Бір құнажынның құны - 550 мың теңге

07.06.2019, 22:15

69

Мемлекеттікқолдаулардың арқасында қазір Түркістан облысы ет экспорты бойынша өңірлердіңарасында бірінші орында тұр.

Мал басын асылдандыру үшінжасалған «Сыбаға» бағдарламасы, Ауыл шаруашылығын кешенді дамытудың 2017-2021жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының нәтижесінде былтыр облыста 4,5мың тонна ірі қараның еті алыс жақын шет елдерге экспортталып, тапсырма 4,5есеге орындалған. Республикада экпортталған еттің жартысы бір ғана Түркістаноблысына тиесілі.

Өңірде мал бордақылау ісі Сайрам ауданында жақсы дамыған.Аталған аудандағы ұсақ мал бордақылаушылар бүгінде ірі копперативтергебірігуде. Соңғы жылдары  Сарығашта дакәсіптің осы түріне ден қойған шаруалар көбеюде.

Сарыағашта  еттібағыттағы 76 мал шаруашылығын дамытатын орындар ашылуда. Бұл үшін шаруақожалықтары асыл тұқымды бұқаларға 150, аналық бастарының әрқайсына 20 мыңтеңгеден субсидия алады.

Аудандағы жеке кәсікер Валибек Мамедов ет бағасықолжетімді болуы үшін Петропавл қаласынан «Ангус» асыл тұқымды ірі қараның12-14 айлық 57 аналық, 5 аталық бұқасын әкелген. Әрқайсысы 550 мың тұратын бұлқұнажындар семіргенде тәулігіне 1-1,5 келіге дейін салмақ қосады.

Дегенмен асыл тұқымды мал бағу да оңай емес. Ол үшінтиісті талаптарды орындау қажет. Малдың санына сай жайылым жер болу керек. Осысебепті В.Мамедов қазір әкімдіктен қосымша 50 гектар жер алу үшін конкурсқақатысып жатыр. Күзге қарай тағы жүз ірі қара келеді. Түбі олардың санын 500-гежеткізу көзделуде.

«Ангус» құнажындары төлін келесі жылы береді. Сол арқылы жергіліктімалдарды асылдандыру көзхделіп отыр. Яғни, аудандағы мал шаруашылығыменайналысып жатқандарға төлді таратып, етті малдардың санын көбейтпек.

Б.ЕРНАЗАРТүркістаноблысы.

Фото: ernur.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 30.11.2020, 09:42
"Ауылда дамымай қалдық"
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 13:30
30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
Қарлығаш Зарыққанқызы 27.11.2020, 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!
Айжан БҮРКІТБАЕВА 26.11.2020, 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 26.11.2020, 13:52
Қазаққа малын көгендеп бағу ғана қалды
Қарлығаш Зарыққанқызы 25.11.2020, 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!

Аңдатпа


  • Мұғалімдер vs Кітапханашылар: Аймағамбетов кім жағына шығады?
    10:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26