Бұл құрғақшылыққа былтыр дайындалу керек еді

Әділ АҚЫЛБАЙ

14.07.2021, 13:23

1437

      «Құрғақшылық Маңғыстау және Қызылорда облыстарына тән құбылыс. Фермерлер мұндай жағдайға дайын болуы тиіс еді. «Мал шаруашылығында кемінде бір жарым, екі жылдық азық қоры сақтауда тұру керек» деген қағида бар. Бірақ оның Қазақстанда неге сақталмайтыны түсініксіз. Рас, қазақ даласы ауыл шаруашылығы үшін тәуекелді аймаққа жатады. Соны ұмытпау керек еді», –  дейді Қазақстан ет одағының бас директоры Мақсұт Бақтыбаев informburo.kz тілшісіне берген сұхбатында.

       Биыл қуаңшылық келді. Көктемнің салқыны ұзаққа созылып, оның артынша жаздағы құрғақшылықтан жайылым мен шабындықтарда шөп өспей қалды. Соның салдарынан шілденің басында шөп бағасы аспандап шыға келді. Қазір де күн санап қымбаттап барады.

       Мақсұт Бақтыбаевтың айтуынша, Қазақстанда климаттың өзгеруі күннің жылынуына қарай өзгеріп барады. Сол себепті өзендер мен каналдарымыздың мүмкіндігін барынша пайдалануымыз керек, суғару бағдарламасы қажет. Алайда, өкінішке қарай, дәл осы суару бағдарламасы жұмыс істеп тұрған жоқ, инвестициялық субсидиялар мен несиелеуге тым аз ақша бөлінуде. Мәселен, Ақмола облысында 2021 жылға бөлінген инвестициялық субсидия наурыз айында-ақ таусылып қалған екен. Оның өзінде суаруға бөлінген небәрі 400 миллион теңге өткен жылдардың қарызын жабуға кетіпті. Барлық жердегі жағдай осындай, ал бюджетте ақша жоқ. Шындығында, бұл мәселеде бар-жоғы қай бағытқа көбірек басымдық беру жағы дұрыс шешілмеген.

Оңтүстік пен батыс өңірлер ғана емес, Қостанай облысында да биыл қатарынан үшінші жыл құрғақшылық болып тұр, астықтың шығымы бір гектардан үш-ақ центнер. Астығы бітіктеу деген өңірлер деп, тек Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарын ғана атауға болады.

         Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан жем-шөп дайындау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру үшін республикалық жедел штаб құрылды. Кеше ғана министрлік өңірлерде мал қыстауы үшін 6,5 млн тонна шөп дайындалғанын жеткізді.

        «Биыл ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және ішінара Алматы облыстарында малды азықпен қамтамасыз ету жағдайы қиындады. Құрғақшылық салдарынан мал өлімі Маңғыстау облысында және Қызылорда облысының Арал ауданында тіркелді. Маңғыстау облысы бойынша 1147 ауыл шаруашылығы жануары немесе облыстың жалпы мал басының 0,13 пайызы, Қызылорда облысы бойынша – 492 немесе облыстың ауыл шаруашылығы жануарының жалпы мал басының 0,03 пайызы өлді», – делінген министрліктің 8 шілдеде таратқан хабарламасында.

Жауапты орган құрғақшылықтан зардап шеккен өңірлердің фермерлері үшін мал жаюға жайылымдарды беру және шөп шабуды ұйымдастыру бойынша өңіраралық өзара іс-қимыл ұйымдастырып жатырмыз дейді.

Көршілес Ақтөбе облысынан ірі жемшөп жеткізу ұйымдастырылды», – деген есеп берді министрлік.

      Болжам бойынша, биылғы құрғақшылық пен мал азығының қымбаттауы еттің едәуір қымбаттауына әкеп соғады. Мақсұт Бақтыбаевтың айтуынша, қазір шөп бағасы кей өңірлерде тіпті 100 пайызға қымбаттады.

       «Арпаның биылғы түсімі қандай болатыны әзірге белгісіз, бірақ болжамға сай, ол да арзан болмайды, оның бағасы шамамен 85-90 мың теңге болады деп болжануда. Әдетте 45-50 мың теңге тұратын бұл арпа! Ендеше еттің өзіндік құны 20 пайызға қымбаттауы мүмкін. Қазір еттің көтерме бағасы әр келісіне 1600-1800 теңге, қыркүйек-желтоқсанға қарай оның бағасы 200-300 теңгеге көтерілуі мүмкін. Бірақ тамыз-қыркүйек аралығында еттің өзіндік құны төмендейді. Қысқа дайындаған азығы жоқтар малын амалсыз сояды, нарығымыз тым шектеулі болғандықтан, мұндай қысымнан баға түседі. Бірақ мен көтерме бағалар туралы айтып отырмын, ал көтерме баға мен бөлшек сауданың арасы жер мен көктей», – дейді сарапшы.

Тегтер: қуаңшылық құрғақшылық мал шаруашылығы мәселе

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 29.07.2021, 17:20
Сүт өнімдерін цифрлық таңбалау өзекті
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.07.2021, 08:48
Қорды сақтай алмаған Үкімет Қор болмақ
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.07.2021, 08:43
Қазақ ауылының кежегесі неге кері тартып тұр?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15