Цифрландыру жемісі: электронды сауда қызып тұр

Еркежан АРЫН

22.09.2020, 10:14

312

      COVID-19 пандемиясы онлайн-сауданың айтарлықтай өсуіне және B2C (тұтынушыға бағытталған кәсіп) арналары арқылы сатылымдардың өсуіне әкелді. Интернеттегі бөлшек сауда белсенділігінің артуы карантин басталған кезде байқалады. B2C арналары арқылы сатылымның артуы, әсіресе, дәрі-дәрмектерді, тұрмыстық заттар мен азық-түліктердің интернет-сатылымда артуынан байқалады. Қазақстанда 2000-нан астам интернет-дүкен бар. Алайда табыс салығын төлеуден босату түрінде салық жеңілдіктерін алу үшін тек 601 интернет-дүкен тіркелген.

      «Қазпошта» АҚ мәліметінше, электронды коммерция нарығының көлемі 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 435 миллиард теңгені құрады. Бұл бөлшек сауда жалпы көлемінің 9,4 пайызын құрайды. Ағымдағы жылдың соңына дейін 900 млрд, ал 2022 жылға қарай бұл көрсеткіш 1,9 трлн теңгеге жетеді деген болжам жасалып отыр, ал бұл бөлшек сауда жалпы көлемінің 13 пайызын құрайды. Алдағы мақсат – 2025 жылға қарай бөлшек саудадағы электрондық коммерцияның үлесін 10 пайызға жеткізу. Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елдегі қолма-қол ақшасыз жасалған операциялардың көлемі 2,5 еседен астамға артып, шамамен 7,5 трлн теңгені құрады.

      Ақпараттық инфрақұрылымды дамыту мүмкіндіктері электронды сауданың өсу әлеуеті де тоқтамағанын көрсетіп отыр. Осылайша 2021-22 жылдары халқы 250 адамнан аз 877 ауыл 3G/4G технологиясын қолдана отырып, кеңжолақтық интернетке қосылады, қалған 930 ауыл жерсеріктік интернетке қосылады деп жоспарлануда.

      Сонымен қатар 2019 жылы онлайн-сауданы дамыту шараларын белгілейтін кәсіпкерлік ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу туралы заң қабылданды. Нақтырақ айтқанда, электронды сауда ұғымы заңды түрде бекітілген. Бұл шетелдегі сатылым үшін электрондық коммерция операцияларын жеңілдетеді. Осы заңның арқасында тұтынушылар құқығын қорғаумен электронды сауда ұғымы нормативтік деңгейде енгізілді. Мемлекет біздің елімізде электронды сауданың дамуын салықтық жеңілдіктермен ғана емес, сонымен бірге оқыту арқылы да қолдауға тырысады. Осылайша «Қазпошта» АҚ төрт «Электрондық коммерция» орталығын құрды, онда 2019 жылдың басында 1500-ден астам бизнес өкілдері «онлайн-сауданы жүргізу және интернет-дүкендерді нөлден құру» бойынша оқытылды. Сонымен қатар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «интернетте кәсіп жүргізуге 15 мың шағын және орта бизнес субъектілерін» оқытты. 2020 жылы мұндай курстарды тағы 20 мың кәсіпкерге өткізеді.

      Қазіргі әлемде электронды сауда арқылы сауда қатынастары біртіндеп күнделікті өмірдің атрибутына айналуда. Біздің көпшілігіміз қажет тауарларды интернет арқылы сатып аламыз, жеткізу қызметін пайдаланамыз. Жылдамдығы мен құны бойынша электронды сауда дәстүрлі әдіске қарағанда тиімді сауда құралына айналды, өйткені қазір барлық транзакцияларды онлайн режимінде жасауға болады.

      Өткен жылы «бүкіләлемдік бөлшек сауданың 14,1 пайызы электронды коммерцияның сатылымына» тиесілі болды. Сонымен қатар бүгінде әлемде «1,92 миллиард сандық сатып алушылар» бар. Әлемдегі ең ірі онлайн-сатушы Alibaba-да жалпы құны 768 миллиард долларды құрайтын тауарлар бар. Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялануының жоғары деңгейі электрондық коммерцияны біз үшін жай алмастырылмайтын етеді. Сондықтан біздің билік электронды сауда саласын дамытуға үлкен көңіл бөлуге тырысады. Осы мақсатта «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында электрондық сауданы дамытудың 2018-20 жылдарға арналған жол картасы жасалған болатын.

      Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин «электрондық коммерция экономикалық өсу локомотивтерінің бірі ретінде қарастырылуы керек» деп атап өтті. Бірқатар сарапшылар ғаламдық электронды сауда нарығының 2023 жылға қарай 2,8 трлн долларға дейін өсуін болжайды.

     Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов электронды сауданың дамуына қатысты: «Еліміздегі электрондық коммерцияның үлесі 2025 жылға қарай 10 пайызға дейін ұлғаятын болады, 2019 жылдың жазында бұл жоспарланған мақсат 5 пайыз болды. Бұл, негізінен, 2018 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген жаңа Салық кодексінің арқасында мүмкін болды, онда электронды коммерциямен айналысатын заңды тұлғалар «корпоративтік табыс салығын, жеке кәсіпкерлер жеке табыс салығын төлеуден» босатылған», – дейді.

      Бұл үшін тауарлардың құнын қолма-қол ақшасыз әдіспен төлеу қажет, «сатып алушымен шарт онлайн режимінде жасалуы керек», «кәсіпкердің жеке жеткізу қызметі болу керек немесе тауарды тасымалдаумен, жөнелтумен және жеткізумен айналысатын адаммен келісімшарт жасалады». Бірақ бұл ережелер, көріп отырғанымыздай, тұтынушылардың құқығын қорғайды.

     Өткен жылы электронды коммерциялық бизнес 36,8 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2022 жылға қарай электрондық коммерция 200 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуі керек. Мультипликативті әсерге байланысты электрондық коммерция ЖІӨ-ге жыл сайынғы қосымша жарнаны 1,1 пайыз деңгейінде қамтамасыз етеді деп болжанады. Кейбір сарапшылардың пайымдауынша, электронды сауданың арқасында жаңа Жібек жолы – Қытай–Еуропа–Қытай бағыты бойынша көліктен түсетін кірісті төрт есе көбейтуге болады, оның ішінде Қазақстан көрнекті операторлардың бірі болып табылады. Осыған байланысты 2019 жылы Қазақстанда құрылған «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының кеден қоймасы арқылы Қытайдан Ресейге және Еуропалық одаққа сәлемдемелер транзиті енгізілген болатын, ол арқылы 5 трлн 9 млрд теңгеге 147 мың тауар тасымалданады.

    Қазіргі уақытта Қазақстан электронды сауданы дамыту бойынша Орталық Азиядағы ең жақсы көрсеткіштерге ие, бұл көрсеткіш жыл сайын 55 пайызға өседі, бұл көбінесе елдегі интернет пен электрондық платформалардың жақсы дамуына байланысты. Болжамдарға сәйкес, төрт жылдан кейін Қазақстанның сауда саласындағы электрондық коммерция үлесі 2 трлн теңгеге жетіп, 24 пайызды құрайды. Қазақстандағы электронды сауданың қарқынды дамуының негізгі компоненті халықтың қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларға деген сенімі болып табылады: 2019 жылы қолма-қол жасалмайтын төлемдердің көлемі 2,3 есе артып, шамамен 14,4 трлн теңгені құрады. Жалпы алғанда, өткен жылы біздің азаматтар қазақстандық интернет-дүкендерден 422 млрд теңгеге, халықаралық интернет сайттардан 280 млрд теңгеге өнім сатып алған. 2019 жылы белсенді сатып алушылардың саны 3,2 млн адамға жетіп, 72 пайызға артты.

      Сонымен қатар сауда және интеграция министрлігі әзірлеген Onay Bazar және HappyFood.kz электрондық платформалары тұтынушыға үйден шықпай, тауар сатып алуға және ақша үнемдеуге мүмкіндік береді: делдалдардың тізбегін азайту арқылы өнім бағасы 10-15 пайызға төмендейді. Қазақстандық электрондық коммерция нарығының дамуына отандық компаниялардың халықаралық электрондық сауда платформаларына кіруі ықпал етеді. Қазіргі уақытта 22 қазақстандық компания Aliexpress-те мәміле жасасуда, онда олар жылдың аяғына дейін 28 млн долларға тауарлар сатуды жоспарлап отыр, 21 қазақстандық компания ЕАЭО елдеріне 594 тауар түрін Wildberries платформасы арқылы сатуда және ЕО кеңістігіне кіруді мақсат етіп отыр. Бүгінде қазақстандық электрондық коммерция нарығы өте үлкен даму потенциалына ие, ол бүкіл экономикамыздың, оның ішінде жаңа цифрлық технологиялар арқылы өсу локомотивтерінің бірі бола алады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 19.10.2020, 13:35
Теңгеге валюта алыпсатарлары қашанғы қысым көрсетеді?
Сайт әкімшілігі 17.10.2020, 09:10
Пандемиямен күрес: қаражаттың жұмсалуына қатысты заңбұзушылық анықталды
Сайт әкімшілігі 16.10.2020, 11:18
Сенатор елдегі Баспана беру ережесін жеңілдету керектігін айтты
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.10.2020, 09:31
Теңгені тығырықтан шығаруға Мамин үкіметінің қауқары жете ме?!
Сайт әкімшілігі 14.10.2020, 13:20
Шпекбаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілімен кездесті
Айжан БҮРКІТБАЕВА 13.10.2020, 11:27
Жалға алған жерді неге сатып жатырмыз?

Аңдатпа


  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38