"Ауылда дамымай қалдық"

Айжан БҮРКІТБАЕВА

30.11.2020, 09:42

2500

«Жас Алаш»  бүгін ауыл әйелдерінің бүгінгі көрінісіне мен тұрмысына тоқталмақ.

Қазақстанда еңбекке жарамды әйелдердің саны – 4,5 млн-ды құраса, оның 1,7 млн-нын ­– ауыл әйелдері құрайды.  Өткен жылғы дерек бойынша, ауыудағы еңбекке жарамды әйелдердің өсімі 0 пайызды көрсеткен. Бұл 15-64 жас аралығындағы әйелдер қалаға қарай ойысып жатыр деген сөз. Ауылдық жерлерден еңбекке жарамды кадрлардың кетуі ауылдағы еңбек өнімділігінің төмендеуі мен өмір сүру деңгейінің нашарлауына әкеп соғады. Ал қаладағы инфоқұрылым мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қысым түсетіні сөзсіз. Осы тұрғыда ауылдан қалаға қадам басқан әйелдерден сыр тартып көрмекпіз.

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Шамалған ауылының тұрғыны Дәрия Сапарғалиева:

– Ауылдық жерлерде мұғалім, медбике, әкімдік қызметкерлерінің басқа кадрларға мүлдем жұмыс жоқ. Біз 3-4 сағаттық жолды артқа тастап, қалаға қатынап жұмыс істеймін. Жұмыс таңғы 9-да басталатынын ескерсек, мен 5-те үйден шығып кетуім керек. Кешке 7-де жұмыстан шықсам, түңгі 10-11-де үйге бір-ақ жетем. Ауылдағы тұрғындардың 80 пайызының жағдайы осындай. Ауылда жұмыс күші бар, бірақ жұмыспен қамтамасыз ететін мекемелер, заводтардан жұрдаймыз. Сондықтан, қара шаңырағымызды қимай-қимай тастап, қалаға қарай амалсыз жол тартамыз, –  дейд.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ажар ауылын тұрғыны Айгерім Серік:

– Оқу бітіріп, жас маман ретінде ауылға келгенбіз. Оның үстіне 4 жыл ата-атанамыздан жырақта болдық. Менің мамандығым «менеджмент және басқару» болатын. Біз диплом алған жылдары жастарды қолдау, кәсіп ашуға несие беріп, ынталандыру деген болған жоқ. Қазір бар. Бірақ ол да көзбояушылық сияқты. Себебі, мақсаты айқын барлық жастарға түгел беріліп жатқан жоқ. Және бізге ауыл әйелдерді қолдайтын бағдарлама керек. «Кәсіпкер әйел» деген сынды ма? «Негізі ондай бағдарламалар бар» деп білгішсінетіндер көп. Алайда, мемлекет барлық ауыл әйелдерін құлағдандырып жатқан жоқ. Біз жаңалықтардан бейхабар қалып қоямыз. Сондықтан, ауылда дамымай қалдық, –  дейді.

         Жоғарыда айтылғандарды ескерсек, ауыл экономикасына қатысты,  жұмыспен қамту және ауылдық жерлерді дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жасағанда ескерусіз қалып жатқан жатқан жағдайлар көп. Осы тұста мемлекеттік бағдарламалар кімге арналған және қандай нәтиже күтілмек деген сұрақ туады.

Тегтер: ауыл жоба жоспар бағыт бағдарлама маман кадр

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 27.07.2021, 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.07.2021, 08:43
Қазақ ауылының кежегесі неге кері тартып тұр?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 20.07.2021, 09:21
Сұлтанов ет сатады, қазақ сүйек-саяқ мүжиді
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.07.2021, 09:20
Үкімет есептен неге жаңылыса береді?!

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55