«Баспана түгіл тас та жоқ»-сарапшы...

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

06.12.2021, 08:56

2605

Мамин үкіметінің  зейнетақы жинағына қатысты мұндай шешімі әрине халықтың көңілін қуанта қойған жоқ. Өткен жұмадағы бұл жаңалықты қоғам әлі де қызу талқыға салып жатыр. Бұл ретте "«Жас Алаш» сарапшылардың пікірін білген болатын.

Үкіметтің бұл әрекетіне қатысты экономист-сарапшы Меруерт Молдабаева:

— «Бұл реформа үкімет үшін де, экономка үшінде тиімсіз бола бастады. Себебі халық баспана ала бастады. Бұл құбылыс нарықтағы баспана бағасына әсер етті. Баспана қымбаттады» деген уәждер айтылып жатыр. Бірақ мен мұмнымен келіспеймін. Баспананың қымбаттауының басқа да жанама әсерлері бар. Шектік соманың 90 пайызға өсуіне байланысты зейнетақы қорындағылар «бізге үкімет не айтты, соны орындаймыз» деп отыр. Ақылға қонбайтыны 20 жастағылар үшін жеткілікті көрсеткіш бұған дейін  1,7 миллион теңге болса, алдағы жылы бұл көрсеткіш, 3,1 миллион теңге  дейін артады. 21 жасымнан 45 жасыма дейін үзбей жұмыс істеп келе жатқан  жеке өз басымда әлі шектік қор жиналмады. Ал енді мына көтерілген шектік қормен тіптен жинағымызды ала алмайтын болдық. Сонда оқуын енді бітіріп, жұмысқа енді араласқан 21 жастағы азаматтардың зейнетақы жинағында   3 млн теңгеден астам қаражат қайдан болсын?! 2020 жылғы белгіленген шектік соманың өзі біздің халық үшін өте көп еді. Енді ол екі есеге көтерілсе халыққа баспана түгілі тас та жоқ. Ақыры үкімет бұл реформаның да ту талақайын шығарып, халықтың  өз ақшасын өзіне қимай отыр,-дейді.

 Сала маманының айтуынша,  бұл арада «Республикалық бюджет туралы» заңға енгізілген өзгерістерді желеу етіп,  ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өскенін айтып уәж келтірудің қажеті жоқ.

— Үкімет зейнетақы жинағына қатысты жеткілікті шектің өсуін ең төменгі жалақының 42 500 теңгеден, 60 000 теңгеге өскенімен байланыстырады. «Жалақы өсті, демек байсың» деген сөз бе?! 60 000 теңге кімнің жоқ жітігін түгендейтін сома?! Шынтуайтында, зейнетақы жинағымыз жыл сайын құнсызданып жатыр. Біз зейнетке шығамыз дегенше, қордағы қаражаттың құны болмай қалатыны белгілі.  «Ең төменгі жалақы өсті» деп жеткілікті шекті өсіру қисынсыз.  60 000  теңге бізді асырайтын сома емес, -дейді сарапшы Меруерт Молдабаева.

Тегтер: зейнетақы жинақ ипотека несие баспана тұрғын үй

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:00
"Қазақстан халқына" қорына ең ірі сома түсті
Оразәлі СӘБДЕН 20.01.2022, 17:41
Өзгеретін кез келді
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 20.01.2022, 14:13
Сенатор Ақылбек Күрішбаев: «Жалған статистика ауылдағы нақты жағдайды көрсетпей отыр»
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 20.01.2022, 08:50
Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
Сайт әкімшілігі 18.01.2022, 11:40
Жаңа министр Қазақстан экономикасын қалай қуаттандыратынын айтты
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.01.2022, 08:38
Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48