14.05.2020, 06:40
188
Әлемнің есін алған пандемия, шикізат бағасының құлауы, алпауыткомпаниялардың тоқырауы бірқатар елдердің экономикасын қазірдің өзінде шымғабатыра бастады. Енді әлем халқы елді ашқұрсақ етіп алмаудың амалдарынқарастырып жатыр. Бұған дейін бюджетке түсетін табысты экспортпен өлшеп келгенбіздің үкімет те экономиканыжандандырудың жаңаша тетіктерін іздеп қармана бастады. Мамин үкіметі алдағы уақытта «Қазақстанды әлемдіказық-түлік хабына айналдырамыз» деп отыр. Азық-түлікпен өзін-өзі әлі толыққандықамтамасыз ете алмай отырған Қазақстанның әлемдік азық-түлік нүктесіне айналуы қиял ма, әлде ақиқат па? Азық-түлікхабы – экономиканың бағы ма?
Талдап көрсек, елімізге енетін импорт азық-түліктердіңтасқыны күні бүгінге дейін толастамай тұр. Қазақстан отандық азықпен өзін-өзіқамтудың 80 пайыздық межесіне әлі жеткен жоқ. Азық-түлік нарығындағы материалдық базамыздың төмендігінен бізэкспортқа астық шығарудан ғана озықпыз. Елде өсімдік өсіру, агроөнім өндіру, малшаруашылығын дамыту сияқты салалар әлі қожырап тұр. Осы уақытқа дейін жеміс-жидектерді өзбек пенқытайлардан тасып, инфляцияның еселенуіне өзіміз жағдай туғыздық. Асылтұқымды мал алуды тіптен сөз ете алмаймыз.Ауылдағы ағайын өндірген сүт-айранын, етін сатуға шығара алмай әлек. Қазірге дейінөнімді шаруаның қолынан тікелей базарға шығаратын сату жүйесі қалыптасқан жоқ.Арадағы делдалдар бағаны өсіріп, табысқа белшесінен батып жүр. Ауылға қаржыбөлуде де делдалдықтан арыла алмай отырмыз. Міне, осы кемшіліктерді жойыпалмай, үкіметтің «Қазақстанды әлемдік азық-түлік хабына айналдырамыз» деуіеріксіз езу тартқызады.
Пайымдасақ, қандай бастамаболсын біз алдымен заңға өзгерту енгізуден бастайды екенбіз. Мысалы, біздіңелдегі «Азық-түлік қауіпсіздігі және мәселелері туралы» заңы 2007 жылдан бері санасақ, адам жаңылатындайбірнеше мәрте түзетуге түсіпті. Осыған байланысты қайсыбір мамандарымыз тек заңға өзгерту енгізу проблеманышешпейтінін алға тартты. Бұл ретте экономист-сарапшы Тоғжан Шаяхметова былайдейді: «Әрине, заңға өзгертулеренгізу – уақыт талабы. Бірақ тек қана заңға өзгерту енгізу, бағдарламақабылдаумен мәселе шешімін таппайды. Бұларада біз елімізде азық-түлік өнімін өндіретін өндірісшілердің саусақпен санарлықтайекенін ескеруіміз керек. Олар ішкі нарықтың өзін қамтамасыз ете алмай отыр. Дүкенсөрелерінің шетелдік дайын өнімдерге толып тұрғаны соның дәлелі. Біз шұжық,сүт-айран, сүзбе, сары майды шетелден әкелеміз. Елде жетіспейтін өнім түрлеріншетелдік тауарлар толтырады. Ақиқатына келгенде, азық-түліктің 40 пайызы ғанаөзімізде дайындалады. Әлемдік стандарт бойынша әр ел азық-түліктің 84 пайызынөзінде шығаруы тиіс. Өйтпеген күнде ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі әлсіз боладыда, ондай ел азық-түлік тапшылығына жиі ұшырайды».
Маманның байыптауынша, заңды жиіөзгеріске түсіргеннен гөрі отандық азық-түлік өндірушілерге жағдай жасағантиімді. «Үкімет содан кейін барып қана Қазақстанды әлемдік азық-түлік хабынаайналдырамыз десе сенуге болады. Материалдық базаны жасақтап алмай жатыпәлемдік азық-түлік нүктесіне айналамыз деу қисынға келмейді», – дейді маман. Бұларада сала мамандарында «осындай науқаншыл бастамалар экономикаға кері әсерінтигізіп жүрмесе етті» деген күдік те жоқ емес.
Ал есебін тауып азық-түлік өнімін өндіруде шыңға шығамыз десе, оғанбіздің елде мүмкіндіктер бар екені рас. Байыптағанадамға қазіргі дағдарыс ауыл шаруашылығымен шындап айналысатын елдер үшін жаңамүмкіндіктер ашқалы тұр. Қазақстан сияқты негізгі фундаменті аграрлық ел болыпқалыптасқан мемлекетке болашақта тек мұнай-газсаласына ғана иек арту – қолда бар мүмкіндікті бос жіберу деген сөз.
Негізінде,азық-түлік қоры, азық-түлік хабы жайлы сөз еткенде өркениетті елдердің басымбөлігі азық-түлік өнімдерінің 16 пайызын сырт мемлекеттерден тасымалдайтынболса, «біздің мемлекеттік қауіпсіздігімізге нұқсан келмей ме» деген ой төңірегіндебас қатырады екен. Ал біз әлі де болса өзгенің өнімін ас-ауқат етудеміз.Мәселен, 1990 жылдары жалпы ішкі өнімнің 34 пайызын агроөнімдер құрағанболса, соңғы жылдары бұл көрсеткіш 6-ақ пайыз. Халықтың қалай тамақтаныпотырғанын осыдан-ақ аңғаруға болады.
Қалайдесек те, қазір азық-түлікке қатысты шама-шарқымыздың анағұрлым қарқынды емесекені байқалып тұр. Сондықтан болашақта үкіметке қиялдың жетегінен шығып,ақиқатқа қарай ойысуға тура келеді. Бұлжерде үкіметшындыққа тура қарап, нақ қазір тапқан-таянғанын қажетіне жеткізе алмай,азық-түліктен үнемдеп жүрген халықтың жайын нақтырақ ойласа дейміз.
Ойсалар
Атамұрат ШӘМЕНОВ, экономика ғылымының докторы, профессор
Экономиканыңжауы әсірелеу болып тұр
Халықтыңдастарханы экспорттың үлесін арттыру арқылы толмайды. Әр елдің басты мақсаты – азық-түлікқауіпсіздігін сақтау. Осы күнге дейін Қазақстаннан экспортқа шығып жатқан өнім– бидай, аздаған ұн және ет. Терең өнделген өнімдердің экспортталып жатқанынестімейміз. Шикі өнімді экспорттап, мемлекеттік бағдарламалардың бағытынауыстыра бергеннен пайда жоқ. Осыны қаперден шығармау қажет. Қазір экономиканың жауы әсірелеу болып тұр. Біз болашақташетелге шикізат емес, өнім шығаруымыз керек. Тым болмаса жартылай дайын өнім,мысалы ұн, ең дұрысы – нан өнімдері, макарон, тағы басқа өнімер. Шикізатқабайланған мемлекеттің келешегі бұлыңғыр. Доллармен күресу дұрыс емес, қайтатеңгені нығайтумен айналысқан дұрыс. Теңгені нығайтатын – тек өндіріс, өнімшығару. Импортқа жүгіну, импорт тасқынын көбейту – экономиканың әлеуетінкөтеретін жол емес.
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА,
«Жас Алаш»
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР