Цифрландыру шеңберінде Е-QURYLYS және Е-SHANYRAQ жобалары жүзеге асады

01.02.2019, 16:06

140

Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландыру шеңберінде 2 жоба жүзеге асырылады. Олар — құрылыс сапасын бақылаумен және объектілерді пайдалануға қабылдаумен байланысты Е-QURYLYS цифрлық порталы және ПИК-тің коммуналдық қызметтері мен жұмысын тұтынудың ашықтығын қамтамасыз ететін Е-SHANYRAQ ақпараттық жүйесі. Өткен жылы рекордтық 12,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2017 жылғы деңгейден 12,1%-ға жоғары. Барлық өңірлерде тұрғын үй құрылысы бойынша оң серпін байқалады. Бұл ретте едәуір өсім Маңғыстау (141%), Атырау (127%), Түркістан (122%) және Жамбыл (121%) облыстарында байқалып отыр.2018 жылы бір тұрғынға тұрғын үйді беру 0,68 шаршы метрді құрады. Бұл ТМД елдерінің ішінде ең жоғары көрсеткіш. Атап айтар болсақ, Ресейде бұл көрсеткіш — 0,54 ш.м., Беларусьте — 0,40 ш.м., Өзбекстанда — 0,36 ш.м. болып отыр. 113 мыңнан астам отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарды, оның ішінде мемлекеттік қаражат есебінен 14 мыңнан астам отбасы жалға берілетін және кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз етілді.«7-20-25» бағдарламасын іске асыру үшін инженерлік коммуникациялардың құрылысын қаржыландыру 100 млрд. теңгеге дейін артты.Биылғы құрылыс қарқыны былтырғыдан кем болмайды. Жалпы 2019 жылы 13 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Оның арқасында шамамен 118 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.Құрылыс саласындағы тағы бір өзекті мәселе — жобалау және құрылыс кезеңіндегі отандық материалдарды қолдану мәселесін Үкімет ерекше бақылауына алды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша құрылыстағы қазақстандық  қамту үлесі 77%-ті құрады.Өткен жылдан бастап ауылды сумен жабдықтауға жыл сайын барлық қаржыландыру көздерінен 100 млрд. теңге бөлінуде. Осыған орай, 84,4% ауылдық елді мекен орталық сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілді (6,5 млн. адам). 3 жыл ішінде қала тұрғындарын ауыз сумен қамту 98% (10,9 млн.адам) және  ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамту — 88,5% құрады (6,9 млн. адам).Дереккөз: inform.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 20.10.2021, 10:19
Жаңа кен орындары игерілмек
Еңлік АБАҒАН 20.10.2021, 09:12
Ауғанстанға астық беру – пиар
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 19.10.2021, 14:24
Батыс Қазақстан башқұрттармен бизнес жасамақ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.10.2021, 08:23
«Досаевқа – «2», үкіметке – «-1»
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 15:39
Ауыл шаруашылығы министрі ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді
Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31