Баталов Талдықорған халқын құттықтауға келмеді

05.10.2019, 20:05

7

 Жетісудіңшенеуніктері Талдықорған қаласының кезекті туған күнін атап өтті. Жәй ғана атапөтпеді, дүркіретіп өткізді. Қала әкімі Ғалымжан ӘБДІРАЙЫМОВ пен «Nur Otan»партиясы облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар САРЫБАЕВТАР таңертең ұйқыларынан тұра сала, оңға-солғабұрылмастан тура перзентханаға тартты. Дәл осы күні босанған әйелдерге бұл екімырзаның қандай еңбек сіңіргенін білмедік. Бірақ, әкім мен билік партиясыныңөкілі келе жатыр дегенде он бір келіншектің толғақтары қатар келіпті. Он біранаға алғыс айтып, денсаулық тілеп, сыйлық табыстаған сәттерін операторлартаспаға басып, фото тілшілер суретке түсіріп біте салысымен шенеуніктер перзентханаданалимент төлегісі келмейтін әкелердей атып шықты. Он бір сәбидің аттарын да тәпіштеп сұрамаған олар 10 жыл дегенде құрылысыәрең аяқталған қала сыртындағы коттедж қалашығына ойысты. Мұнда оларперзентханада төбелері көрінбеген зейнет жасынан асқан облыс әкімі А. БАТАЛОВ пен облыстықақсақалдар кеңесінің төрағасы Ермек КЕЛІМСЕЙТТІ күтіп алды. Сосын, бәрі бірігіп көпбалалы аналар және Ауған соғысыңардагерлеріне 100 баспананың кілтін табыстады. Әдеттегідей, қоныс тойында «Тақиялыперіштенің» басты рөлінде ойнаған Әлімғазы РАЙЫМБЕКОВ ақсақал сөз сөйледі.

 Қаланың мерейтойына жергілікті ақжағалылар космонавт Айдын АЙЫМБЕТОВТІ дешақыртқан екен. Ғарышты көріп қайтан талдықорғандық азаматты осындай той-жиынғаарнайы алдырту, төрінде көрнекі құралдай тұрғызып қою үйреншікті жағдайғаайналған. 

Кешқұрым Жастар паркінде жалғасқан мерекелік шарада Талдықорғанхалқын қала күнімен құттықтауы тиіс Амандық ҒАББАСҰЛЫ келмеді. Айтпақшы,Амандық БАТАЛОВ әкімдік қызметінен кеткен соң Талдықорғанда емес, Алматықаласында тұрғысы келетінін бұған дейін баспасөзде ашық айтқан еді.Зейнеткерлік жастағы Амандық ҒАББАСҰЛЫНДА енді әкім ретінде Талдықорған тұрғындарынқұттықтай алатын мүмкіндік бола ма, болмай ма, оған енді уақыт төреші. Бұл жолыоның қала күніне келмеуін «шетел инвесторларымен жолығып, қолы босамадымен» түсіндірді.  Дегенмен, дәл осы күндері қалаға келген шетелдікинвесторларды Талдықорған күніне арналған кешкілік мерекелік шараға облыс әкімінің өзі неге бастап келмеді екен? Әлде, қарапайым қала тұрғындарын шетелдікиневесторларға көрсетуге қысылды ма?

 Жалпы, мерекеге орай безендірілген сахна,паркте жағалай қойылған көрме шетелдіктерді  тәнті етердей еді. Танымал әншілер МаржанАрапбаева, Меломен тобы, Арман Қоңыр мен Аша Матайлар да шетелдіктерге қазақиэстраданы таныстырып жіберер еді.  Мерекелікотшашу да біздерді бәрі бар деген мырзалықты кеңінен көрсетіп, инвестордыңсенім арттыратын еді. Амал не, Амандық ҒАББАСҰЛЫ олармен оңашада, халықтыңқатысуынсыз жолығуды жөн көріпті.

Жалпы, қандай ел,мемлекет, аймақ, өңірге инвестор келер кезде сол ортаның, сол жердің билігіхалықтың алдында қаншалықты ашық, қаншалықты есеп береді деген мәселеге жетемән береді. Өйткені ашықтық, көпшілік алдында есеп болмаса, онда билік пенхалық арасында сенімсіздік орнайды. Ал сенім жоқ жерде инвестор жобасы да,тәуір бастама да дамымайды. Осы қарапайым қағиданы қаперге алып, шетел инвесторларынаайқара құшағын ашқандай боп жатқан Алматы облысының орталығы Талдықорғанқаласының әкімі мен оның баспасөз қызметінен мерейтойға кеткен қаржы көлемінсұраған едік. Міне, бүгін екінші күн өтіп барады, қала әкімі мен баспасөзқызметі ұрлық істегендей үн шығармай отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:05
Tengri Bank лицензиясынан айырылды
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:14
Ресейдің доллардан арылуға асығуы нені аңғартады?
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.09.2020, 10:51
Халық арзан баспанамен қашан қамтылады?
Сайт әкімшілігі 14.09.2020, 15:37
Қазақстандықтар айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеу керек
Әділ АҚЫЛБАЙ 11.09.2020, 09:29
е-learning 30 млрд теңгені жұтып қойды. Нәтиже қайда?
Қарлығаш Зарыққанқызы 10.09.2020, 11:07
Мемлекетке телмірген банктерді қандай тәуекелдер күтіп тұр?

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34