Доллар қымбаттап жатыр, теңге қашанғы теңселеді?

Қарлығаш Зарыққанқызы

28.12.2020, 12:56

2560

Таңғы сауда  бойынша, Қазақстан қор биржасында доллардың орташа бағамы 419,79 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 421,17 теңге сатылса, ал сатып алу — 419,65 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 421,36 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу — 420,28 теңге.

KASE нәтижесі бойынша, доллар 0,30 теңгеге өскен.

Жалпы, сала мамандарының пайымдауынша, болшақта теңгені теңселтпеу үшін мынадай ұсыныстар ескерілуі керек: 

Біріншіден,  бюджетке түсетін табысты әртараптандыру қажет. Мұнайға тәуелділіктен арылу үшін балама энергия көздерін өндіруді дамыту қажет. Бұл ретта алтын-күміс, руда, уран өндіру істері қарқындап дамуы қажет. Жаңа технологияға жүгіне отырып, әрбір салада жаңалық ашуға бейімделіп, нано-биотехнологиялардың тілін меңгеру қажет болады.

Екіншіден,  алыпсатарлық экономикадан арылу керек. Мұндай экономика импортқа тәуелді. Сондықтан отандық өнім өндіру жағына басты назар аударған абзал.

 Үшіншіден,  жерді дұрыс пайдалану жобаларын қолға алу керек. Елдегі жайылымдық жерлер, егістік жер, бос жатқан жерлерді игеру қазір өте маңызды. Жерді шаруаларға арзан несиемен беру жағы ойластырылуы тиіс. Жерсіз жүрген шаруаларды жермен қамту қазір өзекті болып отырған тұс.

Төртіншіден, Әр салаға шетелден сарапшыларды тартып оған қыруар қаржы жұмсауды шектеу керек. Бұл арада отандық ғалымдарымыздың ойына жүгіну тиімдірек болады. Себебі шетелден келген сарапшылар Қазақстанның аурасын, экономикалық қабілетін нақты біледі деп айту қиын.

Бесіншіден, ислам банкинг жүйесін дамыту қажет. Бұл көптеген отандық өндірістің дамуына жол ашатын мүмкіндік. Пайызсыз қаржы алып, оны бөліп-бөліп қайтару қай кезде де экономикалық жағынан тиімді.

Алтыншыдан, Қазақстан өз мүддесін, өз талап тілегін қоя білуі керек. Әсіресе шетелдік инвесторлармен жұмыс істегенде.«Міне, экономикалық дағдарыстан оңай шыққымыз келсе,  бірінші кезекте осы ұсыныстар ескерілуі тиіс. Олай етпесек, еңсе тіктеу қиын болады. Бұл ұсыныстар ескерілсе  кез келген дағдарысқа шыдас беруге мүмкіндік ашылар еді» дейді мамандар.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 14:24
Батыс Қазақстан башқұрттармен бизнес жасамақ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 08:23
«Досаевқа – «2», үкіметке – «-1»
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 15:39
Ауыл шаруашылығы министрі ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді
Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары
Айнұр ӘЛИ 14.10.2021, 13:00
Жалдамалы жұмыс жарылқай ма?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 14.10.2021, 09:00
Зейнетке шығу бір арман

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31