Биыл мақташылар судан таршылық көрген жоқ

20.08.2019, 09:33

133

Түркістан облысы Жетісай ауданында мақтаалқаптарын суару науқаны қыза түсті. Қазіргі таңда аудан бойынша 10мың гектар ақ алтын алқабы суарылған. Шаруалар ағын судан тапшылық көріп жатқанжоқ. Бүгінде «Достық» және «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы каналдарынансекундына 52 текше метр ағын су келуде.

— Бұл көлем шаруалардың сұранысын толыққанағаттандырып отыр, — дейді Жетісайаудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысыМарат Әбуов. Оның айтуынша, 52 текше метр судың 20 текше метрін «Тәуелсіздіктің20 жылдығы» каналы берсе, қалғаны «Достық» каналының еншісінде. 

Аталған аудан әкімдігінің таратқан мәліметінеқарағанда,  Қазыбек би ауыл округініңшаруалары тәулігіне 98 гектар мақта алқабын суарып үлгеруде. Ал жалпы суарылған алқап 665 гектарды құрайды. «МАК» шаруақожалығының төрағасы Мұхтар Ботабековтің 17 гектар мақта алқабына сужібергеніне бүгін 3 күн болыпты. 

«Ағын судан тапшылық жоқ. Каналда су жеткілікті.Қазір біз жаппай суаруды бастап жібердік. Алдағы аптада мақтаның бірінші суарымын аяқтаймыз»,дейдіМұхтар Ботабеков. 

Биыл бұл қожалық мақтадан бөлек, 3,5 гектар жерге«Жиенбай» қауынын егіпті. Ашық грунтта егілген қауын алдағы аптада толығыменпісіп жетілмек. 

Мақта алқаптарын суаруда Жаңаауыл ауыл округініңшаруалары да алда келеді. Бүгінге дейін мұнда 842 гектар ақ алтын алқабысуарылған. Айта кетейік, биыл Жетісай ауданында 45 мың 100 гектарға мақтаегілген.

Жалпы, мақта ыстықты және суды жақсы көретін өсімдік. Оныуақытымен суармаса өнім күйіп кетеді. Сол себепті дәл қазіргі, суару науқаныкезіндегі судың жеткілікті келуі маңызды. Осы күнге дейін мақташылар судыңзардабын аз тартқан жоқ. Өйткені, жаппай суару жұмыстары басталғанда Сырдарияныңсуы азайып кетеді. Оның себебі ағынның бас жағында отырған Өзбекстан судың көпбөлігін бұрып алады да, Қазақстанға көп су жетпей қалады. Қырғыздар да жаздакөп пайдаланады да, қыста электр энергиясын мол өндіру үшін көп ағызады. Осы бірқарама-қайшылықтар Қазақстан шаруаларының 20 жылдан бергі шеше алмай кележатқан мәселелері. Десе де, биылғы маусымдағы судың жеткілікті екендігіжоғарыда аталған проблемалардың шешімін тауып келе жатқанын көрсетеді.

Фото автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 08.05.2021, 09:27
«Барлығы майдан үшін»: Қазақтардың тылдағы еңбегі соғыстағы ерліктен кем болған жоқ
Есбол ҮСЕНҮЛЫ 05.05.2021, 08:58
Каспи банктің миллиардер қожайындары мен «Миллион» борышкері
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 04.05.2021, 14:52
Қолда бар санаулы қаржыны қалай жұмыс істетуге болады?
Бифат ЕЛТАЕВА 04.05.2021, 11:22
Субсидия зары
Қамал СӘТТІЛІК 30.04.2021, 08:56
Бұл жолғы қымбатшылық алдыңғыларынан өзгерек
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.04.2021, 08:56
Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56