«Бидайдан босаған жерлерге мал азығын егуіміз керек»

11.06.2019, 07:58

16

Бес жылданастам уақыт ауылшаруашылығы министрі қызметін атқарып, осы салаға қатысты көптегенбағдарламалардың қабылдануына мұрындық болған Асылжан Мамытбековпен әңгімемізауыл шаруашылығын кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, жер қатынастарыжәне ауыл деп алаңдаған жандарды толғандырып жүрген кейбір мәселелертөңірегінде өрбіді.«Қазақстан ет одағының» төрағасымен болған әңгіменіназарларыңызға ұсынамыз.

Асылжан Сарыбайұлы, әңгімемізді «Ас атасы – нанның»мәселесінен бастасақ. Қазір ұн нарығында көрші Өзбекстан, Тәжікстан,Қырғызстанға жол беріп жатырмыз деген әңгіме көп айтылады. Көрші елдер бізденбидай сатып алып, ұн қып, қымбатқа қайта сатып жатыр. Сонда біз бұл саудадаұтылып қалмаймыз ба?

– Әрине, бидайдан ұн жасап сату әлдеқайда тиімдірек. Бидайдегеніміз шикізат қой. Оны өңдеп ұн, одан әрі макарон т.б. өнім, не терең өңдепкрахмал, глютен, басқа да тауар қып сатуға болады. Бірақ, нарық пен әлембизнесіндегі қалыптасқан дәстүрлер барлық кезде біздің мүддемізге сай келебермейді. Сондықтан біз әлемдегі қалыптасқан дәстүрді ескеріп, дамуымыз керек. Әлемдебұл санатта биржалық тауар болып бидай боп саналады. Ұн биржалық тауарғажатпайды. Ол үлкен көлемде халықаралық сауда тек бидай түрінде жүреді дегенсөз. Мысалы, Франция ең ірі бидай экспорттаушы 5 елдің қатарына кіреді. Қазақстан7-8 орында. Бірақ, француздар бидайының барлық көлемін дерлік бидай ретіндесатады. Бұл француз кәсіпкерлерінің жалқаулығы ма? Әлде оларда диірмен бизнесі,өнеркәсібі дамымай қалғаны деп ойлайсыз ба? Жоқ, ол Франция елі бизнесініңнарық талаптарына сәйкес бейімделгенінің белгісі. Сондықтан француздар теңіздіңар жағында тиіп тұрған Ливия, Алжир, Марокко және тағы басқа СолтүстікАфрикалық елдерге ұн емес, бидай сатады. Неге бұлай? Өйткені, ұнның сақталумерзімі бидайға қарғанда өте қысқа, тез бұзылады. Ұнды сақтауда температуралық,ылғалдық талаптар көп. Сосын ұнның әлемдегі қалыптасқан сұрыптары жоқ. Әр елбидайдан өзіне қажет, жергілікті тамақ мәдениетіне сай ұнның сұрыбын жасайды.Біреулер нанды бөлке түрінде жасап жейді, бір елде негізінен тандыр нан ретіндетұтынады. Соңғы 20 жылда төңірегіміздегі елдерге көп ұн сатқанымыз біздің бұл бизнестітым қатты меңгеріп кеткенімізден емес, көрші елдердің кәсіпкерлігінің дамымайқалғандығынан болды. Ауғанстанда соғыс болды, Өзбекстан, Тәжікстан,Түркіменстан, Қырғызстанның кәсіпкерлері еркін қимылдай алмай, естерін жинайалмай жатты. Сондықтан олар бізден ұн сатып алуға мәжбүр болды. Ал, ендіолардың да экономикасы аяққа тұрып келеді. Өздерінің қажетіне сай бізден тек ұнсатып ала бермей, енді бидай алып, ұн өндіруді қолға алып келеді. Олардытүсінуге болады. Ал егер олар біздің ұнның жолын жауып, саудамызды жүргізбей, біздіңбидайды ұн ретінде басқа елдерге сату үшін бізге кедергі жасаса, бұл әринедұрыс емес. Мысалы, Өзбекстанмен сондай даулы мәселелер болып тұратын. Оларшекарадан өтіп жатқан біздің тауарларға тарифті жоғарылатып қойып, біресе ұнғасалықты көбейтетін. Сөйтіп, біздің бидайды өткізіп алып, өздері өңдеп, арықарай Ауғанстанға сататын. Ол әрине, халықаралық сауда ережелеріне сайкелмейді. Біздің ежелден қалыптасқан көршілес қарым-қатынасымызға да сай емес. Қазірбұл мәселе бірте-бірте дұрыс қалыпқа түсті. Негізі, бұл мәселе осыдан он жылбұрын көтерілген. «Ұн саудасының уақыты бітеді, көршілеріміз аяққа тұрады,сөйтіп олар бізден ұн сатып алмайды» деп, мен «ҚазАгро» холдингіне басшы бопкеле салысымен ұнмен айналысатын кәсіпкерлерге берілетін жеңіл несиелердітоқтатқан болатынмын. Өйткені, сол кезде олардың саны қатты көбейіп кетті. «Біржылдары ұнға деген сұраныс азаяды, сол кезде бәрі бірден банкротқа ұшырапқалмасын» деген оймен оларға жеңілдік беруді тоқтатып, кәсіпкерлерге алдағықалыптасатын жағдай туралы сигнал бердік. Егер сол жылдары бидай өңдейтіндиірмендерді көбейте бергенде қазір бұл саланың жағдайы әлдеқайда қиын болар маеді? Міне, ақыры ұнға деген сұраныс азаяды деген болжамдар іс жүзінде байқалабасталды. Әрине, бұл үрдіс жылдам емес. Яғни, ұн сату анау айтқандай азайыпжатқан жоқ.Мысалы, 2017-2018жылдары маркетингтік жылда (шілдеден шілдеге дейін) 3 млн 205 мың тонна ұнсатылыпты. Бұл соңғы 7 жылдың ішіндегі ең үлкен көрсеткіш. Бірақ, жалпыайтқанда, ұн сату көлемі азайды және азая береді. Бірақ, бұл бидайға дегенсұраныс азаяды деген сөз емес. Көрші елдеріміздің бидайға деген сұранысытұрақты. Иә, бидай қымбаттаған кезде ұн сатушылар аздап қиналады. Бірақ, бұлүнемі бола беретін жағдай емес. Бұл жерде мынаны түсіну керек, біздің елдебидаймен айналысатындардың саны ұн өңдеушілерден әлдеқайда көп. 100 еселеп көп.Егер бидай қымбаттаса, мыңдаған фермер көп табыс табады. Егер ұн экспорты нарығындапроблема болса, оны сезінетіндер  әлдеқайда аз. Ендеше біз неге мыңдағанфермерлердің пайда тауып жатқанына қуанбай, ұнмен айналысып жүрген 200-300кәсіпкерлер көтерген мәселеге сонша көңіл бөлеміз? Мен осыны түсінбеймін.

Енді ет экспорты мәселесі туралы айтсақ. Жасыратыны жоқ,сіз министр болған кезде осыған байланысты өте көп сын айтылды. Дегенмендеэкспортқа шығуы тиіс 60 мың тоннаға неге қол жеткізілмей қалды? Оған нақты некедергі келтірді? Жалпы «60 мың тонна ет» деген нақты цифр қайдан алынды?

– Министр бола салысымен қолға алған ең басты шаруамның бірі-- ауылшаруашылығы саласының әлеуетін сараптау болды. Қай саланы тез арадаүлкен көлемдерде дамыта аламыз? Бидайдың экспортын көбейте аламыз ба? Бидайөндіруді көбейте алсақ та, экспортты көбейте алмайды екенбіз. Өйткені, бидайдынеғұрлым көп өндірсек, соғұрлым өзіміз көп зиян шегеміз. Есіңізде болса,2009-2011 жылдары бидайды сұраныстан артық өндірдік. Сөйтіп, ішкі нарығымызда бидайдыңбағасы түсіп кетті. Қамбаға сыймай, шіріп жатты. Комбайн жетпей, орылмайқалғаны да болды. Ең басты себебі бидайды сату мүмкіндігіміз шектеулі. Соныескеруіміз қажет. Қазақстанның айналасындағы Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан,Түркіменстан, ар жағындағы Ауғанстан, міне осы елдердің бидайға дегенсұраныстары тұрақты. Жыл сайын 6-6,5 млн тонна. Өзіміздің ішкі сұранысымыз олда белгілі, жылына 6 млн. тоннадай. Егер біз бидайды осы көлемнен артықөндірсек, біз ол бидайды тек Қара теңіз бен Балтық теңізіне шығарып қана сатааламыз. Өйткені, көрші елдер артық бидай сатып ала алмайды. Сондықтан теңізгешығарып сатуға мәжбүр боламыз. Бидайды теңізге шығарсақ, транспорттық шығынынатоннасына 100 доллар кетеді. Сонда әлемнарығында бидай бағасы тоннасына 250 доллар болса, біздің баға 150 доллардантөмен болады. Егер әлемде 200 болса, бізде 100 болуы тиіс.  Бірақ, біздің диқаншыларымыздың басқа елдердіңдиқаншыларынан қай жері кем? Неге біздің шаруа тер төгіп тапқан өнімін әлемдікбағамен сатпасқа?Сол себептен біз 2011 жылдан бастап бидайдыңкөлемін азайтуға кірістік. 2010 жылы еліміз бойынша 16,5 млн гектар бидайегілсе, 2018 жылы бұл көлемді 11 млн-ға азайттық. Осы 11 млн гектардан өзімізгеқажетті 12-13 млн тонна бидай аламыз. Бірақ, енді бидайдан босаған жерлер егіссізқалмауы керек қой. Оны немен толтыра аламыз? Сараптап келіп, ішкі нарығымыздамал шаруашылығын дамыту керек деген тоқтамға келдік. Бос жерлерге мал азығынегуіміз керек. Кезінде бізде 30 млн-нан астам қой, 9 млн-нан астам ірі қара барболатын. 2011 жылы сатистика бойынша 16 млн қой, 6 млн сиыр болды. Қой 2 еседенаса, сиыр 2 есеге жуық азайып кеткен еді. Мал азығының шаруашылығы мүлдемжойылып кеткен десе де болады. Енді не өндіре аламыз? Иә, бізде жылқылардыңсаны 1991 жылдарға қарағанда көбейген. Бірақ, жылқының етін Ресей түгіліөзбектер жемейді. Басқа елдерде де жылқы етіне деген сұраныс өте аз. Сондықтанжылқы еті шектеулі тауар. Қой еті бар. Бірақ, зерттей келе әлеуетті ең жоғары тауар-- сиыр еті боп шықты. Өйткені, екі жағымыздағы Қытай мен Ресей сиыр етін сатыпалатын ең алпауыт елдер. Қытай әлемде сиыр етін сатып алушы №1, Ресей №2 ел.Бізде мал бағатын жайылымдар жеткілікті. Мал азығын өндіретін жерлер босапжатты. Ендеше «Неге осы мүмкіндікті пайдаланбасқа?» деп, етті малшаруашылығын дамыту бағдарламасын жасадық. Әрине, бұлбағдарламаны қолдайтын қосымша іс-шаралар қажет етті. Өйткені, шаруашылықтыңбарлығы жекеменшік. Оларға «мына іспен айналыс» деп бұйрық беру мүмкін емес.Оларды осы іске қызықтыру керек. Бұл әрине, бюджет қаржысына кеп тіреледі.Осылайша «Жуық арада экспортқа 60 мың тонна ет шығаруға мүмкіндік бар» дегенәңгіме айтылды. Бірақ, біз «Бұл оп-оңай нәрсе, тез арада екпін алып кетеді» депайтқанымыз жоқ. Осыншама даламызды малға, жанға толтыру керек, бұдан басқақандай мүмкіндік бар? Екі жағымызда екі алпауыт ел жатыр. Бос жатқан жерлергеәрине, олардың да көзі түседі. Бұл үлкен стратегиялық мәселе. Тек экономикалықемес, бұл саяси мәні бар, үлкен әлеуметтік мәселе. Бұл бағдарлама арқылы жұмысорны өте көп ашылады. Ауылдағы ағайынның шаруасының түзелуіне мүмкіндік береді.Сөйтіп, 2013 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап қана субсидия берудің көзінаштық. Субсидиясыз қанша айтсаң да бағдарлама жүрмейді. Бұл – үш. Төртіншіден,Францияда халықаралық эпизотиялық бюро (МЭБ) деген бар. Оған 182 ел мүше.Қателеспесем, Қазақстан оған 1993 жылдан бастап мүше. Бірақ, қаншама жылдар текмүше болып, тиісті жарнамызды төлеп отырғанбыз, болды. Бір пайдасын көрмеппіз.Біз енді нақты жобалар жасап, халықаралық эпизотиялық бюроның өкілдеріншақырып, солармен ақылдасып, ветеринариялық реформалар жасадық. Әр ауылдаветеринариялық пункт ашылды. Құрал-жабдықтармен қамтылды. Вакцинаның сапасынжақсарттық. Аусыл деген аурудан толық айықтық. Шетелдік бюроның «Аусыл ауруынанбос» деген арнайы статусын алдық. Онсыз ешбір шетелге ет экспорттау мүмкін емеседі. Бұл іс-шаралар да біраз уақыт алды. Әрине, осыдан кейін біздіңжоспарымыздың уақыты созылып кетті. Мысалы, біз өткен жылы 19,9 мың тонна сиыретін экспорттадық. Бұл бастамасы ғана. Биыл кемінде 30-35 мың тонна сиыр етінэкспорттасақ деген жоспар бар. Бұл арифметикалық прогрессия. 35-ке жетсек, одан ары қарай 45,сосын 60 мың тонна боп кете береді. Иә, о баста жоспарлаған межемізгежоспарлаған уақытта жете алмағанымыз рас. Бірақ, «Процесс тоқтап қалды, оныңнәтижесі жоқ» деп, ешкім айта алмайды.Өйткені, ауылда ағайынның тек ет экспорты бизнесімен ғана айналысуға мүмкіндігібар. Басқа мүмкіндік жоқ. Бидаймен үлкен компаниялар айналысады. Ол іспенауылдың қарапайым қазағы айналыса алмайды. Сондықтан осы ет экспортынабайланысты қазір ауылда бизнеске ілініп кетуге мүмкіндік туып жатыр. Етэкспорты белгілі кәсіппен айналыссам деген жандардың үмітін оятып тұр. Қазір«Ауылдағы еркектер жалқау, тек бала-шағасының жәрдемақысын алып жата береді»деген әңгімелер көбейіп кетті. Қай еркек кәсіппен айналысып, бала-шағасынасырағысы келмейді дейсіз. Бірақ, не жері жоқ, не жеңілдетілген несие алаалмайды. Ал, бұл бағдарлама осыған үлкен мүмкіндік береді.

Ауылшаруашылығы саласында кооператив құрумәселесі де көп дауға іліккен мәселенің бірі. Бір министр «Құру керек» десе,екінші министр «Бұл мәселені әлі талқылау керек» деп қалды. Жалпы ұсақшаруашылықтарды ірілендіру жұмысына деген өз ойыңыз қалай? Кооперативтерэкономикалық жағынан тиімді, пайдалы ма?

Біздің елімізде 200 мыңға жуық ауылшаруашылығы кәсіпкерлері бар.Оның 10 мыңға жуығы заңды тұлғалар, қалған 190 мыңға жуығы жеке қожалықтар. ТекТүркістан облысында мұндай шаруашылықтардың саны 60 мың. Кейбіршаруашылықтардың жер телімі 2-3 гектар ғана. Осындай жері бар шаруашылықтарқалай технологияны пайдаланады, қалай оны сақтайды? Қарапайым тілде айтқанда,жерді өңдеу түгілі тракторы соқасымен емін-еркін бұрыла да алмайды. Ондай жерібар шаруаның трактор сатып алуға да мүмкіндігі жоқ. Сатып алса да ақшасын өтейалмайды. Қазір озық технологиясыз ауылшаруашылығы саласында мол өнім алутіптен, мүмкін емес. Сондықтан бұдан шығатын жалғыз жол – бірігу, ірілену.Бұдан басқа жол жоқ. Оның бірнеше жолы бар. Біріншісі: бәрі бірігіп бірқожалық жасау. Әр шаруа өзінің дербестігін сақтап қаламын десе өз мұқтажын өтеуүшін ғана бірігуге болады. Бұл бірігудің екінші жолы. Ондай кезде әркім өзініңмемактісін, қожалығын, мүлігін, жерін сақтап қалады. Тағы бір жолы, ол майдақожалықтар өз өнімін сату үшін ірі зауыттармен біріге алады. Әр жағдайдабірігудің оңтайлы жолын таңдау керек. Бірақ, кез келген кооперация ол бизнескетек пайдасын әкеледі. Сондықтан кооперация керек емес деген адам оны жақсытүсінбейді деген сөз. Осы уақытқа дейін ауылшаруашылығы министрі болғандардыңешқайсысы «кооперативтің керегі жоқ» деп айтқан емес. 2015 жылы министр боптұрған кезде Қазақстанда жаңа кооперациялық заң қабылданды. Бірақ, бұлкооперация жұмысын мен бастадым деген сөз емес. Маған дейін де, менен кейін деталай мәрте талқыланып, айтылып келеді. Бұл жиырма жылдан бері созылып кележатқан «жыр». 2015 жылға дейін кооперацияның 5 заңы болды. Бесеуінің де бармәселесі – бірігу. Бірақ, бесеуі де бір-біріне қайшы келеді. Біреуі бірігупроцесін былай, біреуі олай реттеген. Сондықтан бірігуге ниеті бар фермерлерзаңды түсінбей жатты. «Өйту керек, бүйту керек, жиналысты мына уақытта өткізуқажет, протоколды бүйтіп жазу керек» деп сағат-минутына дейін тәптіштеп берген.Мықты деген заңгерге осыны істе десең де, айқұш-ұйқыш заң баптарынан міндеттітүрде он қате жіберер еді. Ал, енді мұны ауылда істеу тіптен, мүмкін емес. Тағыбір проблема – заңды тұлғалар кооперацияға мүше боп кіре алмайды. Тек жекетұлғалар кіреді. Сосын кооперацияға кіргеннен кейін пайданы бөлу мүмкін емес.Пайданы бөліп ала алмаса не үшін бірігеді? Тағы бір айтары, ашықтық жоқ,бір-біріне есеп беру жоқ. Ашықтық болмағаннан кейін сенімсіздік пайда болады.Сөйтіп біз БҰҰ-ның FAO (Food Agriculture Organization – ауыл шаруашылығы ұйымы)сарапшылары мен «Қазақстан-Герман аграрлық диалог» деген құрылымныңсарапшыларының көмегімен әлемдік тәжірибені зерттеп, проблемаларымыздыайқындадық. Соған қарай заңды қалай өзгерту туралы шешімдер жасадық. Бес заңдыжойып, бір заң қабылдадық. Ең бастысы, түсінікті тілде. Енді заңды тұлғалар дакооперативке мүше бола алатын болды. Ашықтық мәселесіне келгенде жылдакооператив басқармасының жұмысына аудит жүргізіп отыруды міндеттедік. Аудитқымбатқа түсуі мүмкін. Сондықтан бірнеше кооператив бірігіп, тексеру одағынқұрып, бір сарапшы жалдайды. Сол жыл сайынғы жиналыста өзінің қорытындысынжариялап отырады. Осылайша көптеген кедергілерді алып тастап, кооперация құрумүмкіндігін ашып бердік. Енді бұл істі кеңінен насихаттау қажет. Шаруалардыоқыту керек. Біз осы жағынан ақсап жатырмыз. Бірақ, кооперация насихаттау,ынталандыру іс-шаралары арқылы жүруі керек. Мысалы, ешқандай әкімшіліктік қысымжасамай-ақ «Актеп» компаниясыайналасындағы 349 ұсақ шаруашылықтарды біріктіріп, үлкен бизнес жобаларды қолғаалуда. Компания шаруаларға асылтұқымды бұқаларын береді, трактор алуғамүмкіндік береді, қыс қатты болған жылдары жем-шөптен көмектеседі. Шаруалармалдың төлін күзге дейін жайылымда бағып, күзде «Актеп» бордақылау алаңдарынасатады. Төлдің тірі салмағын есептеп, компания көктемде берген қарызын шегеріптастайды. Міне, бұл кооперация. Осыларды қолдауымыз керек.

Шетелден мал әкелу мәселесі де өте көп талқыланды. Біресе,мал басын әкелуге, енді бірде малдың ұрығын әкелуге басымдық беріліп жатты. Осысаланың маманы ретінде осы бағыттағы өз пікіріңізді білсек.

«Шетелден мал әкелді» депсынағандардың барлығы қазір өздері мал тасуға құштар болып жүр ғой. «Біз осыкәсіпке қалай кіреміз?» деп… (Күлді). Басында «шетелдің малы жерсінбейді»деген шу шыққан. Қазір ангус сиыры жерсінбек түгілі көрсеткіштері басқамалдардан асып кетті. Сосын «Шетелден келген малдың бәрі ауру» деп шықты. Иә,ауру барлық жерде бар. Мал түгілі адам ауырады. Аурудан адам да өліп жатыр. Менминистр болған жылдары 55 мыңдай мал әкелінді. Жалпы шетелден келетін мал солжақта бір тексеріледі, бізге келіп бір ай карантиндік алаңда тұрып, тағытексеріледі. Ветеринарлар қанын алып тексермейінше малды карантиндік алаңнаншығаруға заң бойынша тыйым салынған. Бір жолы Австриядан әкелінген мал біздіңалаңда бір ай тұрып, ақырында ветеринарлар олардың қанынан ауру тауып, бұл аурумалды жіберуге болмайды деген шешім шығарды. Бұл жерде ауылшаруашылығыминистрлігінің қандай кінәсі бар? Сиырды министрлік емес, жеке шаруалар әкеліпотыр ғой. Қайта министрлік Еуропа лабораториясынан табылмаған ауруды деркезінде анықтап, ол малды тауарлық айналымға шығармай, сол жерде бәрінутилизацияға жіберіп отыр емес пе? Сиырды әкелген жеке шаруашылық сақтандырукомпаниясынан тиісті қаржысын алды. Бұл күнделікті боп жатқан жұмыс. Иә, екі-үшмәрте сиырлар ұшақта келе жатқанда біразы тұншығып өлді. Сиырды мыңдап әкеліпжатқанда арасында бірен-саран шығын болады ғой. Ажалы жетсе, ұшақ ішінде адамда өліп қалады. Мұның бәрі тырнақ астынан кір іздеу екені анық. Істеліп жатқанүлкен шаруаларды көрмей, титтей проблемаларды айқайлатып жібереміз. Өкінішкеорай, бізде осындайлардың үндері қаттырақ шығады. Жұмыс істейтін адамдардыңондай даңғазаға уақыты жоқ. Диванда жатып алатын ауылшаруашылығы саласының«мамандары» осылайша айқай-шуды тіптен өршітіп жібереді. Негізі малды әкелу-әкелмеудібизнестің өзі шешуі тиіс. Министрлік айтқан нәрселердің барлығы түгелдейорындала берсе, мысалыға, әлдеқашан кооперацияны құрып алар едік. Әлдеқашанауылшаруашылығы саласына технологияны толық енгізіп алар едік қой. Министрлікпен әкімшілік қанша тыраштанса да, осы екеуіне шамасы жетпей келеді ғой. Неге?Өйткені, бизнес кез-келген нәрсеге бара бермейді. Тек тиімді жағын ойлайды.Жолын ашып едік, бәрі шетелден мал әкеліп жатыр. Өйткені, олар үшін тиімдіболды. Айтып кеткендей, экономикамызға ғана емес, еліміз үшін жан-жақты өтетиімді. Мал әкелсе, жұмыс орны пайда болады. Салық түседі. Жерді тиімдіпайдалану процестері жүреді. Сондықтан малдың санын тезірек көбейтуіміз керек.Қазір жыл өткен сайын елімізде адам саны өсіп жатыр, етті пайдалану процесі деөсіп жатыр. Яғни, ішкі сұраныс өсуде. Ішкі қажеттілігімізден артық 1-1,5 млнмал басы болса, сонда ғана бос тұрған әлемдік нарыққа кіріп, өз орнымыздыаламыз. Ол жерде «Қазекең қашан келеді?» деп күтіп жатқан ешкім жоқ. Ол нарықтабәсекелестік өте жоғары. «200-500 бас сиыр арам өлді» деп бүкіл жұмысқақорытынды баға бере салуға болмайды. Қайта миллиондап әкелуіміз керек. Бизнесөзіне тиімді болса ұрықты да әкеледі, малды да әкеледі. Мұны сарапшы да, әкімде, министр де шеше алмайды. «Әкел» деп басына шоқпармен ұрсаң да, тиімді болмаса,бизнес ол шаруаға аттап баспайды.

Ауылшаруашылығы саласында сізді қандай мәселелер жиімазалайды?

– Біз жер туралы заңдарымызды әлі де дамытуымыз қажет.Өйткені, жеріміз ұлан-байтақ, көп десекте қазір ауылшаруашылығымен айналысамындеген жандарға жер тауып бере алмайсың. Өйткені, жақсы деген жерлердің бәрініңегесі бар. Бірақ, олардың жартысына жуығы жерлерін дұрыс пайдаланбайды. Егістікжерлері көбінесе бос жатады немесе егінді дұрыс екпейді. Технологияны дұрыссақтамайды. Шаңы шығып жатқан суармалы жерлер бар. Жайылымдық жерлерде мал жоқ.Мысалы, Маңғыстау облысында бір серіктестіктің иелігінде 1 млн-нан астам гектаржер бар. Масқара ғой. Бір малы жоқ. Оны қайтарып алу өте қиынға түседі. Иә,заңда «жерді негізсіз, мақсатсыз пайдалансаң, үкімет алып қоюы мүмкін» дегенбаптар бар. Бірақ, қайтарып алудың жолы өте қиын. Бір жағынан ол процес өтеқиын болуы да керек. Оңай болса жергілікті шенділер рейдерлік жолмен жердітартып алар еді. Одан кейін кім жерге ақша салып, кәсіппен айналысуға батылыбарар еді? Сондықтан жерді тартып алудың қиын болғаны бір жағынан жақсы. Бірақ,екінші жағынан, біз өз жерін пайдаланбай жатқан кәсіпкерлерді өз жерінпайдалануға немесе мемлекетке қайтарып беруге мәжбүрлеуіміз керек. Заңжүзінде… Экономикалық тұрғыдан оны сол жерді пайдалануға ынталандыруымызкерек. Қалай? Алдымен жер салығын көбейтіп, басқа салықтарды азайту керекнемесе мүлдем жою қажет. Сонда жерді пайдаланбасаң, салығы мойныңа жиналабереді. Сосын не жерді игеруге, не қайтарып беруге мәжбүр болады. Көлігіңіздіңсалығын төлемесеңіз, екі-үш айдан кейін сотқа өтеді, көшеде жол полициясытоқтата береді, ақырында сот орындаушылар мүлігіңізді алып кетеді. Қазір салықтөлеу мәдениеті түзелді ғой. Міне, осылайша жерді пайдалану үшін адамдықамшылау керек, сосын оған күлше беру қажет. Күлше дегеніміз жеңілдетілгеннесие, техника, субсидия беру. Адамдар өз иелігіндегі жерді әр түрлі себеппенпайдалана алмауы мүмкін. Денсаулығы жарамауы мүмкін, біреу басқа жаққа көшіпкетуі мүмкін немесе басқа бизнеспен айналысқысы келеді. Кезінде сол колхоздатұрғандықтан жер пайы болған. Бірақ, ешқандай пайдалана алмайды. Енді «Салығыкөп» деп, басқа біреуге құр бере салу дұрыс емес қой. Яғни, жер пайдалануқұқығын сату мүмкіндігін ашып беруіміз қажет. Бұл жерде тек қазақстандықтарға ғанадеп баса айту керек. Шетелдіктерді айтып отырғанымыз жоқ. Осылайша жерді құриеленіп отырғандардың орнына жерді пайдалана алатындар келсе, одан ауылға көппайда емес пе? Қазіргі заң бойынша олар жерін сата алмайды. Тек әкімге барыптапсырып беруі керек. Өйткені, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатуға заңжоқ. Ендеше біз бір-біріне сату мүмкіндігін заң жүзінде ашып беруіміз қажет.Сонда нарық пайда болады. Қазір интернет арқылы барлық заттың бағасын білеаласыз. Ал, «Ауылшаруашылығы мақсатындағы жер қанша тұрады?» деп іздепкөріңізші, ештеңе жоқ. Нарығы, бағасы болмаса банк жерді қалай кепілдіккеалады? Жер үлкен байлығымыз. Бірақ, соны пайдаланбай отырмыз. Кепілдікке қояалмаймыз. Сондықтан жер нарығына жол ашуымыз керек. Тәуелсіздігіміздің басынан бастапнарыққа бет алсақ, неге жер мәселесінде дағдарып қалдық? Не нарыққа бетбұруымыз керек, не кешегі кеңес одағындағыдай колхоз-совхоз боп өмір сүрукерек. Яғни, мемлекеттік жоспар деп өліп-өшіп, кәсіпорындарға техниканы,жанармайды қордан беру қажет. Қалай айтсақ та, ең болмағанда басы бүтінжекеменшік емес, жекеменшік аренда нарығы болуы керек. Мысалы, кейбір елдерде49 немесе 99 жылға берілген жалға беру құқығын басқа біреуге сата береді.Үкіметтен жалға алады, бірақ, оны пайдалана алмаса сатады. Иә, «Жердішетелдіктер алмауы керек, егер шетелдіктер келісім-шартқа отырса әділетбасқармасы тіркемеуі керек» деген қатаң талап қою қажет. Оның несіне қорқамыз?Осы мәселені шешсек, кепілдіктің түрі пайда болады, оның нарығы пайда болады.Көп фермерлер қаржы көздерін табар еді. Жерді тиімді пайдаланудың көпмәселелері шешімін табар еді.

Ашық әңгімеңізге көп рахмет.

Әңгімелескен – Оралхан ДӘУІТ.

Фото: vlast.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 10:26
Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:35
Кәсіпкерлерді қолдайтын жобалардың бабын келістіре алдық па?
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:23
Сауда ынтымақтастығын арттыру маңызды болып тұр
Айжан БҮРКІТБАЕВА 24.09.2020, 09:30
Жеке тұлғаларды банкроттау заңы керек пе?
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:22
Доллар қымбаттап жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 10:46
Депозит нарығы: Банктер халықты қашанғы тонайды?

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39