«Бәйтерек» басымызға шықты

Әділ АҚЫЛБАЙ

30.08.2021, 08:33

4187

     «Бәйтерек» холдингі директорлар кеңесінің жүріс-тұрысына жылына 1 миллиард теңгеге жуық ақша шашылады екен. Өздері ұсынған ресми деректің өзі солай депті. Сұмдық қой бұл!

      Халықтың ақшасы. Елдің несібесі. Қазақстан халқының мойнына мініп алған «Бәйтеректің» директорлар кеңесіне кімдер кіреді десеңіз, олар ұзын-ырғасы 10 адам екен – премьер-министр Асқар Мамин, премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр, президент әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, бұрынғы экономика министрі Руслан Дәленов, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, «Бәйтерек» холдингінің төрағасы Айдар Арифханов, тәуелсіз директорлар – Германия азаматы Клаус Мангольд, Сингапур азаматы Филип Йео, Германия азаматы Томас Миров деген дөкейлер.

       Бұлардың бәрі неше түрлі елдер мен алыстағы құрлықтарға қыдырғыш. 2019 жылы қыдыруға 946 миллион теңге жұмсап тастапты. Жарнама мен маркетингтік қызметтерге деп 1,2 миллиард теңгені жұмсап жіберген.

Халықтың сорына пайда болған жұттың өзі екен. Айтпақшы, холдингтің біреулердің алдында қарызы да бар. Былтыр онысы 714 миллион теңгені құраған. Жәрдемақыны, зейнетақыны көтерейік дегенде, «ақша жоқ» дейтін үкімет осындайлардың жайлы өмірінен ақшаны еш аямайды.

       Осы «Бәйтерек» холдингінің әкімшілік шығындары жылына 54 миллиард теңгені құрағанын, оның 24 миллиарды жалақы ретінде төленгенін президенттің өзі айтып еді. Президент бұл «Бәйтеректі» дивиденттің 100 пайызын бюджетке аударуға шақырған болатын. Бұлар бірақ оны естімей қалды әдейі, ондайда өтірік ақымақ, керең боп қалады ғой. Есесіне таза табыстың 85,8 пайызын компанияның өзінде қалдырайық деген шешім шығарыпты. Директорларға премия деп, оны да жұтып алайын деп жүр-ау...

Тегтер: холдинг бюджет түсім аударым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 13:18
Қазақстан Үкіметі мен "Сбер" меморандумы: мән-жайы анықталды
Еңлік АБАҒАН 16.09.2021, 12:30
Көгілдір отын неге қымбаттап кетті?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 16.09.2021, 07:53
Инфляция шарықтаса, Досаев қалтырайды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 14.09.2021, 16:30
Сыбайластықтың сара жолы
Еркежан АРЫН 14.09.2021, 13:30
Су арналары: цифрландыру, реконструкция, жаңа суқоймалар
Еркежан АРЫН 14.09.2021, 10:30
Жер қатынастары туралы заңда не өзгерді?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39