Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...

Сайт әкімшілігі

05.08.2022, 09:17

3328

Соңғы күндері тұрғын үй нарығына қатысты түрлі пікір көбейді. «Үй бағасы арзандай ма», «жаңа ипотекалық бағдарламалар бола ма» деген тақырыптар қызу талқылануда,-деп хабарлайды Жас Алаш Хабар 24-ке сілтеме жасап. 

Бұл қаншалықты рас? Сарапшылар не дейді? Екі жыл бұрынғы бағамен салыстырғанда қазір үйлер екі есе қымбаттаған. Баға өсімі 17 өңірде де байқалыпты. Үй қашан арзандайды?

Krisha.kz мәліметі бойынша ең қатты өсім Семейде тіркелген. Абай облысының орталығындағы пәтерлер 16 процентке қымбаттап, шаршы метрі 349 мың теңгеге жеткен. Екінші орында 12 пайыз өсіммен Ақтөбе қаласы. Ондағы шаршы метр бағасы 270 600 теңге. Үшінші орында Павлодар. Мұнда өсім шамамен 10 пайыз. Шаршы метр бағасы 360 мың теңгеге жеткен. Курсив порталының хабарлауынша, құрылыс компаниялары да, риэлторлар да қазір пәтерлердің былтырғыдай қарқынды сатылып жатпағанын айтады. Тұтынушылар тарапынан сұраныс бәсеңдеген.

Қаржы сарапшысы Андрей Чеботаревтің айтуынша, зейнетақы жинағын пайдалану аяқталды. Түрлі жеңілдетілген бағдарлама да соңына таяп келеді. Бірақ соған қарамастан үй бағасы арзандай қоймайды. Тұрғын үй нарығы ақша жымқыру жолына айналды Баспана құны төмендеу үшін көлік пен пәтерлерді қолма-қол ақшаға сатып алуға тыйым салу керек дейді сарапшы. Бұл ойды президент бірнеше жыл бұрын айтқан. Өйткені жылжымайтын мүлік ақша жымқырудың ең тиімді жолы. Егер қолма-қол ақшаны банкке апарса, онда қаржының қайдан алынғанын сұрай бастайды.

Ал құрылыс компанияларына ол маңызды емес. Заң бойынша да құрылыс компаниялары баспанаға ақшаның қайдан алынғанын сұрауға міндетті емес. Осылайша түсініксіз жолмен жиналған үлкен сомалар заңдастырылады. Сарапшының сөзінше, дамыған елдерде сіз қолма-қол ақшамен машина да, пәтер де сатып ала алмайсыз. Егер Президенттің ұсынысы қабылданса, жылжымайтын мүлік нарығынан, қарапайым емес сұраныстың 15-тен 35%-не дейін алып тастауға болады. 

Тек баспана ғана емес соңғы айларда елдегі инфляцияны азық-түлік тауарлары көбірек үдетті. Бірақ олармен қатар қызмет түрлері де қымбаттады. Мәселен, шілде айында көлік қызметтеріне бағаның күрт өскені байқалды.

Теміржол көлігі қызметтері бірден 15,9% — ке қымбаттады. Әуе көлігінің құны бір айда шамамен 15%-ке өсті. Бірақ жаздың басында әуе билеттерінің қымбаттауы маусымдық құбылыс екенін қосу керек. Күнделікті тіршілікке қажет тауарлардың бағасы да шарықтап кеткен. Жыл бысанан бері ақ сабын 35%, кір сабын 54%, дәретхана қағазы 30%-ке қымбаттаған. Тұрмыстық техниканың да бағасы өскен.  

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.05.2023, 06:23
Электромобильді кедендік бажсыз ресімдеу тәртібі туралы
Сайт әкімшілігі 23.05.2023, 15:51
Үлкен Алматы айналма жолы пайдалануға берілетін мерзім аталды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 23.05.2023, 09:31
Шабан жалақы, жүйрік инфляция, тепеңдеген халық
Сайт әкімшілігі 22.05.2023, 12:02
Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидалары тізімін жариялады
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.05.2023, 15:45
Банкрот болдым дегенше...
Күлтегін БЕК 18.05.2023, 10:09
АҚШ-та дефолт болса, ҰЛТТЫҚ ҚОР бізді құтқара алмайды

Аңдатпа


  • Келген қазақ құжатсыз, туған бала тұрақсыз
    26.05.2023, 10:25
  • Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
    26.05.2023, 09:51
  • Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
    26.05.2023, 09:13
  • Ғинияттың 207 мың кемшілігі
    25.05.2023, 10:00
  • Орталық Азияның «отағасы» кім?
    25.05.2023, 09:31