Ауылдағы ағайын бау-бақшаны байлығым деп бағалай ма?

26.09.2019, 12:28

31

Біз әңгіме еткелі отырған Қасымхан Мәкенов 2007жылы Өзбекстаннан Қазақстанға қоныс аударған азамат. Ташкент облысы, Шыназауданынан Жамбыл облысының Байзақ ауданына көшіп келген қандасымыз өмір бойыдәнекерлеуші болып жұмыс істегенімен, бау-бақша егіп, оның өнімін саудалаужағына да ебі бар екен.

Яғни, қанша дегенмен жерді еміп өскен өзбекағайындардың диқаншылық қасиетін Қасымхан ағаның жастайынан қағып алып,кішкентайынан кетпен-күрек ұстап өскені көрініп тұр. Ол кісі ту тіккен Үлгілі ауылыаумағы жағынан Байзақ ауданына қарағанымен, Таразға жақын орналасқан. Соданболар ауыл адамдарының көбісі облыс орталығына қатынап жұмыс істейді.Дегенменде бұл ауыл тұрғындарының тыныс-тіршілігі о бастан қорасындағы малына ғанабайланып қалғаны рас. Ал, үйіргелік жерлерін өңдеп, бау-бақшасын жайнатып,соның өнімін сатып, табыс тауып жатқандар сирек.

— Көршілерім негізінен малмен айналысатынболғаннан кейін бе, бау-бақшаға көп қызықпайды. Тек Маусым деген көршім ғанаменің кәсібіме қызығушылық танытып, ақыл-кеңес сұрап, екі жылыжай жасап еді.Бірақ, сырқаттанып қалып, бастаған ісі тоқтап қалды, -дейді Қасымхан ағаныңөзі.

Дәл қазір Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының табысынжақсарту үшін қосалқы шаруашылықтарды қолдауға бағытталған пилоттық жоба қолғаалынғаны белгілі. Енді бау-бақшасын жайнатып, оны табыс көзіне айналдырамындеген жандар болса, осы жоба көшет, тыңайтқыш, пайызы төмен несие беру, басқада жеңілдіктер жағынан көмектеседі. Адам деген қызық қой… Жамбылда осы жобағақатысқысы келетіндер көп-ақ. Бірақ, көбісі жақсы түсінбейді. Бұл жоба бойыншабір ғана Жамбыл ауданына 700 млн теңгедей жұмсау жоспарланса, кейбір тұрғындар«одан да сол ақшаны қолымызға санап бере салыңдар, өзіміз жұмсаймыз, өзімізқатырамыз» дейтін көрінеді. Осыдан-ақ, біреулердің бұл жобаға өте жеңілқарайтыны байқалады. Өзіңіз ойлаңызшы, үй іргесіндегі алақандай жерден біротбасы жылына миллион теңге табыс тауып отыр, ал, бір шаруалар 6 гектар жерінжалға беріп қойып, жылына бар-жоғы 150 мың теңге ғана алып отыр. Осы да әділдікпе? Негізі жер бос жатпай, нағыз жұмыс істейтіндерге берілуі керек қой. Яғни,жер табыс көзі болуы тиіс. Оның ішінде үй іргелік жер әрбір үйдің қазынасынағбайлығына айналуы керек. Тіпті, мал асыраймын, жеке кәсіп ашамын дегендерге деқол ұшын созады. Бірақ, ең алдымен жобаның мақсатын түсініп алып, әрекететейікші, ағайын. Жұрттың бақытын бау-бақшадан іздеп, ауылдағы ағайынныңтұрмысын көтеруді мақсат еткен жобаға жүрдім-бардым қарамау керек.

Мәкеновтіңбақшасы бос жатпайды

Үлгілі ауылындағы үйлердің жерлері кең. Көбісіәдеттегідей алма-өрік егіп тастаған. Ұят болмасын дегендей бір бұрышындағытоқымдай жерге көк-сөк еккен сияқты болады. Жазда пісіп, аузына түскенін жейді,піспегеніне еш өкпелемейді. Алма-өрік деген жерде пырдай болып жатады. Былайшаайтқанда бау-бақшаны байлығым деп санамайды. Қасымхан Мәкеновтің де жұртқатарлы үйінің іргесінде 30 сотық жері бар. Шарбағының аяқ жағында тағы да онсотықтай жер бос жатыр екен. Соны да қосып алсам деп жүр. Біз Қасымхан ағаныңауласына кіргенде құйрықтары теңкиген он-он бес қой жайылып жүр екен. Үлкенүйден ары қарай жылыжай басталған. Бақшадағы әрбір жерді тиімді пайдаланғысыкелгені көрініп тұр. Тіпті, жалғыз аяқ жолдың шетіндегі аттың тартпасындайсозылып жатқан  жіңішке жердің бетінкленкамен қаптап, астына көшет егіп тастапты. Бақша да өсіріп, мал да бағып,екі кәсіпті қатар алып жүрген Қасымхан Мәкенов үй іргесіндегі жерін түгеліменжылыжай етіп қымтапты. Дәл қазір капуста мен редиска жинап жатыр екен. 

— 2008 жылы осы үйді жерімен Сүлеймен дегенкісіден сатып алдым, — дейді Қасымхан Мәкенов. — Бұл жылыжайдың түп-төркінібіздің жақтан басталған. Мамандығым дәнекерлеуші болғандықтан жас кезімдеШыназдағы ағайындарға талай рет жылыжай жасап бердім. Ол жақтағылар диқаншылықтықырым татарларынан үйренген. Осылайша, 2009 жылы үйіргесіне азын-аулақ бау-бақшаектім. Нәтижесі жаман болған жоқ. Содан кейін осы жылыжайға әрекететтік. Оны өзқолыммен жасап, оған қызанақ пен қияр ектім. Өткен жылы Байзақ аудандық ауылшаруашылығыбөлімінің қолдауымен төменпайызбен 3 миллион теңгенесиеалып, тағы да жылыжайжасадым.Жерімізқұнарлы, ағын судан ешқандай мәселе жоқ. Оның үстіне мен тамшылатып суғарудыалғашқылардың бірі болып қолға алғанмын. Ал түскен өнімді Тараз қаласындағы базарғаапарып, көтермесінен өткіземіз. Енді, Алла қаласа, үйге газ кіргізсем дегенжоспарым бар. Оған ауыл әкімі көмектесеміз деп отыр. Егер газ кіргізсек, жылыжайданжылына 4 рет өнім алуға мүмкіндік туар еді.

Қасымхан ағаның бұл кәсібіне баласы Алаухан менкеліні көмектесіп жүр. Алаухан о баста әскери салада еңбек еткен екен. Бірақ,жалақысы аз болғандықтан жұмыстан шығып кетіпті. «Қазір осынау бақшамыздантүсетін табыс отбасымызды асырауға молынан жетеді. Алған несиемізді уақтылықиналмай төлеп тұрмыз. Тұрмысымызға қажетті бүкіл керек-жарағымызды осы үйіргеміздегі бау-бақшадан айырып отырмыз. Енді несиемізді төлеп құтылсақ,табысымыз тіптен арта түсер еді» дейді Алаухан ағынан жарылып.

Бұл отбасы қазір жылыжайдан жылына үш мәрте өнімалып отыр. Ерте көктемде капуста егіп, оны мамырда жинап алады. Орнына қайтаданқызанақ пен қияр егіп тастайды. Тамызда одан да өнім алып, жерге қайтаданредиска мен капуста егіп, соңғы өнімді қараша айында жинап алады. Міне,әкелі-балалы Мәкеновтер ешкімге алақан жаймастан, ешкімге кіріптар болмастанеңбекқорлық пен қанағаттың арқасында алақандай жерден бүкіл әулетті асырайтынтабысқа кенелуде.

Иә, Үлгілі ауылындағы осынау берекелі тірліктербасқаларға үлгі болса, қанеки. Әл-әзірге бұл ауылдан пилоттық жобаға қатысуға45 адам өтініш білдіріпті. Осының өзі де үлкен қуаныш.

Фото: kerek-info.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 14:05
2021 жылғы ең төменгі зейнетақы мен жалақының мөлшері анықталды
Сайт әкімшілігі 02.12.2020, 11:48
HALYK BANK ХАЛЫҚҚА ГАЗ ОРНАТТЫ
Қарлығаш Зарыққанқызы 02.12.2020, 10:04
Мұнай бағасы 20 долларға құлай ма?
Айжан БҮРКІТБАЕВА 30.11.2020, 09:42
"Ауылда дамымай қалдық"
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 13:30
30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
Қарлығаш Зарыққанқызы 27.11.2020, 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11