Азық-түліктің арзандар түрі көрінбейді

Еркежан АРЫН

21.12.2020, 09:17

2743

Биыл коронавирустық пандемия басталған кезде азық-түлік бағасы рекордтық деңгейі тіркелген болатын. Ресми мәліметтерге сәйкес, төтенше жағдай кезінде әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасы 4,1%-ке өсті.

Сауда және интеграция министрлігі қабылданған шаралардың арқасында бағаның өсуі тоқтатылғанын хабарлады. Алайда, осы жылдың төртінші тоқсанында баға тағы көтерілді: қазан айында азық-түлік тауарларының бағасы 2,8 пайызға, ал қараша айында 2,3 пайызға өсті.

Доллардың сәл төмендеуіне қарамастан, халық арасында үлкен сұранысқа ие тауарлардың бағасы қайтадан көтеріліп кетті. Үкімет қабылдаған шаралар нәтижесіз болып жатыр ма әлде атқарушы билік өкілдері, яғни әкімдер өз міндеттерін тиісті деңгейде орындай алмай жатыр ма?

Жалпы, биыл әлеуметтік маңызды тауарлардың шамамен жартысы 10-30 пайызға қымбаттады. Мысалы, күнбағыс майы (53,8%) және картоп (46,1%) да қымбаттады. Ал тауықтардың құс тұмауынан қырылып жатқанына байланысты жұмыртқа бағасы да қымбаттады. Қант пен қарақұмық сияқты импорттық тауарлардың бағасы тіпті 33,6-34,6 процентке өсті. Бұған әлемдік бағаның көтерілуі ғана емес, ұлттық валютамыздың құнсыздануы да әсер етті. Бүгінде бұл тауарлар негізінен Ресейден әкелінеді.

Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов:

— Осы бес тауарға бағаның өсуі жалпы азық-түлік инфляциясында маңызды рөл атқарды. Оларсыз жалпы бағаның өсуі қазіргі 9,6 проценттіңорнына шамамен 2 пайызды құраған болар еді, — деді.

Айта кетерлігі, 2020 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 9,6 процентке өссе, былтыр 10,2 процент қымбаттаған. Демек, пандемияға дейін де баға 0,6 процентке қымбаттаған.

Бүгінде заңға сәйкес тұрғындар үшін жоғары сұранысқа ие тауарлардың бағасына әкімдіктер де жауап береді. Жергілікті билік бағалардың шекті мөлшерін белгілей алады. Кәсіпкерлердің жоғары баға қоюына шек қоя алады. Алайда, биыл бұл механизмді Қызылорда облысы мен Алматы қаласының әкімдіктерінен басқа ешкім қолдана қойған жоқ. Осы аймақтарды азық-түлік бағасының қымбаттауының ең төменгі көрсеткіші белгіленген (Алматы – 3,8%, Қызылорда – 4,5%).

Ал өткен жылы бағаны тұрақтандыру бойынша тиісті шараларды қолданбағаны үшін жеті облыс әкімдерінің орынбасарларына сөгіс жарияланған болатын. Ол да жұмыс істемеген сияқты. Үкімет те бұл туралы ашық айтты.

Павлодар мен Түркістан облыстарында шекті бағадан асып кетуіне қарамастан, әкімдіктер шекті бағаны енгізген жоқ. Жалпы, бағаның жыл басынан бері ең көп өсуі мына өңірлерде тіркелген:

  • Нұр-Сұлтан (15,6%)
  • Павлодар (15,4%)
  • Атырау облысы (12,9%)

Ерлан Ешназаров, ҚР СИМ Ішкі сауда директорының орынбасары:

— Мамырдан қыркүйекке дейін бағалар төмендеді. Алайда, қазан айында яғни 29 қыркүйектен 6 қазанға дейінгі аралықта баға 0,5%-ке және 6-13 қазан аралығында тағы 0,6%-ке қымбаттады. Қазан айында жұмыртқа әлеуметтік маңызды өнімдер арасында өсім бойынша көшбасшы болды (6,9%). Бұл жем-шөптің қымбаттауымен және құс тұмауының өршуіне байланысты 1,5 миллион тауықтың қырылуымен байланысты. Бүгінде бидай бағасының өсу тенденциясы байқалады, бұл ұн, нан және ет өнімдері бағасының өсуіне әкелуі мүмкін», — дейді.

Тегтер: азық-түлік қымбатшылық баға саясаты нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 20.10.2021, 10:19
Жаңа кен орындары игерілмек
Еңлік АБАҒАН 20.10.2021, 09:12
Ауғанстанға астық беру – пиар
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 19.10.2021, 14:24
Батыс Қазақстан башқұрттармен бизнес жасамақ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.10.2021, 08:23
«Досаевқа – «2», үкіметке – «-1»
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 15:39
Ауыл шаруашылығы министрі ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді
Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31