Биыл Қарағанды облысында 4000 пәтер берілмек

14.02.2019, 23:42

13

Биыл жалпы саны 4000-нан аса қарағандылық отбасы пәтерлі болады. Бұл туралы Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, Қарағанды облысының құрылысшылар қауымдастығының төрағасы Төлеген Әшімов айтты. Ол халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған тұрғын үй мәселесі қалай шешіліп жатқаны туралы айта келіп, биылғы жылы 1000-нан астам қарағандылықтар көптен күткен баспаналарына ие болатынын тілге тиек етті. Бұл әр түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында кезекте тұрған тұрғындар. Атап айтсақ, несиелік тұрғын үй бағдарламасы бойынша Қарағандыда 10 үй және Жезқазғанда 18 пәтерлі бір үй тапсырылады. Жалға берілетін тұрғын үй бойынша облыстың 10 аймағында 12 үйдің құрылысы салынып жатыр. Бұл құрылыстар 2019 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.Жалпы облыс бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыста жыл аяғына дейін 4 мыңнан астам пәтер қолданысқа беріледі. Бұл пәтерлер қаржыландырудың барлық көздері есебінен жүргізілген бағдарлама нәтижесіндегі жалпы көрсеткіш. Айта кету керек, жалға берілетін, несиелік тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 10 млрд. 480 млн. теңге қарастырылып отыр.Сонымен қатар, «7-20-25» бағдарламасы бойынша да бірқатар шаруалар қолға алынып жатыр. Бұл бағдарламаға сәйкес Қарағанды облысында бюджеттен тұрғын үй сертификатына 1 млрд. теңге бөлінбек. Бұл сертификаттарды да жөнсіз таратып бере салмай, облыстың экономикалық-әлеуметтік, қоғамдық жағынан дамуына ықпалы зор, сұранысқа ие мамандар алады деп жоспарлануда. Дәрігерлер, мұғалімдер, полицейлер арасында жетіспейтін салалық мамандар осылайша, өз баспанасын сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Мұндай отбасылардың саны шамамен 700-дей болады деп күтіліп отыр.Қазіргі кезде жеке тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жалпы жұмыстардан бөлек, биыл инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына (13 жоба) республикалық және облыстық бюджеттен 2 798,8 млн. теңге бөлінген. Бұл бағытта да белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтады облыстық құрылысшылар қауымдастығының төрағасы.Фото: Қарағанды облысы әкімінің сайты
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 10:26
Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:35
Кәсіпкерлерді қолдайтын жобалардың бабын келістіре алдық па?
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:23
Сауда ынтымақтастығын арттыру маңызды болып тұр
Айжан БҮРКІТБАЕВА 24.09.2020, 09:30
Жеке тұлғаларды банкроттау заңы керек пе?
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:22
Доллар қымбаттап жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 10:46
Депозит нарығы: Банктер халықты қашанғы тонайды?

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39