Биылғы жаз жамбылдық шаруалар үшін қолайлы болды

01.11.2019, 11:20

146

«Қыс шанаңды жазда сайла»деген сөз тектен-текке айтылмаса керек. Осы бір үрдістен жаңылмай келе жатқанауыл шаруашылығы құрылымдары биыл да ерте бастан-ақ қыс қамына кіріскен.

Бұлретте Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығыбасқармасының баспасөз хатшысы Тұңғыш ТЫНЫСБЕКҰЛЫ жалпы, биылғы жаз жамбылдық шаруаларүшін қолайлы болғанын, шабындықтарда табиғи шөп мол болып, мал азығын дайындаунауқаны ойдағыдай өткенін айтады.

«Өңірде мал қыстатуды қалыпты өткізу үшін биыл 1 миллион592 мың тонна пішен дайындау қажет болса, облыстағы барлық санаттағы ауылшаруашылық құрылымдарында 1 миллион 667 мың тонна пішен дайындалған. Бұған қосааудандарда 117,9 мың тонна сабан жиналған.
Бүгінде өңірімізде мал азығы 110-120 пайызғадайындалды. Бірақ агроқұрылымдарға мал азығының сапасына, рацион құрылымынжақсартуға ерекше талап қойылуда. Қазіргі таңда жоғары сұрыпты ет, сүт өндіруүшін мал рационында сүрлем, пішендеме сияқты құнарлы азықтың үлесін арттыру бойыншажұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта пішеннен бөлек шаруашылық субъектілерінде 60мың тонна сүрлем, 56 мың тонна пішендеме әзірленген.
Қыстауға түсетін мал санына қарайшаруашылықтарға 533,2 мың тонна құнарлы жем қажет. Ендігі жерде құнарлы малазығына деген қажеттілікті толық қамтамасыз ету үшін еліміздің солтүстікоблыстарынан 100 мың тонна жем сатып алу жоспарлануда.
Биыл өңіріміздегі мал қыстатуларында 888,6 мыңбас мал қыстатылады деп жоспарлануда. Жалпы, облыста 5 862 мал қыстауы болса,оның 1 020-сы шалғайдағы жайылымдарда, құмды аймақтарда орналасқан. Аудандардыңберген мәліметіне сүйенсек, қыстаулардағы малшыларға арналған 5 564 тұрғын үйі,2 184 қотан-қашар, 936 баз толық жөндеуден өткізілген. Сонымен бірге,дайындалған шөптің басым бөлігі сол қыстаулардың қасына жиналған.
Табиғаттың тылсым құбылысына шек жоқ. Сондықтанауыл шаруашылығы басқармасының ұсынысымен аудан әкімдіктерінде мал қыстатудыөткізу бойынша жедел штаб құрылып жұмыс істеуде. Аудан әкімінің орынбасарыбасшылық ететін штаб мал қыстату барысында туындаған барлық мәселелерді шұғылшешуге атсалысады. Қажет болған жағдайда аудандағы ірі кәсіпорындардыңрезервін, техникасын, басқада ресурстарды ұтымды пайдалануға мүмкіндікберілген.
Қорыта айтқанда, мал шаруашылығындағы ең маңыздышақ – мал қыстату науқаны. Науқан кезінде мал шығынының болмауы − келер жылғымол өнімнің кепілі. Сондықтан аудан әкімдіктері бұл науқанға жауапкершілікпенқарайды деген сенімдеміз», — дейді ол.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 20.10.2021, 10:19
Жаңа кен орындары игерілмек
Еңлік АБАҒАН 20.10.2021, 09:12
Ауғанстанға астық беру – пиар
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 19.10.2021, 14:24
Батыс Қазақстан башқұрттармен бизнес жасамақ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.10.2021, 08:23
«Досаевқа – «2», үкіметке – «-1»
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 15:39
Ауыл шаруашылығы министрі ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді
Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31