Биыл Шығыста 60 ауылдың жағдайы жақсартылмақ

10.03.2019, 13:40

129

Шығыс Қазақстанда ауылдарды дамытудың алдағы 10 жылға арналған кешенді жоспарын әзірлеу көзделіп отыр. Облыс әкімі Даниал Ахметов осы тұрғыда өңірлерді дамыту бағдарламасына сәйкес, биылғы жылы 60 жоба қолға алынатынын айтты. Өңір басшысының қоғамдық жиында ауылшаруашылығы саласы бойынша жасаған мәлімдемесіне сүйенсек, 2020-2025 жылдары 217 жоба орындалатын болады.Жалпы, Шығыс өңірде 710 елдімекен бар, ал оның 568-і әлеуметтік-экономикалық даму жағынан орташа деңгейде. 92 ауылдың даму көрсеткіші жоғары, ал мәселесі шаш етектен ауылдар саны-50.Өңірлерді дамыту бағдарламасына сәйкес, жоба аясында ауыз сумен қамту, газ құбырын тарту, әртүрлі деңгейдегі жолдарды жөндеуге назар аударылмақ. Біраз жылдардан бері «жырға» айналған Зайсан ауданының 8 ауылын көгілдір отынмен толықтай қамтамасыз ету мақсатында облыстық ТҮКШ Үкіметпен бірлесе жұмыс атқарып жатқан жайы бар. Көршілес Тарбағатай ауданы бойынша 35 мың тұрғынға  газ жеткізу көзделіп отыр. Қазірдің өзінде 24 елдімекенге газ құбырын тартудың жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.– Республика бойынша жергілікті жолдар мен аймақтық транспорттық инфрақұырылымдарды кеңейту мақсатында 2025 жылға дейін 350 млрд теңге бөлінбек. Соған орай ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жергілікті жолдарды орташа жөндеуден өткізуге бөлінетін қаражатты игеру мақсатында есеп-қисап құжаттарын дайындап, осы салаға қатысты министрлікке жолдауы тиіс, — дейді Даниал АХМЕТОВ.Ал, мемлекет басшысы биыл «Ауыл –ел бесігі» жобасын қолданысқа енгізу қажеттігін айтқаны белгілі. Жобаны жүзеге асыру үшін алдағы үш жылға 90 млрд. теңге қарастырылып отыр.Фото: Жас Алаш  
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 20.10.2021, 10:19
Жаңа кен орындары игерілмек
Еңлік АБАҒАН 20.10.2021, 09:12
Ауғанстанға астық беру – пиар
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 19.10.2021, 14:24
Батыс Қазақстан башқұрттармен бизнес жасамақ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.10.2021, 08:23
«Досаевқа – «2», үкіметке – «-1»
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 15:39
Ауыл шаруашылығы министрі ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді
Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31