Дағдарысқа қарай жанбағыс, қиындықтан қайтсек құтыламыз?

04.08.2020, 13:48

29

                                                                                                      

  Өткен апта әлемдік нарықтағы қор биржаларыүшін аса жайлы болмады. Дүйсенбіден бері әлемдегі алпауыт елдердің қорбиржасында құлдырау орын алды. АҚШ қор биржасындағы алпауыт компанияларакцияларының құны түсіп, сатылым көлемі 2007 жылғы құлдырауды бастан кешірді.

     Тек АҚШ-та қана емес, батыстыңбірқатар қор биржасында және Қытай қор биржасында ірі компаниялардың акциялары2,8 пайызға дейін төмендеді. Жалпы, қазір тағы бір әлемдік дағдарыстың кележатқанын, бұл дағдарыстың кемі 5-7 жылға созылатынын мамандар жиі айтады.Сарапшылардың байыптауынша, бұл дағдарыстан ұтып шығатын елдер де бар, ұтылыпқалатын елдер де бар. Бастысы – дағдарысқа қарсы сақтық шаралары сауаттытүзілуі керек. Осы арада біз мамандармен пікірлесе отырып, «Қазақстан қайтседағдарыстан ұтып шығады, мұндай жағдайда қандай тиімді қадамдарға бару керек?»деген сауалға жауап іздедік.

      Негізінен, мамандардың пайымынша,  алдағы уақытта үкімет біреулердің жекелегенбизнесін ғана қолдауды доғаруы керек. Бұлай деуге себеп – осы пандемиябасталғалы үкімет елдегі бизнесті қолдау мақсатында бірқатар шешімдерқабылдады. Банктерден арзан несие беру, несиені кешіру, салықты төмендетутәрізді жеңілдіктерді бізде бірінші кезекте қарапайым шаруа немесе өз күшімен,адал ақы, маңдай терімен тауып жатқан кәсіпкер емес, «көкесі» бар «элиталыбизнестің» алып жатқаны туралы деректер де кездеседі. Осыған байланысты саламамандары «болашақта жекелеген бизнестен бөлек, ғылымға бөлген абзал» деп отыр.
     Бұл ретте әлеуметтанушы Мақсат БЕКМҰХАМЕТ былай дейді:

    – Қазір нанотехнологияның дамығанзаманы. Мұнайдың орныналмастыратын заттар да көбейді. Дамыған әлем елдерінің басым бөлігі көмір менағашты химиялық синтездеуден өткізіп, мұнай жасауды ойластырып отыр. Тіпті осылай жұмыс істеп отырғанелдер де бар. Демек,келешекте мұнай бағамының төмендеуіне негіз бар. Сондықтан бір ғана мұнайғабайланған экономика құрудың дұрыс еместігіне енді көзіміз жетті. Ендеше, біз үшін қазір ең маңыздысы – инновацияға, ғылымға бет бұру. Отандықөнім өндіру саласына ден қою. Қазақстанның өзін-өзі қамтитын деңгейін арттыру маңызды болмақ. Осылай еткенде ғанаҚазақстан бұл дағдарысты жеңіп шыға алады.

      Жалпы, мамандардың байыптауынша,болашақта АҚШ, Қытай тәрізді алпауыт елдердің өзі мұнай бағасын түсіругеықыласты болады. Себебі ғылымы дамыған елдердің дені мұнайдан күнделіктітұтынатын заттардың барлығын алып жатыр. Киім-кешектен бастап, кір жуатынсабын, жазатын үстеліміз, қолданатын қаламсабымызға дейін бірқатар елдермұнайды химиялық синтездеу арқылы алады. «Осыдан барып Қытай мен АҚШ-тың өзі мұнай бағасынтүсіруге барын салады» дейді мамандар. Сондықтан, сарапшылардың ойынша, біз үшін шикі мұнайды сата бергенненгөрі индустриалды-инновацияға бет бұру маңызды.

                    Халықты асырайтын – ауыл

      Қазір көптеген мамандардыңпайымынша, осы жағдайды пайдаланып, елдегі агросаясатты нақтылау қажет. Олардың айтуынша,біз үшін қазір агросекторды бәсекеге қабілетті ету өте маңызды. Бұл ретте экономист-ғалым Сағындық СЕЙІТМАҒАНБЕТОВ:  

     – Болашақта халықты ауыл асырайды.Біз 1998 жылдарыжекешелендіру кезінде мұны толық ұғына алмадық. Сол кезде шаруаның қолынажеке-жеке мал бердік те, «өзкүніңді өзің көр» дедік. Ал сол кезден бастап ауылдың бизнесті өркендетуқабілетін арттырғанымызда қазіргідей абдырап қалмайтын едік. Ауылдық жерлердешағын кластерлер жасақтау, сол кластерлер арқылы дайын өнім өндіруге дейін қолжеткізу бізді деркезінде қызықтырмады. Алғаш жекешелендіру тұсында шаруаның қолына мал беріптұрып, «ертең сен осы малды етке өткізесің, сол арқылы елдегі ет комбинаттарынетпен қамтамасыз етесің, олар өнім шығарады» деп бағыттағанда қазір жағдайымызанағұрлым жақсы болар еді. Рас, елде ауыл шаруашылығын қолдау мақсатындабірқатар компаниялар, холдингтер құрылды. Бірақ олардың барлығы ең соңғы дайын өнім өндіругедейін жұмыс істемеді. Ауылдарға арзан несие жүйесін апара алмадық. Ауылғасалалық банктер бармады. Ендігі кезекте осы жайттарды шешпесек, тек астықтыэкспорттаудан ұтпайтынымыз белгілі. Сондықтан болашақта дағдарыстан ұтыпшыққымыз келсе,агросаясатты жүйелі, сауатты ету керек, – деді.

        

                                    Байлыққа иеболу керек

     Сондай-ақ мамандар нақ қазіргіқалыптасып отырған жағдайға сәйкес, көршілес елдермен біріккен кәсіпорындардыңакция пакетінің басым бөлігі Қазақстан жағында болуы тиістігін айтады. Мұндайда Қазақстан 60/40 ұстанымынұстануы тиіс. Ашып айтқанда, біріккен кәсіпорындарда акция пакетінің 60 пайызыҚазақстандыкі, қалған 30-40 пайызы басқа тараптыкі болғаны абзал. Бұған қатысты СағындықСейітмағанбетов былай деп ой түйіндейді:

    – Жалпы, көршілес елдерменбіріккен кәсіпорындар бізде көп. Мысалы, Ресеймен біріккен кәсіпорындар жұмысыналға бастыру барысында сырттан инвесторлар тарту, шетелдік технологияға жүгінукезінде акция пакетінің басым бөлігін өзіміз алғанымыз жөн. Мұнай кеніштерінде, алтын және уранөндіруде шетелдік инвесторлар жұмыс істейді. Шағын бизнестегі, ауылшаруашылығындағы дайын өнім өндірудегі қадамдарымызды нық әрі сенімді ету үшінотандық үлесті көбейту керек. Қазақстан байлығына ие болуы керек. Бізді қандай да бір дағдарыстан алып шығатын –отандық бренд. Ендеше, бұларада ұтып шығу үшін отандық ішкі құрылымдық секторларға жан бітірген абзал.

Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 11:30
Ауыл шаруашылығы кешенін дамытудың болашағы кемел
Еркежан АРЫН 11:27
Шекаралық аймақтардағы сауданың шырайын кіргізу маңызды
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 17:13
Жемқорлықты бақылау көрсеткіші артып келеді
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 15:45
Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 14:06
Доллар күрт төмендейді-сарапшы
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 12:13
Қазақстанда доллар қымбаттап жатыр

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16