Баспана қашанғы қазақтың бас қайғысы бола бермек?

26.05.2020, 06:04

47

Соңғы 12 жылда елдегі баспанабағасы 600 пайызға қымбаттапты. Сарапшылар бұл қымбатшылық елді биыл да айналыпөтпейтінін алға тартып отыр. Мамандардың пайымынша, пандемия жағдайында елдегітұрғын үй      бағасы 20-30 пайызға дейінқымбаттауы әбден мүмкін. Оған бірінші себеп: елдегі банктер болашақта сыртқықарыздарынан құтылудың барлық амалдарын қарастыра бастайды. Осы тұста екіншідеңгейлі қаржы институттары шығындарын жабу үшін өздерінде кепілде тұрғанүйлерді қымбатқа сата бастайды. Бұған қоса, доллардың аспандап, теңгеніңқұнсыздануы да баспана нарығындағы бағаның шарықтауына апарып соқтырады. Тұрғынүй құрылысын салып, оны сатылымға шығаратын монополистер құрылыс заттарыншетелден қымбат бағаға әкелетінін желеу етіп, баспана бағасын қымбаттатабереді. Міне, осы іспетті бірнеше себептерді алға тартқан мамандар алдағыуақытта елде баспана бағасы арзандамайтынын айтып отыр.

                         Қолжетімді баспанақайда бар?

    Ал енді сонда қарапайым халықтыарзан баспанамен қамту жайы басы ашық күйінде қала бере ме? Халық қашанғытапқан-таянғанының 50 пайызын жалдамалы пәтерге төлеп, өлместің күнін кешпек?  Отыз жыл бойы үкімет неге бұқараны арзанбаспанамен қамтитын сауатты бағдарламаларды жүзеге асыра алмай қойды?!

     Жалпы, біздің билік бұған дейінбұқараны «баспанамен қамтимыз» деп, бірнеше бағдарлама легін ұсынды. «Қолжетімдібаспана 2020», «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы», «Баспана-хит», «7-20-25» дейсізбе, толып жатқан тұрғын үй бағдарламасы бізде жетерлік. Бұдан бөлек, баспананы20 жылға жалға беру, жастарды баспанамен қамту, алғашқы жарнасыз 20-25 жылғажалдамалы пәтер беру тәрізді толып жатқан жаңашылдыққа толы бағдарламалар біздеболды. Бірақ, өкініштісі, «осы бағдарламалардың қызығын халық көрді, ел арзанбаспанамен қамтылды» деп, кеуде кере мақтана алмаймыз.

  

                      Бағдарламалардың бабы келіспейтұр

    Кезінде ұлттық экономика министріболған тұста Ерболат Досаев 2014 жылы Қазақстанда  баспананы алғашқы жарнасыз  жалға беру бастамасын көтерді. Оның солкездері «2020 жылға дейін жалға берілетінбаспанаға барлық қаржы көздерінен, жалпы, 250 миллиард теңге бағытталатынболады. Нәтижесінде ел бойынша халықтың барлық санатын баспанамен қамту үшін 29мың пәтер пайдалануға беріледі» дегені әлі есімізде. Осы бастама көтерілгентұста талай адам «20 жылға арзан бағамен тұратын жер тапсақ, артынша өзіміз әрекеттеніп,жер алып, баспана тұрғызып, жағдайымызды жасап алар ма едік» деп те үміттенді.Бірақ  бағдарламаның бабы келіспеді ме,әйтеуір, мемлекеттен жалға  арзан пәтер алып,берекесі артқан халықтың қарасы аз болды.

     Бұдан соң сол жылдары елімізде жасотбасыларға арналған тұрғын үйлер салынды. Бағдарлама бойынша «29 жасқа толмаған,заңды некеде тұрғанына екі жыл болған отбасылық жұптар бастапқы жарнасызарендалық баспанаға ие болады» делінді. Бірақ бұл бағдарлама да 2017 жылтүбегейлі тоқтады.  2018 жылы үкіметүкілеген «7-20-25» бағдарламасы да халыққа «өз үйі – өлең төсегін» жайлауға асабір үлкен мүмкіндік сыйлай алмады. 2019 жылы көпбалалы аналар мен жалғызбастыаналарға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасытетігі іске қосылды. Нұр-Сұлтанда жалдамалы пәтер өртеніп,  тірідей жанып кеткен бес баланың күйігіненсоң, қолданысқа енгізілген бұл бағдарлама «талай ананың көз жасын сүртеді» деп үміттенгенбіз. 

     Бірақ күні кеше ғана Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар мен  жалғызбасты аналар  «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуғақойылған шектеуді алып тастауды талап етіп, индустрия және инфрақұрылымдық дамуминистрлігіне басып кірді. Әйелдер тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға арналғанбағдарлама аясында биыл небәрі 414 пәтерге ғана сертификат берілетініне наразы. Осы арада көпбалалы аналарға басу айтқанминистрлік өкілі Бейбіт Шахановтың айтуынша, 2020 жылы «Бақыттыотбасы» бағдарламасына бюджеттен 49 млрд теңге бөлінген. Ақша әр өңіргеүлестіріліп берілді. Нұр-Сұлтан қаласына 4,1 млрд теңге тиген. Бұған 414 пәтералу жоспарланған. «Пәтерлер кезекке сәйкес беріледі. Былтыр ғана кезеккетұрғандар он шақты жыл пәтер күткен адамның алдына шығып кетсе дұрыс болмайды.Сол үшін лимит қойдық. Нұр-Сұлтанда 17,5 мың көпбалалы, жалғызбасты жәнемүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы пәтер кезегінде тұр. Олардың бәрінежолдама берсек, бірден банкке ағылады. Ал банкте ақша шектеулі», – деді БейбітШаханов. Әйелдерді «бақытқа бөлейді» деген аталмыш бағдарламаға қатысты дааналардың айтар базынасы көбейіп тұр.

                                  «5-10-20»үмітті ақтай ма?

     Енді биылүкімет елдің есін алған пандемия жағдайын, доллардың «долдануын», мұнайдың«мұңын» ескеріп, халықты демеу мақсатында «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасынұсынып отыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынған бұл бағдарлама қазір  қызу талқығатүсіп жатыр. Бағдарламаға табыс көзі, отбасындағыжан басына шаққанда,  96 667 теңгеге тең болатын адамдар қатыса алады.  Осылайша 2020 жылы тұрғын үй нарығына қатыстытағы  бір жаңа бағдарлама қатарғақосылды. Ал ол үмітті ақтай ма, жоқ па, оны алдағы уақытта байқайтын боламыз.

    Жалпы, деректергежүгінсек, елде баспанаға мұқтаж жандардың көрсеткіші  2 млн 400 мың адамға жетіпті. Оның 1 млн 300мыңы жер кезегінде тұрса,  үй кезегінде 540 мың адам тұр. Олардың ішінде 212мыңы мемлекеттік қызметкерлер.

     Мамандардың пайымынша, біздебаспанаға қатысты идея көп. Бірақ сол идеяны сауатты жүзеге асыра білетінменеджерлер жоқ. Сала мамандары «алдағы уақытта сауатты әрі салмақты тәсілін таппасақ,2025 жылға қарай елде баспанасыздар саны екі есеге көбейіп кетуі мүмкін» депдабылдатып отыр.

 

Тақырыпқа тұздық

   «Жас Алашқа» пікір білдірген экономист-сарапшыДәурен Арынның айтуынша, арзан үй салу үшін алдымен инвесторларға талап қоябілу керек.

            

                    Инвесторларды арзан үйсалуға міндеттеу керек

– Егер үкімет халықты арзан баспанамен қамтамасыз етуді мақсат тұтса, ондаелде мемлекеттік арзан жалдамалы тұрғын үйлердің санаты көбеюі керек. Ортақайналымдағы тұрғын үйлердің, шамамен алғанда 40 пайызы халыққа қолжетімді,арзан болуы тиіс. Ескеретіні, бүгінде  тұрғын үй саласындағы жалдамалыарзан жүйе Германияда – 60, Швецияда – 57, Нидерландияда – 55, Данияда – 44,Жапония мен АҚШ-та 44 пайыздық деңгейіндегі көрсеткішке жеткен. КөршімізРесейде бұл көрсеткіш тұрғын үй нарығы жалпы көлемінің 40 пайызын құрап отыр.Үкіметке инвесторларды арзан үй салуға міндеттеу керек. Ірі инвесторлар қымбатбағалы элиталық үйлерге ғана қаржы құйғысы келеді. Олар мемлекеттік, әлеуметтіктұрғын үй бағдарламаларына қатыспайды. Тіпті осы бағытта жұмыс істейтінбанктерге де инвестиция салмайды. Мысалы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2016жылы сатылуға қойылды. Бірақ сол аралықтан бері банкті сатып алуға жекелегенинвесторлар қызығушылық танытпаған. Себебі белгіленген нормаға сәйкес, банктісатып алғанның өзінде, барлық әлеуметтік талаптар сақталып, тұрғын үйлерхалыққа арзан бағамен берілуі тиіс. Сондықтан келешекте осы мәселені шешумақсатында үкімет арнайы шараларды қарастырғаны жөн. Инвесторларға тиісті талапқоймаса, баспанасыз халықты арзан тұрғын үймен қамтуға мемлекеттің шамасы келеқоймайды.  
ҚарлығашЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ,

«Жас Алаш»

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!
Айжан БҮРКІТБАЕВА 26.11.2020, 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 26.11.2020, 13:52
Қазаққа малын көгендеп бағу ғана қалды
Қарлығаш Зарыққанқызы 25.11.2020, 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.11.2020, 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады
Сайт әкімшілігі 24.11.2020, 14:18
Зейнетақыны пайдалануда 10% салық ұстау жөніндегі заңды Мәжіліс кері қайтарды

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57