Доллар кетті дөңгелеп, Дәленов оған не демек?!

12.03.2020, 11:40

10


 Апта басталысымен нарықтағы мұнай бағасы күртқұлдырап, әлем елдерінің көңіл күйі бұзылды. Экономикасы мұнайға байланған Қазақстанда өз деңгейінде едел-жедел жиын өткізіп, экономикалық қауіпсіздігіміз туралыой қозғады. Елді тығырықтан шығаруға бірден-бір үлес қосуы тиіс ұлттықэкономика министрі Руслан Дәленов мұнай бағасының құлдырап, доллардың күрт өсуінебайланысты өз пікірін білдірді. Министр бұған қатысты:  «Канада, Норвегия, Ресейде өзгерістер болды. Барлықел өз ақша бағамын ретке келтіріп жатыр. Мұны нарық реттейді», – деді.

     Сондай-ақ министр елде «доллар өстіекен деп, қымбатшылық та өршіп кетпейтінін» алға тартты.  Оның айтуынша,ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түліктің басым бөлігі жергілікті ресурстарғабайланысты. «Сондықтан аталмыш өнімдердің бағасы орынсыз өсірілмейді. Қымбатшылықөршімейді», – деді Руслан Дәленов.

        Алайда сала мамандары министрдің бұлпікірімен мүлде келіспейді. Мамандардың пайымынша, алдағы уақытта инфляция көлеміжоспардан тыс өсіп, халықты қымбатшылық қамыты қыса бастамақ. Мұны жасырудың қажетіжоқ. Экономист-ғалым Жаңабай Алдабергеновтің айтуынша, Ұлттық банктің пайыздықсыйақы мөлшерлемесін 12 пайызға көтеруінің өзі-ақ елде жағдайдың аса мәз емесекенін көрсетіп отыр.

«Қазақстанда қымбатшылық болмайтын болса, Ұлттық банк базалық мөлшерлеменіазайту жайын ойлар еді. Бірақ қазір, керісінше,  әрбір тоқсан сайын өнім қымбаттап,халық қиыншылықты нақты сезініп отыр», – дейді экономист-ғалым.

    Маманның пайымдауынша, біздегі Ұлттықбанк, ұлттық экономика министрлігі нақ осы инфляцияға қатысты нақтыстатистиканы беруге асықпайды. Осыған байланысты Жаңабай Алдабергенов:«Экономиканың жауы – жалған статистика. Инфляция туралы ақпаратқа сену қиын.  2019 жылы жылдық инфляция 4-6 пайыз болдыделінді.  Бірақ қазіргі қалыптасып отырғанжағдаймен салыстырсақ, бұлай айту қисынға келмейді», – дейді.

Оның айтуынша, 2019 жылы инфляция көлемі 4-6 пайыздық деңгейде сақталса, ондаҰлттық банк  базалық сыйақыны 9,25пайыздан әрі өсірмеуі керек еді.

     Бұған қатысты экономист-ғалымБейсенбек Зиябеков: «Негізінде, базалық сыйақы мөлшері елде инфляция көлемі тұрақтыболғанда түсіріліп отыруы керек. Ұлттық банк осы арқылы ақша-несие саясатынреттеп отырады. Отандық өндіріс қазір дағдарысқа әрең шыдас беріп отыр.Доллардың құны шарықтап барады. Ұлттық валютамыздың құны төмендеп кетті. АҚШ-тыңфедералдық резерв жүйесі де базалық сыйақы мөлшерін жоғарылатып отыр. Сырттаналатын қарыз мөлшері де өсті. Мұнай арзандады.  Осыған орай, Ұлттық банк те базалық сыйақы мөлшерлемесінөсіріп отыр», – деді.

     Ал экономист-сарапшы ІлиясИсаевтың пайымдауынша, қазір біз тұтынушыға қаншама ақша ұсынсақ та, олпроблемалық несиеге айналып кетіп отыр.  Жекелеген тұтынушыдан бөлек, өндіріске беріліпотырған арзан несие жоғары деңгейде  өнім шығаруға, өндірістің қабілетінарттыруға айтарлықтай әсер етіп отырған жоқ. Өндіріс қуаты артудың орнына, керісінше,кеміп, айналымда ақша көбейіп кетіп, құнсызданып жатыр. «Сондықтан бұл арадаалдымен  инфляция көлемі нақты болжануы керек. Бізде нақтылық жоқ.Бейресми деректер 2019 жылы «халықтың жайына қарап, инфляция, тіпті, 20 пайыздымежеледі» десе, ресми деректер 4-6 пайыздан аспайды деп болжайды. Ал нарықтағыжағдайды бағдарласақ, елімізде ай сайын қымбатшылық үдеп барады. Отандық өнім өндірушілерөнім өндіруге салған ақшаларын инфляция жеп, құнсызданып кетіп жатқанын айтыпшырылдайды», – деді экономист-сарапшы Ілияс Исаев.

     Жалпы, мамандардың  айтуынша,  еліміздегі ақша-несиесаясатына серпіліс керек. Болашақта Ұлттық банк, ұлттық экономика министрлігі макроэкономикалықтепе-теңдікті зерттей білуі керек. Қаржыны қай салаға бөлсек, қайтарымы болады?Өндірістің қуаттылығы қандай? Берген қаржыны ұқсата ала ма, түсімі қаншалықтысенімді деген мәселеге жоғарыда аталған екі инстанция да бас ауыртуы тиіс. «Бұларада Ұлттық банк пен министрлік бірлесіп жұмыс істегенде ғана мәселе шешімінтабады», – дейді Ілияс Исаев.
Дегенмен алдағы уақытта бәрін нарық реттейдідеп отыра беруге болмайды. Үкімет отандық өнім өндірушілерге нақты қолдау көрсетуікерек. Бұған қатысты ұлттық экономика министрлігі экономиканы тығырықтан алыпшығуы үшін бірінші кезекте отандық өнім өндіруді тереңдетуге баса мән беруітиіс.

     Негізінде, біздің экономикалық құрылымымызекіге бөлінеді: қала және халықтың 47 пайызы тұратын ауыл. Сондықтан әлемдікэкономикадағы жағдайды ескере отырып, алдағы уақытта ауыл шаруашылығын дамытуға аса мән берілуі қажет.  Бұл ретте, ауыл мәселесін бір ғана ауылшаруашылығы министрлігіне таңып қою дұрыс емес. Бұл шаруаны ұлттық экономикаминистрлігіне де жүктеген жөн. «Еуропа елдері де ауылшаруашылық өнімдерін қымбаттатыпжіберді. Қазір арзан азық-түлік импорты деген әңгіме жоқ. Сондықтан әркім өз күнінөзі көретін заман туды. Қиын заманда біз отандық өндіріске ғана арқа сүйейаламыз. Демек,  шикізатты сыртқа шикі күйіншежібере бермей, ең соңғы дайын өнімге дейін осы саланың дамуына күш салу керек.Олай етпесек, күні ертең елде ашқұрсақ халық көбейеді. Бізге серпіліс қажет. Марғауқалыптан шығуға тиіспіз. «Салдары болмайды, әсер етпейді» деген пікірді ұмытукерек», – дейді сала мамандары.

    Қысқасы, мамандар ұлттық экономика министрлігінеқатысты нақты ұсыныстарды жіпке тізіп беріп отыр. Олай болса, сала мамандарыайтып отырғандай, ұлттық экономика министрлігін ояту керек.




Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:05
Tengri Bank лицензиясынан айырылды
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:14
Ресейдің доллардан арылуға асығуы нені аңғартады?
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.09.2020, 10:51
Халық арзан баспанамен қашан қамтылады?
Сайт әкімшілігі 14.09.2020, 15:37
Қазақстандықтар айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеу керек
Әділ АҚЫЛБАЙ 11.09.2020, 09:29
е-learning 30 млрд теңгені жұтып қойды. Нәтиже қайда?
Қарлығаш Зарыққанқызы 10.09.2020, 11:07
Мемлекетке телмірген банктерді қандай тәуекелдер күтіп тұр?

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04