Биткоинмен пара алғыштар неге абыржып жүр?

Қамал СӘТТІЛІК

22.04.2021, 09:18

3504

Қазақтың да парасына айналған биткоин құны кеше ғана қатты құлдырап, 9 мың долларға бір-ақ арзандады. Осылайша 64 850 доллар тұратын бір биткоин 51 541 болып қалды. Мүмкіндікті қалт жібермей, жеп қалып, үптеп-тартып алып, әйтіп-бүйтіп жинағанын теңге емес, мал емес, алтын емес, осы заманауи ақша түрінде сақтауға бүйрегі көбірек бұратын біздегі қалталыларға, әрине, бұл жаңалық аспаннан жай түскенмен бірдей болды.

        Әлқисса,  Bitcoin дегеніміз – әлемдегі ең қымбат сандық валюта. Бірақ көп ел оны ресми түрде мойындамайды, соның ішінде Қазақстан да бар. Заң бойынша бұл сандық ақшаны Қазақстан территориясында қолдануға тыйым салынады, ол ақша ретінде мойындалмайды. ҚР Ұлттық банкі осылай дейді. Оның үстіне қаржы пирамидасы секілді белгілері болғандықтан, оған алаяқтар да үйірсек келеді екен.

                          Алаяқтар криптовалютаға неге үйір?

       «Яғни ICO  мен IPO-ның инвестициялау қағидаттары өте ұқсас.  Ал инвестиция жасап жатса, ешкім де оның эмитентін тексеріп жатпайды, сондықтан инвесторлар құқығын қорғауға ешкім кепілдік бермейді. Осы жағынан алғанда, криптовалютаға қатысты барлық операция еш кепілсіз, ел азаматтарының өз таңдауы  мен тәуекелі бойынша жүзеге асырылады», –  дейді Ұлттық банктегілер.

       Біздегі ресми орган осылай ескерту жасап, аузын жиып үлгерместен, мұхиттың арғы жағынан осыны растай түсетін, 16 сәуірде суыт хабар да келіп жетті. Биткоинның бір тәулікте 10 пайызға арзандап, 9 мың доллар құнын жоғалтуына  «АҚШ-тағы қаржы министрлігінің бірнеше қаржы институтына криптовалюталарды пайдаланып, ақшаны жылыстатқаны үшін айып тақты» деген қауесет ықпал етіпті. Мұны FXStreet агенттігі хабарлады. Демек, бұл ұры-қарыдан тұратын жүйедегілер үшін  заңсыз ақшаны заңдастырып, ал заңдысын басқа жаққа жылыстатқанға таптырмайтын қаржы құралы болса керек. Содан кейін де оның біздің елімізде сұранысқа ие болуы заңдылық секілді.

                        Қазақтың парақорлары мен биткоин

       Иә, биткоин қолданысына елімізде заңмен тыйым салынса да, шенді-шекпенділер арасында ол жоғары сұранысқа ие көрінеді. Бұл туралы саясаттанушы Санжар Боқаев «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында ашық айтты (сілтемесі — <a href=«www.youtube.com/watch?v=eVal__6xFMs» style=«font-family:»Times New Roman",serif; color:blue; text-decoration:underline">https://www.youtube.com/watch?v=eVal__6xFMs

). Оның айтуынша, биткоин –  казино фишкасы секілді нәрсе. Одан бөлек, оны флешкамен де алып жүре беруге болады екен. «Болашақпен» оқып, шетел көріп келген жастар Қазақстанды өзгерте ме десек, жоқ, керісінше. Олардың да ойы алдыңғы буын секілді – қалай байысам, қалай қазынадан ақша тапсам деген. Сөйтіп, осы былық жүйеге қазіргі заманауи қитұрқы тәсілдерді қолданып, аға-көкелерімізден де асып түсіп жатқан жайы бар. Мысалы, өткенде біреу: «Сәке, қазір ешкім ақшамен пара бермейді», – дейді. «Сонда қалай?» десем, «Қазіргі пара – биткоин», – дейді. Көрдіңіз бе?» – деді ол өз сұхбатында.

       Оның айтуынша, кабинеттерге флешка алып кіруге бізде еш тыйым салынбаған. «Оны ешкім тексермейді, ондай заң жоқ, тіпті тексерді дегенде де, оның ішіндегі жыпырлаған цифрды ешкім түсінбейді, кодын білмейді», – дейді саясаттанушы.

       Қазақстанда қолданысына тыйым салынса, ол «ақшаны» біздің азаматтар сонда қалай қолданып жүр? Бұл заңды сауалға саясаттанушы былай жауап қатады: «Оның өз бағдарламасы, ақшаға айналдыратын адамдары бар. Биткоин, бір сөзбен айтқанда, казино фишкасы секілді».

        Тағы мына бір қайшылыққа да назар аударта кетелік. Қазақстан билігі ресми түрде биткоинды ақша ретінде мойындамағанымен, оның  өндірісін заңдастырып, ашықтан-ашық  оған жол ашып қойған. Халыққа қажетті ине-жіптен бастап, киім өндірісін әлі күнге дейін дұрыстап бір жолға қоя алмай келе жатқан Қазақстан, неге екенін, осы криптовалюта өндірісінде жолы болып, қыруар пайда тауып жатқан жайы бар. Мысалы, қарқынды дамыған криптобизнестің арқасында еліміз сырттан 60 млрд теңгенің инвестициясын тартыпты.

                          Қазақстандағы криптофермалар

       Бүгінде Қазақстанда 13 криптоферма жұмыс істейді, одан бөлек, тағы төртеуі жаңадан салынып жатыр. Олардың басым бөлігін Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстарынан байқауға болады. Қожайындары  шетелдіктер. Кеше ғана Павлодарда осындай өндіріс орнының отқа оранғаны туралы БАҚ беттерінде ақпарат қылаң берді. Мысал үшін осы Екібастұздағы кәсіпорынның тарихына тоқтала кетейік.

        2017 жылы күзде Павлодар облысы бизнес-делегациясының Қытайға сапары кезінде алғаш рет осы өндіріс құрылысы туралы сөз болды. Арада бір жыл өтпей жатып облыста майнинг-орталық төбе көтерді. 2018 жылы оны BNK Energy жергілікті компаниясы мен америкалық инвесторлар құрды. Жобаға олар 3 млрд теңге жұмсаған. Алайда инвесторлардың есімі еш жерде ашық айтылмайды. Бірақ белгілісі – криптовалюта өндірісіне лайықталған қытай компаниясының құрал-жабдықтары пайдаланылады.

        Ал инвесторлардың өзі не дейді дейсіз бе? Enegix мәліметі бойынша, криптовалюта өндірісін Қазақстанда дамытуға ыңғайлы екі фактор бар. Біріншіден, криптовалюта өндірісі мұнда заңдастырылған, яғни заңды өндіріс ол. Екіншіден, сандық ақша өндірісі көп электр энергиясын қажет етеді екен. Мысалы, орташа есеппен бір криптовалюта монетасын жасап шығуға 80 мың кВт/сағат ток жұмсалады. Яғни ақшалай есептесек, бір биткоин жасауға жарты миллион теңге кетеді. Иә, шетелдік инвесторлар үшін басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның электр тарифі арзан әрі тартымды.  Содан кейін де олар осында келуде.

                        Биткоин – болашақтың ақшасы ма?

         Мұндай электронды ақша 10 мемлекетте заңдастырылып үлгеріпті. Оның ішінде АҚШ, Швеция және Дания да бар.

       Ал биткоинды болашақтың ақшасы деп айта аламыз ба? Бұл ретте сарапшылар ол ақша құралы ретінде өзін әлі ақтап, дұрыс көрсете алмай жатқанын, сондықтан оған көп иек артпауға кеңес береді. Бірақ нақты жағдай керісінше сипатқа ие. Яғни әлемде биткоинды инвестициялауға арналған актив ретіндегі сапасы жақсарып, өте жоғары сұранысқа ие болған. Оған биткоин бағасының рекордтық көрсеткішке көтерілгені дәлел бола алады. Бірақ онда да бағасы тұрақты емес екенін бүгінгі жағдай тағы бір дәлелдеп берді. Қалай дегенмен де, биткоин болашақ цифрлық ақшаның «алтыны» болуы ықтимал деген болжамдар да айтылып жүр.

                                                                                           

Тегтер: экономика инвестиция кедейлік шегі халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Оразәлі СӘБДЕН 18:30
Қазақстанға атом электр станциясы қажет пе?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 07.12.2021, 09:07
Зейнетақы жинағы: үкімет ақыры оны да халыққа қимады
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 06.12.2021, 08:56
«Баспана түгіл тас та жоқ»-сарапшы...
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 12:42
Теңге бағамын ұстау Ұлттық банкке қымбатқа түсіп тұр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 02.12.2021, 09:02
Триллиондарды жұтқан министрлік тұралап тұр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 30.11.2021, 09:10
Қой көрмеген қуалап өлтіреді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» пен жаңа ұрпақ
    12:29
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00