Бес әкімдік 490 мың дана қаламға тапсырыс беріпті, цифрландыру қайда?

Сайт әкімшілігі

10.12.2020, 14:24

2951

           Бес әкімдік 490 мың дана қаламға тапсырыс беріпті

Қит еткен дүниеге ұлы тендер жариялап жіберетін заман-ай! Цифрландыру деп, миллиардтарды желге ұшырған мемлекеттік органдарымыз кәдімгі қарапайым қаламды «жейтін» болып шықты.

      Қазақстандағы бес әкімдік 12,4 миллион теңгеге 490 мың дана қалам салып алмақ екен. Тіпті бес конкурстың екеуі аяқталып, тендердің жеңімпаздары анықталып та қойыпты. Ал техникалық сипаттамаларына келсек, қаламның бәрі қарапайым, «кеңсе қаламы».

      Мемлекеттік сатып алуға қатысты осы бір қызық деректі Zertteu Research Institute парақшасы келтіреді. Олар осындай бірнеше тендерді тауыпты. Сонымен, қаламды жүз мыңдап «жейтіндер» мыналар: 

    * Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімдігі – 16 мың дана (560 мың теңге). Айтпақшы, бұл ауданда небәрі 30 мың халық тұрады.  

    *  ШҚО-дағы Риддер әкімдігі – 30 мың дана (669 мың теңге). Қала халқының саны – 48 мың адам.

    * ШҚО Шемонайха ауданының әкімдігі – 33 252 дана (742 184 теңге). Халқының саны – 46 мың адам.

    * Қостанай әкімдігі – 174 058 дана (6,2 миллион теңге). Қостанайда 237 мың адам тұрады.

   * Өскемен әкімдігі – 236 680 дана (4,2 миллион теңге). Қала халқының саны – 326 мың адам.

      Құдды бір жазғышбектер жиналған екен. Әкімдіктің кеңселері мен қоймаларына қанша қалам керек деген мәселені шенеуніктер елді мекендегі халық санына қарай дөрекі есеппен шеше салатын көрінеді.

     Қысқасы, әкімдіктерден таныс іздеп, Қытайдан қалам тасу керек екен.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:22
"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" басшысының экс-орынбасарына ірі көлемде айыппұл салынды
Бекқали ТОРҒАЕВ 14:27
Медицина қашанда стратегиялық маңызға ие
Қамал СӘТТІЛІК 22.04.2021, 09:18
Биткоинмен пара алғыштар неге абыржып жүр?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.04.2021, 08:55
«Инфляция 4-6 пайыз емес», үкімет шындықты бүркемелеп отыр
М.СӘУЛЕБЕК 21.04.2021, 08:59
Үшінші мегаполистің үлкен проблемасы
Еркежан Арын 20.04.2021, 10:56
«Жасыл кеңсе»: қанша тұрады және қаншалықты үнемді?

Аңдатпа


  • Жасымнан жол сілтеген шамшырағым
    09:03
  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    21.04.2021, 09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    21.04.2021, 09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25