Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасы ұшып тұр

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ

23.11.2020, 15:53

1567

Оралда кешеден бастап азық-түлік бағасы күрт көтерілді. Әсіресе, күнделікті тұтынатын өнім бағасы ұшып тұр. Мәселен, күнбағыс майының 1 литрін 380 теңгеге алып келген тұрғындар енді 720 теңгеге алуға мәжбүр. Сондай-ақ, нанға 15 теңге, қанттың келісіне 40 теңге қосылған, шай екі есе, жұмыртқа 25 пайызға қымбаттаған. Онсыз да аузынан ақ май ағып отырмаған ағайынға бұл үлкен соққы.

Өндірушілерді тыңдасақ, бағаның өсуіне нарықтағы жағдай кінәлі. Биыл қуаңшылықтан күнбағыстың шығымы төмен болып, майлылығы да кеміп кеткен. Оның үстіне шикізаттың дені Ресейден алынады, әлі көршілерге тәуелдіміз. Өткен жылы 30 мың тонна күнбағыс өңдеген «Пойма май комбинаты» ЖШС биыл тек 8 мың тонна өңдепті. Шай да шеттен келеді. Ал өзімізде өсірілетін астықтан пісірілетін нан мен жұмыртқа құнының аяқ асты аспандап кетуіне не түрткі болғаны белгісіз.  

Атқамінерлер бұл жағдайда не істей алады? Әдетте, базарларды аралап, мониторинг жасап, бағаны негізсіз өсірмеуге кеңес береді. Бірақ, «Аш адам тоқ адамға жолдас болмайды» демекші, құр үндеу, адамгершілікке, ар-ұятқа шақыру оң нәтиже бере қоюы неғайбыл дүние. Облыстағы тұрақтандыру қорында күні бүгін қант, күнбағыс майы, қарақұмық, күріш, сиыр және тауық еті, макарон, ұн секілді тағамның 9 түрі сақтаулы. Жалпы құны 320 миллион теңгенің 1,1 мың тонна өнімі бар.

«Қорға 100 тоннаға жуық күнбағыс майы алынып, біз қазір 30 тоннасын қаладағы «Желаев нан» дүңгіршіктерінде, «Ел ырысы» минимаркеттерінде, «Жәңгір хан» және «Алтындар» супермаркеттер желісінде арзандау бағамен сатылуда», — деп отыр «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Артур Досқалиев.

Тегтер: азық-түлік қымбатшылық баға саясаты нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:22
"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" басшысының экс-орынбасарына ірі көлемде айыппұл салынды
Бекқали ТОРҒАЕВ 14:27
Медицина қашанда стратегиялық маңызға ие
Қамал СӘТТІЛІК 22.04.2021, 09:18
Биткоинмен пара алғыштар неге абыржып жүр?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.04.2021, 08:55
«Инфляция 4-6 пайыз емес», үкімет шындықты бүркемелеп отыр
М.СӘУЛЕБЕК 21.04.2021, 08:59
Үшінші мегаполистің үлкен проблемасы
Еркежан Арын 20.04.2021, 10:56
«Жасыл кеңсе»: қанша тұрады және қаншалықты үнемді?

Аңдатпа


  • Жасымнан жол сілтеген шамшырағым
    09:03
  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    21.04.2021, 09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    21.04.2021, 09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25