Байқоңырлық кәсіпкерлер бизнестерін жабуға мәжбүр

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

13.11.2020, 09:07

2370

Байқоңырдағы кәсіпкерлердің мұңдары бір бастарына жетерлік. Олай дейтіндей жөні бар. Бір ғана мысал, кәсіпкерлердің зейнетке деп, тірнектеп жиған қаражаттары әп-сәтте ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Кәсіп иелерінің осы және өзге де мәселелері туралы ашып айтайық.

Кәсіпкер Қуандық Жәнібеков ащы шындықты айтуға бел буған жалғыз бизнес өкілі, қалған адамдар жалға алған мекемелерден айырыламыз деген үреймен тіс жармай отыр.

Қуандық Жәнібеков 30 жылын бизнеске арнаған маман. Осы уақытқа дейін сауданың бірнеше бағытында жұмыс істеп, жалға алған мүліктің бір бөлігін ресейлік инстанцияларға беріп, бітпейтін лицензиялардан шаршағанын айтады. Енді Байқоңыр нарығынан кетпек ойы бар. Өйткені жергілікті кәсіпкерлердің кірісі немесе айналымдағы қаражаты салыққа, қалғаны коммуналдық қызметтің өтемінен артылмайтын көрінеді.

– Ең бірінші – электр энергиясы. Қазақстанда 21 теңге болса, мұңда жеке кәсіпкерлер 45 теңгеден төлеп отыр. Табыстың көбі осыған кетіп қалады. Салықтың да түрі көп. Қазақстанда жеңілдетілген кейбір тауарларға бұлар жанама салық салып отыр, – дейді Қ.Жәнібеков.

Байқоңырдағы қазақтардың не жекешелендірілген тұрғын үйі, не болмаса жылжымайтын мүлкі жоқ. Халық банкінің жалғыз филиалы кепілдікке салатын мүлік болмаған соң, кәсіпкерлерге несие бермейді. Байқоңыр қаласының статусы туралы келісім бойынша мұңдағы әрбір кәсіпкер Ресей Федерациясының салық органына тіркелуге міндеттеледі. Осындай жағдайлармен ресейлік зейнетақы қорына 15 жыл бойы жинаған аударымымның аты да жоқ, – деп ашынады Қуандық.

– Он бес жылдан бері Ресейге салық төлеп келемін. Ал менің зейнетақы қорына салған қыруар қаржым жоқ қазір. Осы кәсіпкерлердің барлығының «пенсионный фонды» Ресейге кетіп жатыр. Барып сұрасаң, «сенің есепшотыңда ақша жоқ» дейді, – деді байқоңырлық кәсіпкер.

Ресейлік Константин Черкасов та әріптесі Қуандық Жәнібековтің сөзін құптайды. Бірінші қажеттіліктердегі тауарларды сатумен айналысатын ол – Ресей азаматы. Байқоңырлықтардың тұтынушылық қабілеті күрт төмендеп кеткенін айтады.

– Ғарыш саласы тоқтатылды. Жалақы төмендеп кетті. Қазір салық  та орасан зор. Қазақстанда шағын бизнес салықтан босатылса, Ресейде, керісінше, жаңа жылдан бастап 10 есеге арттырылмақ. Коммуналдық тарифтің өзі асқақтап тұр. Өмір сүру үшін арпалысып жүрміз, – дейді К.Черкасов.

Байқоңырдан атшаптырым жерде орналасқан Төретам мен Ақайға бизнес өкілдерінің құқығын қорғауға өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері келді.

– Қазақстан заңнамасы бойынша кәсіпкерлердің қызметтері Қазақстан Республикасында шектелмесе де, оларға 42 500 теңге әлеуметтік төлем берілмеді. Карантин енгізілген жағдайда бас санитарлық дәрігер Байқоңыр қаласының ерекше статусын және кәсіпкерлерде туындайтын қиындықтарды ескеруді сұраймыз, – дейді кәсіпкерлер палатасының өкілі Алмат Өтегенов. 

Байқоңыр тұрғындарының тағы бір мәселесі – жұмыссыздық. Жастардың көбі қаладан кетуде, тек мұғалімдік және дәрігерлік мамандығы бар жастар ғана қазақстандық мектеп пен аурухана есебінен жұмыспен қамтылуда. Ал инженер, IT, заңгерлер мен экономистер еліміздің өзге аймақтарынан жұмыс іздейді.

Айта кету керек, 2050 жылға дейін Ресей Федерациясы жалға алған Байқоңыр аймағында тұратын 77 мың тұрғынның 50 мыңға жуығы қазақстандықтар.

Тегтер: кәсіп нәсіп бизнес келісім

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:18
Қазақстан Үкіметі мен "Сбер" меморандумы: мән-жайы анықталды
Еңлік АБАҒАН 16.09.2021, 12:30
Көгілдір отын неге қымбаттап кетті?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 16.09.2021, 07:53
Инфляция шарықтаса, Досаев қалтырайды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 14.09.2021, 16:30
Сыбайластықтың сара жолы
Еркежан АРЫН 14.09.2021, 13:30
Су арналары: цифрландыру, реконструкция, жаңа суқоймалар
Еркежан АРЫН 14.09.2021, 10:30
Жер қатынастары туралы заңда не өзгерді?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39