е-learning 30 млрд теңгені жұтып қойды. Нәтиже қайда?

Әділ АҚЫЛБАЙ

11.09.2020, 03:29

1183

      

       «Қазақстанның e-learning электронды оқыту жүйесін енгізуге жұмсаған 30 миллиард теңгесі далаға кетті. Ешқандай нәтиже жоқ», – деді мәжіліс депутаты ЖәмилаНұрманбетова.

     «Жалпы алғанда, «Ақпараттық Қазақстан-2020», «Цифрлық Қазақстан-2020» сияқты бағдарламаларға, білім беруді дамыту шараларына соңғы бес жылда 72 миллиард теңгеден астам ақша бөлінген, оның ішінде 30 миллиард теңге e-learning электронды оқыту жүйесін енгізуге жұмсалған еді. Ол ақшаны далаға кетті деуімізге болады. Өйткені ешқандай нәтиже жоқ», – деді Нұрманбетова кешегі мәжіліс отырысында.

      Депутаттың айтуынша, электрондық білім беру ресурстарын құру, педагогикалық кадрларды даярлау, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, ақпараттық-ағарту ресурстарды баршаға теңдей, қолжетімді ету сияқты көптеген шаралар көзделген болатын. «Білім және ғылым министрлігі не десе о десін, бірақ 2020-21 оқу жылының басы көрсетіп отырғандай, мектеп оқушылары сабағын оқи алмай қалды. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қашықтан оқытуға арналған қазақстандық жеті интернет платформа толық дайын деп, мәлімдегені бекер болғаны ма?» – деді депутат.

     Оның пайымдауынша, білім беру платформалары қажетті ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай келмейді, білімнің сапалы мазмұны жоқ. Оқу үрдісі қайта-қайта үзіледі. Қашықтан оқуға интернет жылдамдығы жеткіліксіз, шалғай ауылдарда тіпті интернеттің өзі жоқ. «55 мыңнан астам мектеп оқушысы әлі күнге дейін интернеті жоқ 835 ауылда тұрады. 1 миллионнан астам оқушының компьютері жоқ», – деді депутат.

      Нұрманбетова білім беру жүйесі қашықтан оқу форматында басталған 2020-21 оқу жылына шала дайындалғаны үшін жауапты тұлғаларды жазалауды ұсынды.

Тегтер: білім қаражат мемлекет мәселе онлайн оқу жоба ғалам

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 08:59
Үшінші мегаполистің үлкен проблемасы
Еркежан Арын 20.04.2021, 10:56
«Жасыл кеңсе»: қанша тұрады және қаншалықты үнемді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 20.04.2021, 09:18
Батпаққа баттық, үкіметтің не ойлағаны бар?!
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 13:04
Жалақысы ең төмен өңірлер аталды
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 10:25
Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.04.2021, 09:28
Монополистерге тыйым бар ма, олар халықты қашанғы тонайды?!

Аңдатпа


  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32