Бұрынғы қаржы министрі қаржы игермеушілердің көшін бастады

11.12.2018, 18:08

102

Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша 28 млрд. теңге игерілмеді.Қаржы министрі Әлихан СМАЙЛОВТЫҢ айтуына қарағанда бұл өткен жылдың 11 айындағы көрсеткіштен 34 млрд. теңгеге аз. 2017 жылдың 11 айында – 62 млрд. теңге игерілмеген болатын.Астана қаласының қазіргі әкімі Бақыт СҰЛТАНОВ қаржы министрі қызметінде жүргенде бюджет ақшасын игере алмағандарды жариялап, үкімет жетекшісінің алдына жығып беріп жатушы еді. Енді 11 айдың қорытындысы бойынша Бақыт Сұлтановтың өзі қаржы игере алмаушылардың көшін бастады. Яғни, министр болудан әкім болу өте қиын екенін Бақыт Тұрлыханұлы енді аңғарғандай...Сонымен игерілмеудің ең ірі сомалары келесі өңірлерде қалыптасты:Астана қаласы – 9 млрд. теңге, Түркістан – 4 млрд. теңге, Қызылорда — 3 млрд. теңге, Шымкент қаласы және Маңғыстау, Павлодар облыстарында 2 млрд. теңгеден.Бұл қаражаттар орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және жеткізілетін тауарлардың бекітілген кестеден кеш қалуы себебінен игерілмеді.Премьер-министр Бақытжан САҒЫНТАЕВТЫҢ «Бұл қалай болды?» деген сұрағына Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов бір-ақ ауыз сөз айтты: — Жыл аяғына дейін толық игереміз… Фото: sputniknews.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 08:40
Ерғалиевтің «ерен» реформасына ел не дейді?
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 07.06.2021, 10:03
Халықты асырайтын ауыл болады, үкімет мұны қашан сезінеді?!
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.06.2021, 10:38
Жасыл энергияға көшу – әлем көшіне ілесудің кепілі
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 04.06.2021, 08:48
«Қазақтелеком» қан қақсатып тұр
Сайт әкімшілігі 03.06.2021, 12:55
Ashyq жобасы - Kaspi.kz қосымшасында
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 03.06.2021, 12:06
Шенділердің қырсыздығы шаруаларға қашанғы қолбайлау болады?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02