Егіншіліктің жазғы маусымы талапқа сай

24.07.2019, 01:28

16

Шілденің ортасыауып барады. Қазақстан дихандары не дейді? Астықтың шығымы қалай, биылғы өнімқай деңгейде болмақ? Міне, осы сұрақтардың қойылатын кезі де дәл осы кезең –шілденің қақ ортасы. Әрине, көктем – егіс кезі үлкен маңызға ие. Көктемгі егіскезінде жеріңнің ылғалы жақсы болса, тұқымыңның жағдайы тәуір болса, ауа райыболысып берсе – істің оңынан болып, сәтімен жүргені деген сөз. Ал, керісіншежағдайда көлденең қиындықтар туатыны сөзсіз. Қазақстан Республикасыауылшаруашылығы министрлігі биылғы көктемнің дихандарымызға болысып-ақ бергенінайтқан бұған дейін. Көктемгі науқанның сәтті өткенін, биылғы ауа райыныңарқасында күзде астыққа кенелетінімізді де сол кезде ескерткен.

Сонымен, көктемде19 миллион гектар жерге себілген дәннің қазіргі жай-күйі жаман емес. Бәріойдағыдай жүріп келеді. Агроөнеркәсіп саласының мамандары ауа райы аяқ астытосын мінез танытпаса биылғы кұз алтын дәннің күзі болады деп отыр. Биылғы меже– жалпы көлемі 20 миллион тонна өнім алу. Әрине, мұның басым бөлігі (жартысынанкөбі) бидай құрайды. Ауылшаруашылығы министрлігі де биылғы өнімнің былтырғыданаз болмайтынын, 20 миллион тоннадан астам өнім қамбаға құйылатынын хабарлады.

Айтылған межегежету үшін тиісті шаруалардың бәрі атқарылып жатыр. Ең алдымен егінмен қатарласабой көтеретін арамшөптермен күрес. Одан кейін, әрине, күн қыза сала тірілетін,қаптап шыға келетін зиянды жәндіктерді жою. Сосын топырақтың құнарын, жердіңылғалын реттеп отыру. Мұның бәрін атқару үшін – дәл уақытында, дер кезіндеқимылдау шарт. Өйткені, арамшөп те, зиянкестер де бір күн кешіккендікешірмейді. Аз уақытқа кешіктің екен, егістік алқабыңда ауру пайда болуымүмкін, бір бұзылған өнімің қайта қалпына келгенше күзде қамбаға құйылуға тиісқаншама дән солып қалуы мүмкін. Осы жағын есепке алсақ, дәл шілденің кезідихандар үшін маңызды. Ал, дихан дегеннен гөрі кәсіпкер деген атқа лайықауылшаруашылығы саласының майталмандары дәл қазіргі сәтте істің сәтімен жүріп,желдің оңынан соғып тұрғанын айтады.

— Биылғы көктемгіегіс жұмыстары сәтті өтті. Бәріміз үшін. 25 күн ішінде тиісті дәндерді егіпболдық. Егіп болған соң арамшөптер мен зиянкестерге қарсы күресті бастады. Оданкейін түрлі ауруларға қарсы жұмыстар атқарылды. Осының арқасында қазіргіөнімнің жағдайы өте жақсы. Ауа райы да қолдау білдіріп тұр, күзге осы күйдежетсек жаман болмайды, — дейді кәсіпкер Қ.Зияев.

Кәсіпкерлердіңқай-қайсысы болмасын осыған ұқсас сөзді айтады. Олардың сөзін тыңдасаң биылғыегінге қатысты ешқандай мәселе жоқ сияқты. Тек, ауа райы қолбайлау болмаса,күзде тиісті жеріне өткізіп, еңбегіміздің шарапатын көрсек дейді. Дегенмен,кейбір өңірлерде керек уақытында жаңбырдың аз болғанын, соған орай бірқатарқиындық туындағанын айтқандар да бар. Бірақ, мұндай кемшіліктерді техниканыңараласуымен дұрыс шештік деп есептейді. Қаншама қиындық болғанына қарамастанегіс кезінде тиісті технологиялар сақталған. Ал, қазір бәрі де өз орнымен.Ешқандай қиындық жоқ, бәрі жоспар бойынша, егін технологиясына сәйкес атқарылыпжатыр. Бидай масақтанып, майлы дақылдар гүлдеп жатыр. Енді бір аз уақыттан соңолар да дән салады. Күзде орылатын астықтың мөлшерін сол кезде дәлірек болжауғаболады.

Айта кететін тағыбір жайт Қазақстанның астық экспорттаудағы басты бәсекелесі саналатын РесейФедерациясы биыл жылдағы көрсеткішінен төмен нәтиже беріп отыр. Өткен айдағызерттеу нәтижесінде Ресейдің егін алқабының түсімі – 4 миллион тоннаға дейінтүсіп кеткені анықталды. Яғни, биыл күзде Ресей дихандарының өнім көлемібылтырғы 130 миллион тоннадан 126 миллион тоннаға дейін түсуі мүмкін. Оныңүстіне қамбаға құйылған астықтың сапасы да негізгі көңіл аударатын мәселе.Астықтың салмағы ғана емес, оның құнары да басты назарда болу керек. МамандарҚазақстан астығының осы жағынан алда келе жатқанын алға тартады. Әрине, Ресейдіңкөлемімен салыстырғанда Қазақстанның егістік көлемі де, өнімі де әлдеқайда аз.Бірақ, бұл басты фактор емес. Нарықта өнімнің санынан гөрі сапасы басты бағағаие. Сапалы өнімді қымбат бағаға сатуға да болады. Осы жағын ескерген дихандаркөлем жағынан ғана емес, сапа жағынан да жақсы нәтижеге жетуді көздейді. Қай біржылғыдай астық қардың астында қалып, шіріп кетпеуі керек. Оған әсер етушіфактордың бірі де осы сапа мәселесі. Сапалы өніміңді бір мәрте тұтынған өзге елкелер жылы да айналып келіп тұрмай ма. Сол себепті, астықтың сапалы болуы үшіндәл осы жазғы маусымның маңызы зор.

Астықты аймақсаналатын солтүстік жақта егін енді бой көтеріп жатса, күні ыстық, көктемі ертекелетін оңтүстік аймақта қазірдің өзінде өнім жинау басталып кеткен. Бұл жақтақазірдің өзінде 510 мың тонна астық жиналып, бастырылған. Мамандар арнайызерттеу барысында бұл жақтағы өнім әр гектарға шамамен 20 центнерден келетінінайтады. Ал, солтүстік өңірдегі дихандар биылғы егіннің кеш бой көтергенінкүннің салқындығынан көреді. Дегенмен, бұл күзге дейін пісіп үлгермейді дегенсөз емес. Барлық жағдай қатаң бақылауда. Солтүстікте биыл соя егуді бастағаныбелгілі, күннің салқындығы осы секілді майлы дақылдарға болмаса, солт.стіктіңнегізгі өнімі бидайдың өсіміне ешқандай зиян тигізбейді деп отыр егіншілер.

Қазір түрлізаманауи техника мен егіншілік технологияларының пайда болғанына қарамастан,ғасырлар мен жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлі егіншілік технологиясынұстанғанды жөн көретіндер аз емес. Міне, осындай дихандар ауа райын алдын алаболжап, соған орай уақтылы қимылдап қалуға тырысады.

Халықаралықсарапшылар биыл Ресейде өнімнің аз болатынын, ал Украина мен Қазақстандажылдағыдан асып жығылмаса азацймайтынын болжап отыр. Балапанды күзде санайтынысекілді, түрлі жақылдардың өсімі мен түсімі күзде белгілі болады. Әзірге егісалқаптары жайқалып-ақ тұр.

Фото: inform.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 11:30
Ауыл шаруашылығы кешенін дамытудың болашағы кемел
Еркежан АРЫН 11:27
Шекаралық аймақтардағы сауданың шырайын кіргізу маңызды
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 17:13
Жемқорлықты бақылау көрсеткіші артып келеді
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 15:45
Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 14:06
Доллар күрт төмендейді-сарапшы
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 12:13
Қазақстанда доллар қымбаттап жатыр

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16