Биыл 3,9 млн гектар жерге өңдеу жұмыстары жүргізіледі

19.08.2019, 20:01

16

Бүгінгі күні еліміздегі егістіктердің жай-күйі қанағаттанарлықжағдайда. Дәнді дақылдар түптеніп, сабақтану фазасына енді. Биыл жалпы көктемгіегіс алаңы 19,0 миллион гектарды құрады. Дегенмен де егіндіаман-есен сақтап қалып, сапалы өнім алу үшін қазір ең алдымен қорғауіс-шараларын жүргізуге ерекше көңіл бөлу қажет. Яғни, фитосанитариялыққауіпсіздіктің маңызы зор.

Ауылшаруашылығыминистрі Сапархан Омаровтың айтуына қарағанда 2019 жылы 3,9 миллион гектаралаңда аса қауіпті зиянды организмдердің, оның ішінде 2,3 миллион гектардадәнді дақылдар ауруларының, 950,4 мың гектарда үйірлі шегіртке тектесзиянкестерге қарсы өндеу жұмыстары жүргізіледі. Нақтырақ айтсақ, аса қауіптізиянды организмдерге қарсы қорғау іс-шараларын ұйымдастыру үшін республикалықбюджеттен 4,9 миллиард теңге, оның ішінде үйірлі шегіртке тектес зиянкестерменкүресуге 2,1 миллиард теңге бөлінді. Бүкіл болжанып отырған алаңда шегірткетектес зиянкестермен күресу үшін қажетті көлемде препараттар сатып алынды.Бұдан басқа, қолда 521,5 мың гектарға немесе болжанып отырған көлемнің 54 пайызынажететін пестицидтер запасы бар.

Ағымдағы жылықорғау іс-шараларын дайындап, жүргізу бойынша уақтылы жүргізілген ұйымдастырушараларының арқасында аса қауіпті зиянды организмдердің таралуына қатыстыкарантиндік және фитосанитариялық тәуекелдер, сондай-ақ ауыл шаруашылығыдақылдары егістерінің бүлінуі барынша азайды. Бұдан басқа, карантиндік,фитосанитариялық іс-шараларды жедел жүргізу нәтижесінде аса қауіпті зияндыорганизмдер мен карантиндік объектілер таралатын алаң 2 есеге – 2015 жылғы 7,3миллион гектардан ағымдағы жылы 3,9 миллион гектарға дейін қысқарды. Мысалы, үйірлішегіртке тектес зиянкестер бойынша таралу алаңы 3,5 есеге – 2015 жылғы 3,3миллион гектардан ағымдағы жылы 950 мың гектарға дейін азайды; Дәннің сұр түнкөбелегі бойынша таралу алаңы 2 есеге – 2015 жылғы 927 мың гектардан ағымдағыжылы 562 мың гектарға дейін қысқарды;

Бұдан бөлек карантиндікарамшөп – тікенекті алқаның ошағы жойылды. Калифорния сымыры бойынша таралуалаңы ағымдағы жылы 2,7 мың гектардан 912 гектарға дейін 3 есеге қысқартылды. Америкалықкөбелек бойынша таралу алаңы ағымдағы жылы 1 588 гектардан 85 гектарға дейін,яғни 20 есеге қысқартылды. Жалпы республика бойынша химиялық өңдеу жұмыстарына5324 арнайы бүріккіш техника, атап айтқанда 4 бюджет қаражаты есебінен қорғауіс-шараларын өткізу үшін 180 бүріккіш техника қатысты.

Ағымдағы жылғы4 шілдедегі жағдай бойынша карантиндік және фитосанитариялық іс-шаралар 600 мыңгектар алаңда жүргізілді, бұл болжанған алаңның 15 пайызын құрайды. Яғни, Мароккошегірткесіне қарсы химиялық өңдеу Түркістан және Жамбыл облыстарында толығыменаяқталды. 7,3 мың гектар (оның ішінде Түркістан облысында 5,0 мың гектар жәнеЖамбыл облысында 2,3 мың гектар) өңделді. Италияндық шегірткесі және азиялық шегірткебойынша қорғау іс-шаралары жалғасуда, италияндық шегірткесіне қарсы 341,7 мыңгектар және азиялық шегірткеге қарсы 133,2 мың гектар жер өңделді.

Сондай-ақ, дәндідақыл егетін алаңдарда арамшөптерге қарсы химиялық отау 7,3 миллион гектаржерге жүргізілді, бұл жоспарланған 7,9 миллион гектардың 92 пайызын құрайды.Жақын уақытта негізгі астық себетін өңірлерде дәнді дақылдар ауруларына қарсыхимиялық өңдеу жүргізуге кірісу жоспарлануда. Ақмола, Қостанай  және Солтүстік Қазақстан облыстарына қажеттіфунгицид жеткізілді.

Карантиндікобъектілердің басқа мемлекеттердің аумағынан енуін және таралуын болдырмаумақсатында еліміздің карантиндік фитосанитариялық қызметі көрші жатқанмемлекеттермен мемлекеттік шекараның бүкіл 5 периметрі бойынша орналасқанфитосанитариялық бақылау бекеттерінде, сондай-ақ өнім жеткізілетін орындардатұрақты түрде карантиндік фитосанитариялық бақылауды қамтамасыз етуде.

Еуразиялық экономикалықодақтың сыртқы кеден шекарасында 24 фитосанитариялық бақылау бекеті (ФБП), РесейФедерациясымен шекара маңында 28 ФБП мен Қырғыз Республикасымен шекара маңында4 ФБП бар. Ішкі 19 ФБП тағы бар. Ауылшаруашылығы министрлігі Ресей Федерациясымен Қырғыз Республикасымен шекара маңындағы аумақтардағы фитосанитариялықбақылау бекеттерінің тізбесін бекіту жөнінде тиісті бұйрық қабылдап, жаңаданқұрылған бекеттердегі бақылау жүргізу тәртібін бекітіпті. Осыдан кейін ҚазақстанРеспубликасының аумағына карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде 2019жылдың бірінші жартыжылдығында 1314 бұзушылық, оның ішінде 14 карантиндікобъектімен залалданған өнімді әкелу фактісі анықталды, 16 миллион теңгеге 243айыппұл салынды.

Сондай-ақ, ҚазақстанРеспубликасының аумағын карантиндік объектілердің енуі мен таралуынан қорғаумақсатында 2019 жылғы 19 ақпанда Қырғыз Республикасының аумағынан құрма, алма,тұқымдық және азық-түліктік картоп әкелуге тыйым салу түрінде уақытшакарантиндік фитосанитариялық шаралар енгізілді. Және Өзбекстан Республикасыныңаумағынан анар жемісін әкелуді шектейтін шаралар қабылданды.

«Барлықкөрсетілген фактілер бойынша Қырғызстан мен Өзбекстанның фитосанитариялыққызметтерімен Қазақстан Республикасының аумағына қойылған талаптарға жауапбермейтін өнімдерді әкелу фактілерінің алдын алуға бағытталған Хаттама мен Жолкартасына қол қойылды. Анықталған бұзушылықтарды жою және Қырғызстан менӨзбекстанның фитосанитариялық қызметтері тарапынан пәрменді шаралар қабылдауқорытындылары бойынша уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар қайтақаралды», дейді бұл жөнінде еліміздің ауылшаруашылығы министрі Сапархан ОМАРОВ.

Фото: kk.lacroixx.com

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:35
Кәсіпкерлерді қолдайтын жобалардың бабын келістіре алдық па?
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:23
Сауда ынтымақтастығын арттыру маңызды болып тұр
Айжан БҮРКІТБАЕВА 24.09.2020, 09:30
Жеке тұлғаларды банкроттау заңы керек пе?
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:22
Доллар қымбаттап жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 10:46
Депозит нарығы: Банктер халықты қашанғы тонайды?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 22.09.2020, 10:36
SMART СARD сергелдеңге сала ма?

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27