Азық-түлік тағы қымбаттады

Сайт әкімшілігі

02.10.2020, 04:28

1293

2020 жылғы тоғыз айда баға азық-түлік тауарларына – 7,4%, азық-түлік емес тауарларына – 3,9%, ақылы қызметтерге 2,5% жоғарылады. Статистика комитетінің мәліметінше, бБір айда (2020 жылғы қыркүйек 2020 жылғы тамызға) бағаның өсуі жұмыртқаға – 4,4%, құмшекерге – 1,5%, макарон өнімдеріне – 1%, ұнға, сиыр етіне, шайға, мұздатылған балыққа – 0,9%-дан, жылқы етіне – 0,8%, шұжық өнімдеріне – 0,7%, қой етіне, сары майға, мәйекті ірімшікке, – 0,6%-дан, нанға, күрішке 0,4%-дан белгіленді.

Салқындатылған сусындар – 1%, минералды және ас су – 0,6%, темекі өнімдері – 0,5%, алкогольді сусындар 0,4% қымбаттады.

Бағаның төмендеуі жаңа жиналған көкөністерге – 5,5%, жемістерге – 2,1%, сөкке 0,7% тіркелді.

Баға өсімі кеңсе тауарларға – 1%, ұялы телефонға, планшетке – 0,8%-дан, ноутбуктерге – 0,7%, тоқыма бұйымдарына – 0,6%, дәрі-дәрмекке, жуғыш және тазалағыш құралдарға, тұрмыстық аспаптарға, киім және аяқ киімге – 0,5%-дан, автомобильдерге 0,4% құрады.

Тас көмір – 0,9%, ағаш 0,3% қымбаттады. Баға деңгейі білім беру қызметтеріне – 2,3%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметтеріне – 0,6%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 0,5%, денсаулық сақтау қызметтеріне 0,4% өсті. Әуе көлігімен жол жүру ақысы 1% қымбаттады, ал жолаушылардың темір жол көлігімен 0,3% арзандады. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр энергиясына – 1,7%, ыстық суға 0,3% өсті, ал кәрізге – 0,5%, суық суға 0,2% төмендеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 29.07.2021, 17:20
Сүт өнімдерін цифрлық таңбалау өзекті
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.07.2021, 08:48
Қорды сақтай алмаған Үкімет Қор болмақ
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.07.2021, 08:43
Қазақ ауылының кежегесі неге кері тартып тұр?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15