтуғаболмайды. Сол себепті, бұл көрсеткішті жақсарту мақсатында Германия секілдітехникалық базасы мол елдермен әріптестік көп рөл атқарады.

Қазақстанинвесторларға өз тарапынан ұсынатын тиімді шарттары жан-жақты. Бұл да негізінентабиғи ресурстарға келіп тіреледі. Былтырғы конференцияда Kazakh Invest ұлттықкомпаниясы атынан сөз сөйлеген Марат Бірімжанов бұл артықшылықтарды тізіпберген:

«Қазақстанғаинвестиция салудың бірнеше артықшылығы бар. Біріншіден, біздің елде электрэнергиясы арзан. Екіншіден, Қазақстан географиялық тұрғыдан тиімді орналасқан.Үшіншіден, елдің транзиттік әлеуеті жоғары. Төртіншіден, соңғы жылдары бизнесжүргізуге қолайлы жағдайлар жасалуда. Бесіншіден, «Астана» халықаралық қаржыорталығы іске қосылды. Шетелдік компаниялар қаржы орталығына тіркеліп, елаумағындағы қызметін алаңсыз жүргізе алады».

Иә, шетелдікинвесторлар үшін тиімді шарттың бірі – сенімді әріптестік және тұрақтылық. Бұлжағынан Қазақстанға қаржы салам дейтіндерге ыңғайлы шарттардың бәрінқарастырған. Осының арқасында, соңғы жылдары өзге елдермен әріптестік дамып,ауыл шаруашылығы тауарларын экпорттау көлемі әжептәуір ұлғайған. Мысалы, былтырҚытай, Малайзия, Оңтүстік Корея, Жапония, Еуроодақ елдерінмен келіссөздержүргізіліп, нәтижесінде экспорт көлемі 30 пайызға артқан. Қысқа уақыт ішіндемұндай көрсеткішке жету, әрине, көңіл қуантады.

Ал, ГерманияҚазақстанның ет-сүт өнімдерін экспорттауға, өнімдерді қайта өңдеуге қолдаукөрсетуге дайын. Заманауи техникаларын экспорттайды. Жалпы, Германия-Қазақстанәріптестігі ондаған жылдар бойы жалғасып келеді. Құйылған қаржы да, алынға өнімде аз емес.

Қазақстанагроөнеркәсібінің дамып келе жатқанының бір көрсеткіші – инвесторлар саныныңартуы. Шетелдік компаниялардың басқа емес, дәл осы салаға көптеп қаржы құюы бұлсаланың сенімді түрде алға жылжып келе жатқанын көрсетеді. Тек табиғиресурстарды малданып отыра беруге болмайды. Неғұрлым аз жерден соғұрлым көпөнім алу басты шарт есептеледі. Ауыл шаруашылығының негізгі шарты осы. Малшаруашылығында да солай. Баяғыдай өріске шығарып қойып, қарап отыратын уақытемес. Алдымен, төлдің тез жетілуі маңызды. Бұл жағынан арнайы асыл тұқымдытүлік тұқымдарды әкелу, оларға берілетін жем-шөптің құнарын реттеу сияқтыбарлық шаруаларды атқаруда заманауи технология мен соңғы үлгідегі әлеуеті зортехниканың маңызы зор.

Айталық, соңғыжылдары дихандарымыздың басым бөлігі спутникпен байланыс орната алатынтехникаларды қолдана алатын болып жүр. Немесе арнайы дрондар көмегімен жердіңқұнарын, зиянкестердің бар-жоғын, егіннің жағдайын анықтай алады.

«Агроөнеркәсіптіңалдында үлкен міндеттер тұр. Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды 2,5 есегедейін арттыруымыз керек. Соған жету үшін бұл салаға ауылшаруашылығының заманауитехнологияларын енгізу маңызды. Сондай-ақ, жаңа, тегеурінді техникамен де жұмысістеу керек. Қазір жаңа техникалар мен шаруашылық саласындағы жаңаәдіс-тәселдерді шаруаларға түсіндіріп жатырмыз. Мамандар мен шаруалар асқанқызығушылықпен танысуда», — дейді бұл жайында Ауыл шаруашылығы министрініңбірінші орынбасары Айдарбек Сапаров.

Жалпы, ауылшаруашылығы өнімдерінің маңызы күннен күнге артып келеді. Өйткені, жер бетіндеадам саны асқан жылдамдықпен өсіп келеді. Ал, адам саны көбейген сайын олардыңазық-түлік тұтыну көлемі де артады. Әлем ғалымдарының болжамы бойынша енді бір30 жылда адамзат баласы қазіргіден 1,7 есе көп азық-түлік тұтынатын болады.Демек, бұл саланың еліміз үшін маңызы зор. Ал, алпауыт елдер үшін бұл да таптырмайтынмүмкіндік. Олар өздерінің қаржыларын құятын сенімді серіктес іздейді. Сондайелдердің бірі де осы Германия. Германия елінің жауапты саяси тұлғаларыотандастарының Қазақстанға деген қызығушылығы зор екенін айтады. Олар егіншаруашылығы, ет-сүт өнімдерін өндірумен айналысуға бейілді. Оның себебі де жоқемес. Оның бастысы – кең байтақ жер. Қазақстанның табиғи әлеуеті.

Дегенмен, бұл екіел арасындағы әріптестік тек Қазақстанға қаржы құюмен, даламызға келіп егінегіп, мал өсірумен ғана шектеліп отырған жоқ. Қазақстандық жас мамандарөздерінің білімін Германияға барып жетілдіріп, тәжірибе жинап қайтуға мүмкіндікалды. Қайтып келген соң олар білікті маман ретінде үйренгенін өзгелерге деүйретеді. Осы мақсатта Германия тарапы Қазақстаннан кәсіптік білім беретінбілім ошақтарын ашуды көздеп отыр. Бұл жерде оқыту дуалды оқу технологиясыбойынша жүргізілмек.

МамандарГермания-Қазақстан арасындағы әріптестіктің үшінші кезеңінде тұрмыз депесептейді. Жалпы, екі ел арасындағы байланыстың жаңа қарқын ала бастауы 2012жылдан басталады. Бұл жылы заманауи ауыл шаруашылығы әдістері ментехнологияларын тұрақты дамыту қауымдастығы құрылған. Сол қауымдастық құрамындасаны басымы да осы Германиялық компаниялар болды. Олар сол кезде аграрлық саясиқарым-қатынас пен жаңа техникаларды таныстыру, қолданысқа енгізу жәнемамандардың біліктілік деңгейін арттыру мақсатында жұмыс бастаған. Қазір бұлбайланыс дами келе нақты істерге жалғасып, оталықтар мен өндіріс орындарыныңжұмыс істеуіне ұласты.

Қазір Германияқазақстандық шаруаларды, оның ішінде енді ғана іс бастап жатқандар мен бұрыннанайналысып келе жатқан шаруақожалық иелері де бар, оқытып жатыр. Бұл жердегібасты мәселе – уақытты тиімді пайдаланып, көп өнім алудың мүмкіндіктерінүйрету. Мәселен, малды қалай дұрыс бағу керек? Әлбетте, қазаққа немістер малбағуды үйретпей-ақ қойсын дейтіндер де табылуы мүмкін. Бірақ, бұл жерде малбасы санын арттыру ғана емес, сапалы өнім беру, тұқымды асылдандыру бастыорынға шығады. Яғни, бұрын бір түліктен алып жүрген ет пен сүттің көлемінарттыру. Бұл жағынан Германия, Канада сияқты алпауыт елдерден үйренеріміз көп.Германия осы жағынан қазақстандық шаруаларға заманауи инновацияларды,техникаларды таныстырып, оларды қолдануды үйретеді. Бүгінге дейін олар 7 мыңғажуық қазақстандық шаруаларды оқытыпты. Біліктілікті арттыру курстары негізіненҚазақстанда өтеді. Бұл бір жағы шаруалардың барып-келуіне ыңғайлы. Ал, одан әрібілім алып, тәжірибе жетілдірем деушілерге Германия тарапы да ашық. Шаруаларданбөлек, сарапшы мамандар, инженерлер, оқу орындарында істейтін мамандар,техниктер заманауи білім алуда. Қазақстандағы топырақтың сапасын жақсарту,жердің ескірмеуін қадағалау тұрғысында да шетелдік мамандардың үйретері көп.Бұл жағынан Германия сияқты жері шағындау елдерде топырақтың сапасын сақтау ісіежелден жолға қойылғаны аян. Демек, олардың заман жылдар бойы қалыптасқанхалықтық тәжірибесі мен заманауи технологиямен ұштасқан түрлі әдістеріненаларымыз аз емес.

Осындайәріптестіктің арқасында қазір Қазақстандық шаруалар егін егумен бірге топырақтыда тыңайтып отыруды меңгеріп келеді. Бүгінде егіс алқабының күтіміне, сұрыпқа,себу, жинау уақытына, химиялық, биологиялық өңдеуге мән беріледі.

Германиялықмамандардың аузынан тастамайтыны да сол, Қазақстанның зор әлеуетін тиімдіпайдалану. Алқаптардан мол өнім алу үшін ақылмен жұмыс істеу маңызды. Барлығыжоспарлы түрде іске асырылса, жаңа технологиялар негізінде жұмыс істелсе алдағыекі-үш жылда өнімділікті екі-үш есеге дейін арттыруға мүмкіндік бар. Бұлжағынан ауыспалы егіс әдісінің маңызы зор. Бұл бір жағы жердің тозуынболдырмаса, екіншіден жерді тыңайту үшін үзіліс жасамай, алқаптарды тиімдіпайдалануға мүмкіндік береді. Бір айта кетерлігі, бұған тек мемлекет қана емес,шаруалар мен агробизнес секторы мамандары да қызығушылық танытуға тиіс.Германиялық әріптестер алдағы уақытта осы жағын сала мамандарына дұрыстаптүсіндіру керек деп есептейді. Өйткені, уақыт өзгерді, ауылшаруашылығы саласыдамудың жаңа кезеңіне өтер қарсаңда тұр. Қазақстандық шаруалар соған ілесе алуыкерек. Ал, жаңалыққа ілесе алмаса, бұл саладағы көптеген жетістіктерден құрқалатыны, бәсекеге қабілеттіліктен айырылатыны анық.

Қазір жаһандықклиматта өзгерістер жүріп жатыр. Әрине, бұл глобальды проблема. Сонымен қатар,табиғи ресурс қалай айтсаңыз да шектеулі. Сол шектеулі ресурсты тиімдіпайдалану басты мәселе. Демек, жаңа тыңайтқыштар ойлап табу, оларды жердіңжағдайына қарай тиімді пайдаланудың маңызы арта түседі. Соңғы жылдары химиялықтыңайтқыштардан бас тарту тенденциясы көп байқалады. Өйткені, ол өнім көлемінарттырғанмен жер мен өнімнің сапасын төмендетеді. Бұл өнімдердің адамденсаулығына зияны да жоқ емес. Қазақстан бұл тенденциядан да қалыс қалмауытиіс. Бір кездері Канаданың өзі тап болған топырақтың құнарсыздануы проблемасыҚазақстанның да алдынан шығуда. Бірақ, шет елдік мамандар бұл мәселені минералдытыңайтқыштарды пайдалана отырып шешуді ұсынады. Және ауыспалы егіс те жітібақылауда болуы керек. Жергілікті фермерлер алдағы уақытта ауыспалы егістехнологиясына көшпесе болмайды.

Осы және өзге дежаңалықтарды бірлесе отырып іске асыруда зор қолдау көрсетіп келе жатқанГерманиялық инвесторлар алдағы уақытта да әріптестікті жалғастырады. Ендігіжоспарда гербицидтер өндіретін зауыт пен техника құрастыратын, жаңа агрегаттаршығару сияқты шаруалармен қоса сервистік қызмет көрсетуді жақсарту істерінбірлесе істеу міндеттері тұр.

Фото: kazakh-tv.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:05
Tengri Bank лицензиясынан айырылды
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:14
Ресейдің доллардан арылуға асығуы нені аңғартады?
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.09.2020, 10:51
Халық арзан баспанамен қашан қамтылады?
Сайт әкімшілігі 14.09.2020, 15:37
Қазақстандықтар айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеу керек
Әділ АҚЫЛБАЙ 11.09.2020, 09:29
е-learning 30 млрд теңгені жұтып қойды. Нәтиже қайда?
Қарлығаш Зарыққанқызы 10.09.2020, 11:07
Мемлекетке телмірген банктерді қандай тәуекелдер күтіп тұр?

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34