Банктер биліктің «бұйымтайына» пысқырмайды

30.07.2020, 13:26

11

       

        Редакциямызға төтенше жағдай басталғалыбері үкімет берген 42 500 теңгесін ала алмай жүрген Алматы қаласыныңтұрғыны хабарласты. Шағымданған оқырманымыздың 85 мың теңгесі (ТЖкезіндегі жиналған екі айдың ақшасы) екінші деңгейлі банктің шотында жатыр. Карантиндікрежимде табысынан айырылған Айгерім Мархабатқызы өзіне тиесілі қаражатқа қолжеткізе алмай жүр.  Банкте төленбейқалған несиесі бар болғандықтан, оның есепшоты бұғатталып қалған. Банк қызметкерлері «несиеңізді төлеңіз, жәрдемақыны сосынбарып аласыз» деп түсіндірген.      «Жәрдемақыдан ешқандай несие, салық ұсталынбаукеректігі туралы президент тапсырмасы бар екенін білеміз. Бұғатталған есепшоттыуақытша ашуға болатынын да білеміз. Банкке барып, осыны қанша түсіндірсек те, мізбақпайды. Міне, содан бері тиесілі қаражатты ала алмай, қағылып отырмыз», –дейді Айгерім Мархабатқызы.

      Пайымдасақ, бір бұл емес, осы іспеттішағымды бірнеше адамнан естідік. Осыған байланысты бірқатар банктергехабарласып көрдік. Расымен де, банк өкілдері алға тартып отырғандай, егернесиесі төленбей, есепшоты бұғатталған болса, адамдарға жәрдемақы алу қиындай түседі. «Мұндайда алдымен несиенітөлейді, содан кейін есепшоты ашылады», – деп растады Айгерімнің сөзін банкменеджерлері.  

      Осыарада біз банктердің халықтың үкіметтен берілген болмашы қаржыны талғажау етіп, өлместің күнін көріп отырғанынсезінбейтінін, көпшіліктің ахуалына мүлде бас қатырмайтынына тағы бір рет куәболдық.  Негізінде, еліміз төтенше жағдайға ең алғаш енгентұста мемлекет басшысы  банктерге «дағдарысқаұшыраған халықтың барлық несиелері бойынша үш айға негізгі қарызды төлеудітоқтата тұру қажет» деген тапсырма берді.  Нақ осы тұста  қазіргі уақытқа дейін халықты сүлікше сорғанбанктерге елдің несиесін үш айға кешіре салу оңайға соқпады. Биліктің бұлтапсырмасына пысқырмаған қайсыбір банктер тұтынушының несиесін кешіргенімен,үстіне үстеме қосып, пайызын көтеріп, елдің есін алды. Бұған қатысты  билік тарапынан мөрі басылып, нақтыміндеттелген қаулы емес, тапсырма ғана берілгеннен кейін бе,  қайсыбірбанктер  төтенше жағдайда халықтың емес,өзінің күйін күйттеп кетті.  

       Заңгер Әнуар Мырзабековтің пайымдауынша,енді банктер үкімет тарапынан берілетін 42 500 теңгені де елдің қолынауақтылы тигізбей отыр.

   – Себебі «есепшотқа түскен 42 500 теңгебұғатталмай халыққа берілсін, барлық есепшоттар ашық болсын» деген арнайы қаулышығарылған жоқ. Билік кредитті кешіруге қатысты тек тапсырма берді. Қазақшаайтқанда, билік банктерге бұйымтай айтты. Ал ол бұйымтайды әр банк өзінің ішкітәртібіне ыңғайластырып, жүзеге асыра бастады. Бұл қарапайым халыққа пайдалы ештеңебере қойған жоқ, – дейді заңгер Әнуар Мырзабеков.

        Ал банк секторының маманы, қаржыгер ТоғжанШаяхметованың айтуынша, халық  қазіргідейқиналып отырғанда банктер «несиені кешірдік» деп бір алдады, одан кейін ол несиеніңүстемеақысының үстіне тағы өсімақы қосып жіберді. Енді келіп елге берілетін 42 500теңгені көпсініп отыр ма?! «Қазір, расымен де, екінші деңгейлі банктердің көпшілігіелдің жәрдемақысы түсетін есепшоттарын бұғаттап қойды. Олар тұтынушыға «несиенітөлеңіздер, сонда есепшотты бұғаттаудан шығаруға болады» деген уәж айтады. Алтіршілігі сол 42 500 теңгеге қарап қалған адам несиені төлей ме, әлдеазық-түлік сатып ала ма?! Осы жағы неге дұрыс ойластырылмаған?» –дейді ТоғжанШаяхметова.    

      Маманның пайымынша, банктердің несиенікешіру акциясынан, шындап келгенде, қарапайым халық ешқандай пайда көрген жоқ. Бұларада банктер үш айдың кредитін толық кешіріп, мүлде жоқ қылып жібермеді. Банктернесиеге өздері қосатын үстемеақыны да алып тастап, «негізгі соманы ғана төле»демеді де. Сондықтан мұны банктердің халыққа жасаған шарапаты деуге тағыкелмейді.

    – Әрине, халық төртінші айда барлық несиеніқосып, бірден төлей алмайды. Дегенмен үш ай үзілістен басқа, ешқандайжеңілдік көріп отырған жоқпыз. Мысалы, сіз несиені 12 айға алсаңыз,  төтеншежағдайда төлемеген үш айыңыз есептеліп, несие төлеу мерзіміңіз 15 айғаұзартылады. Ал мұны жеңілдік, халыққа жасаған банктердіңжақсылығы деп айтуға тіптен келмейді, – дейді экономист Тоғжан Шаяхметова.

Түйін  

     Жалпы,елімізде экономикаға 20 трлн теңге бөлінетін болса, оның 16 трлн теңгесінхалықты несиемен қамтуға, кәсіпкерлерге арзан несие тартуға, ипотекалық несиесаласына дем беруге және тағы басқа толып жатқан салаларға арзан несие берумақсатымен банктерге береді екенбіз. Ал банктер бұл арада қарапайымтұтынушылардың қалтасын қағып, осы уақытқа дейін үкіметтен алған қаржысынхалыққа қымбат несие ретінде үлестіріп қана келді.  Мәселен, 2004-05 жылдары шетелдің қаржыинституттары еліміздегі банктерге 2 пайызбен қарыз бере бастады. Біздегібанктер сол 2 пайызбен алған қарызды халыққа 22-24-28 пайызбен несиеге берді.Осындай жауапсыз саясат жүргізу арқылы банктер 10-12 есе пайда көреміз депойлады. Осылайша банктер саналы түрде халықты тонап келді. Ал мұндай банктердіүкімет қай кезде де қолдауын тоқтатқан емес. Банктер құрдымға кетіп бара жатса,үкімет бірден демеу-қаржы беріп, қанатының астына алады. Бірақ банктер осыуақытқа дейін халыққа тиімді операциялар жасаған жоқ. Басқа –  басқа, тап осындай қиын жағдайда халықтықолдаудың орнына сүлікше сорып отырған банктерге қатысты билік алдағы уақыттақатаң шешім қабылдай қояр ма екен?! Әлде біздегі банктер байдың еркетотайбаласы сияқты дегенін істеп, елдің дегбірін қашыруын жалғастыра бермек пе?!

ҚарлығашЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:05
Tengri Bank лицензиясынан айырылды
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:14
Ресейдің доллардан арылуға асығуы нені аңғартады?
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.09.2020, 10:51
Халық арзан баспанамен қашан қамтылады?
Сайт әкімшілігі 14.09.2020, 15:37
Қазақстандықтар айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеу керек
Әділ АҚЫЛБАЙ 11.09.2020, 09:29
е-learning 30 млрд теңгені жұтып қойды. Нәтиже қайда?
Қарлығаш Зарыққанқызы 10.09.2020, 11:07
Мемлекетке телмірген банктерді қандай тәуекелдер күтіп тұр?

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34