Азық-түліктің қымбаттауына қатысты үкіметтің есебі дұрыс па?!

Сайт әкімшілігі

14.05.2021, 13:40

2730

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қымбаттауына байланысты кеңес өткізді. 

Жыл басынан бері 4 мамырға дейін әлеуметтік маңызы бар өнімдер 4,8 пайызға қымбаттаған. Тек сәуірде тауарлардың құны бірден 1,7 пайызға өсті.

Атырау облысында — 6,8 пайыз, Нұр-Сұлтанда — 6,3 пайыз, Шымкентте — 5,6 пайыз өсім байқалады. Бағаның төмендеуі Алматы, Қарағанды және Қызылорда облыстарында байқалады, бірақ бұл өңірлерде әлеуметтік маңызы бар өнімдер кемінде 4 пайызға қымбаттаған. 

Күнбағыс майы, қант, тауық жұмыртқасы мен көкөністер қымбаттаған.

Смайылов картоп бағасының өсуіне назар аударды.

«Жалпы ауыл шаруашылығы министрлігіне жекелеген азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін салалық шаралар қабылдау қажеттігі байқалады», — деді Смайылов.

Үкімет өкілдері бүгінде Мәжілісте «Биржалық сауда туралы» заң жобасы қаралып жатқанын айтты, сауда министрлігі азық-түлікке шекті бағаларды белгілеу мерзімін қысқарту үшін оған түзетулер енгізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Үкімет форвардтық сатып алулар мен «айналым схемасын» қаржыландыруды кеңейтуді жоспарлап отыр.

Осыған байланысты Смайылов әкімдіктерге мамырдың соңына дейін форвардтық сатып алуды 10 миллиард теңгеге дейін және «айналым схемасын» қаржыландыруды 50 миллиард теңгеге дейін кеңейтуді тапсырды.

Тегтер: азық-түлік қымбатшылық инфлияция

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 08:40
Ерғалиевтің «ерен» реформасына ел не дейді?
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 07.06.2021, 10:03
Халықты асырайтын ауыл болады, үкімет мұны қашан сезінеді?!
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.06.2021, 10:38
Жасыл энергияға көшу – әлем көшіне ілесудің кепілі
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 04.06.2021, 08:48
«Қазақтелеком» қан қақсатып тұр
Сайт әкімшілігі 03.06.2021, 12:55
Ashyq жобасы - Kaspi.kz қосымшасында
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 03.06.2021, 12:06
Шенділердің қырсыздығы шаруаларға қашанғы қолбайлау болады?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02