Банктеріміз дағдарысқа шыдас бере ала ма?

01.04.2020, 07:08

373



Кеше РесейдіңМакроэкономикалық сараптау және қысқамерзімді болжамдар ұсыну орталығыныңмамандары биылғы 2020  жылы Ресейде150-ге жуық банктің банкортқа ұшырауы әбден мүмкін екенін мәлімдеді. Аталмышорталықтың сарапшысы Михаил Мамоновтың айтуынша, егер мемлекеттік нақты қолдауболмаса Ресейде 2020 жылдың соңына қарай 150 банк банкротқа түсудің алдына тұр. Бұған себеп банктердің жағымсызнесие портфельінің шамадан тыс көптігі, сыртқы қарыздарының қайтарылмауы,мемлекеттік компаниялардың банктер алдындағы ірі борышын өтей алмауы. Мұныңбарлығы қазірде Ресей банктерінің жағдайын ауырлатып, дағдартып тұр. 
Сарапшылардың пайымдауынша, Ресей банктерін құрдымға кетірмей ұстап тұру үшінкем дегенде 1 трлн рубль керек. Ал Ресейдің Орталық банкі мен үкіметіне мұндайқаржыны демеу ретінде ұсыну оңай болып отырған жоқ. Бұған қатысты МихаилМамонов «Банктерді банкроттықтан сақтау үшін көмек көлемі 1 трлн рубльді құрауыкерек. Экономикалық ахуалды болжай отырып біз қазір Орталық банк негізгімөлшерлемені 37 пайызға дейін өсіруі мүмкін екенін болжап отырмыз. Егер негізгімөлшерлеме тағы өсетін болса онда банктер одан әрі қарыздарын қайтара алмайқинала түседі. Қазір Ресей банктерінің Орталық банк алдындағы қайтарылмағанқарызы тіптен еселе түсті. Болашақта Ресейдегі 150-ге тарта банкті қолдау үшінқомақты қаржы қажет болады. Тоқырауға түскелі тұрған банктердің әрқайсысына еңкемі 1,2 млн рубльден асып жығылатын капитал қажет. Ал банктерді қолдауғамұндай қаржы бөлу қазір Орталық банк үшін де үкімет үшінде оңай болып отырғанжоқ» дейді. 
Сөйтіп, ресейлік экономист-сарапшылардың пайымдауынша, Ресей банктерініңОрталық банк алдындағы қарыздарын қайтара алмауы, елде жалпы экономикалық өсімніңжоқтығы банктерді абдыратып тұр. Мұны біздің отандық мамандар да жоққашығармайды.
«Ресей банктерінің Орталық банкалдындағы қарыздары өз алдына, сыртқы қарыздары да шаш етектен. Ресейдегі ірі-ірі компаниялар кезінде Италия, Нидерландия, Германияелдерінен көлемді қарыздарды алды. Енді келіп сол қарыздарын қалай қайтарудыбілмей жанұшыруда. Жалпы, Ресейдің бұлайша қарызға батуы Батыс экономикасына даоңай тиіп отырған жоқ. Егер Ресейдің ірі көлемді компаниялары мен банктеріБатысқа қарызын қайтара алмаса мұның соңы Батысқа да ауыр соғады.Сондықтан бұларада 150-ге жуық Ресей банктері шынымен де құрдымға кетудің алдында тұр. Елденкапитал қашып жатыр. Инвесторлардың сенімі кетті. Ресей экономикасы тоқыраптұр. Экономика айналымындағы қаржы да ойламаған деңгейде азайды. Демек бұларада Ресейге енді бір алты айда тіптен қиын бола түседі. Өйткені Ресейбанктері сыртқы қарыздарын қайтаруда қазірдің өзінде қатты қиналып отыр»,-дейді экономист-сарапшыТоғжан Шаяхметова.

Ал енді осы жайттардыесепке ала отырып, мамандар отандық банктердің тәуекелділігін айқындау үшінстресс-тестіден өткізудің артықтығы болмайтынын алға тартты.
«Бұл банктердің тәуекелдікәлеуетіне берілетін баға. Егер экономика, халықаралық және тауар нарығықұлдыраған жағдайда, біздің банктеріміз өз міндеттерін атқара ала ма?! Міне,осындай стресс-тест жасау керек. Әр банкке қатысты нақты бағдарламалар қайтатүзіліп, мүмкін оның капиталын арттыру керек шығар немесе банкке тәуекелі төменжүйе қажет шығар, осының бәрі саралануы қажет» деді Тоғжан Шаяхметова..
Маманның пайымдауынша, 2010 жылдан бастап АҚШ-та қаржы нарығын реттеудің заңықабылдана салысымен, банк секторында ұдайы стресс-тестілер өткізіліп тұрады. Алайдаосындай сынақтан былтыр америкалық ірі төрт банк өтпей қалған.

«АҚШ-тың ірі төрт банкі стресс-тесттан өтпей қалғаныбелгілі. Ресейдің банктері де, Ұлыбританияның банктері де нәтижесін көріпмұндай тест нәтижелерін жариялаудан бас тартқан. Қаржы нарығы дамып, банксекторы тәуелсіз деген батыстың өзі мұндай сынаққа шыдас бермей жатқанда, бізгебейқам отыруға болмайды. Сондықтан бұл арада жалпы қаржы жүйесі мен банктерсүйенетін модельдің ел экономикасына қаншалықты тиімді-тиімсіздігін сараптап,осыдан нәтиже шығарсақ, бізге жақсы болар еді»,- дейді Тоғжан Шаяхметова..

 Отандық банк жүйесі осал, әрдайым мемлекеттікқолдауды қажет ететінін алға тарқан маман, болашақта бұл саланы билік өз еркінежіберсе, шетелдіктер сатып алып, аталған нарықты жаулап алуы да мүмкін. «Билікосыдан да күдіктеніп, оларды өз еркіне жібере алмай отыр. Сондықтан, әзіргебанк секторы мемлекеттің қамқорлығында болып отырғанда үнемі стресс-тест жасап,олардың тәуекелін, капиталдық деңгейін анықтап алып отырған жөн»дейді мамандар.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркенұр ҚОНЫСБАЙ 06.06.2023, 09:00
Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 09:14
ОПЕК+ мұнай өндіруді азайту келісімін 2024 жылдың соңына дейін ұзартты
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 09:00
1 шілдеден бастап газ қымбаттайды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 01.06.2023, 10:11
Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
Сайт әкімшілігі 29.05.2023, 10:01
Зейнетақы қоры қазақстандықтарға үндеу жолдады
Сайт әкімшілігі 25.05.2023, 06:23
Электромобильді кедендік бажсыз ресімдеу тәртібі туралы

Аңдатпа


  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15
  • Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
    01.06.2023, 10:11