Бизнес бәсекеге бәс тігуден кенде емес

Қарлығаш САЙЛАУ

24.08.2022, 18:02

845

Қазірде қазақстандықтар үшін кәсіпкерлікті оқытатын жоба баршылық. Соның ішінде «Бизнес Бастау» жобасы бүгінде ел көңілінен шығып отыр. Аталмыш жоба  «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр.  «Еңбек» бағдарламасының негізгі мақсаты жұмыссыздықты азайту және монополист компанияларға бәсекелестік тудырып, нарықтағы бағаларды төмендету.

 Жалпы «Бизнес Бастау» жобасы нақты жұмыссыздарға және кәсіпкерлікті енді бастаған жандарға арналған. Оқу барысы  онлайн өтеді.  Оқу ұзақтығы 21 күн. Қатысушы оқу барысында жоба дайындап, қорғап шықса, қайтарымсыз грант ұтып алуға мүмкіндігі бар.

Блогер әрі журналист Дәулет Мұқай жоба туралы былай дейді:

– Жобаның маңызды тұсына тоқталатын болсам, бөлініп жатқан қаражат – кәсіп бастауға берілетін мүмкіндік. Жобаға қатысқан әр қатысушы осы мүмкіндікті пайдаланып, әрекет етіп, кәсіпті дамытуға тырысу керек.  Бүгінгі таңда біздің ішетін тамақтарымыз, киетін киіміміз, сатып алып жатқан әр техникамыздың бәрі – импорт. Біздің ел, біздің мемлекет шикізат көзіне айналып кеткен. Басқа мемлекеттер шикізатты бізден сатып алып, өңдеп, өзімізге қайта сатуда. Одан мемлекетіміздің экономикасы өспейді. Біз тек басқа мемлекеттердің табысын арттырып жатырмыз. Сондықтан елімізде шикізатты өзіміз өңдемейінше, алға жылжымаймыз. «Бастау Бизнес» бағдарламасының аты айтып тұрғандай кәсіпті бастауға арналған жоба. Оқу барысында жақсы жобамен көзге түскен, жобаны сәтті қорғап шыққан қатысушыларға берілетін сертификатпен қатар, әрі қарай 2-5 миллионға дейін қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндігі беріледі. 

Міне, осылайша кәсіби мамандардың пайымдауынша «Бизнес бастау» жобасы талай жандарға мүмкіндік ашып отыр. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандардың жобаға қатысуы тың жаңалық. Жоба бойынша нақты жұмыссыздарды, әлеуметтік аз қамтылған топтарды, мүмкіндігі шектеулі жандарды қамту негізделген. Бұл жобаға бюджеттік қызметте жүргендер қатыса алмайды.

Жобаға қатысып грант иегері атанғандардың бірі Ермек Ақаев былай дейді:

– «Бизнес бастауға» қатысып арнайы грант ұтып алғандардың бірімін. Жоба аясында өзімнің жеке шағын кәсібімді аштым. Қазір етік тігетін, шаш қиятын шағын шеберханам бар. Айлық табысым да жақсы. Бір отбасын осы кәсібіммен асырап отырмын. Мемлекетке де салық төлеймін. Отбасым да  қаражаттан тапшылық көрмейді. Жобаны ұсынушылардың идеясы көңілге қонымды. Бұл жоба бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп сенемін. Қазір ең тиімді тәсіл шағын және орта кәсіппен айналысу болып отыр. Тиімділігі сол – шығыны аз, табысы мол.

Жалпы Қазақстанда бизнесті қолдайтын жоба бұл ғана емес, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы да бар. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы негізгі үш бағыттан тұрады:

-   моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес бастамаларын қолдау;

— өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге индустриалды-инновациялық қызмет субъектілеріне салалық қолдау экономиканың басым секторлары;

-  кәсіпкерлікті қолдау үшін қаржылық емес шараларды ұсыну.

Жалпы біздің елдегі бизнес бәсекеге бәс тіге алады. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда бизнес жанданып қанат жайып келеді. «Болашақта ШОБ-тің әлеуеті, отандық өнім шығару деңгейі артып, импортқа тәуелділік азаяды» – деп үміттенеді мамандар.

Бұл ретте қаржыгерлер  «бүгінде талдау-сараптама жасау орталықтарында сұранысқа ие қызметтердің бірі – бұл бизнес-жоспарларды құру. Тек биылдың өзінде біздің кеңесшілер құны 2,3 млрд теңге 218 бизнес-жоспар жазған. Оның ішінде екінші деңгейлі банктерде 950 млн тг сомасына 78 жоба мақұлданды. Демек мұның барлығы осы жобалардың жетістігі. Болашақта бұл жобалар өз жемісін беріп, бизнестегі бәсеке көрігі қыза түсетін болады», – деп ой түйіндейді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 14:12
Зейнетақы жинағын алу: 2023 жылға арналған жеткілікті шек жарияланды
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:21
2023 жылы инфляция баяулай ма?!
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 13:59
Тауық етін тұтыну да арман болып жүрмесін...
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 09:25
Ресей мұнайының бағасы барреліне 52 долларға дейін төмендеді
Бифат ЕЛТАЕВА 29.11.2022, 08:52
Дәурен Сапарәліұлы: Дивиденд кепілді төлем емес екенін ескерген жөн
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.11.2022, 08:46
«Халықты байытамыз» десек, шенеуніктер тойынған жоқ...

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43