Экс-министр Руслан Дәленов жаңа қызметке тағайындалды

Сайт әкімшілігі

12.02.2021, 15:11

2554

Ұлттық экономиканың экс-министрі Руслан Дәленов Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 

«Руслан Дәленов ЕАДБ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды және банк басқармасының жаңартылған құрамына кірді», — делінген «Жас Алашқа» жіберілген хабарламада. 

Руслан Дәленов Ыстамбұлдағы Мармара университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінде бастап, жетекші маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары және басқарма басшысы қызметтерін атқарған.

2002 жылдың наурыз-қыркүйек айлары арасында ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кірістерді талдау және болжау департаментінде басқарма басшысы қызметін атқарған.

Ал 2002 жылдың қыркүйегінен 2003 жылдың мамыр айына дейін ҚР Қаржы министрлігінің Кірістер, конвенциялар және келісімшарттар департаментінің ағымдағы кірістер басқармасының басшысы болған.

Кейінірек ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінде кірістерді талдау және ағымдағы болжау басқармасында басшы қызметін атқарады. Содан Қаржы министрлігінің Талдау департаменті директоры болып жұмыс істейді. 2005-2008 жылдар арасында жеке секторда жұмыс істеген.

Ал 2008 жылдың наурызында қаржы вице-министрі болып тағайындалған болатын. 

Тегтер: тағайындау экс-министр министр вице-министр

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 19.05.2022, 14:34
Жұмыссыздықпен күрестің тиімді тәсілі – шағын кәсіпкерлік
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:56
Сор болған стрестік активтер
М.СӘУЛЕБЕК 18.05.2022, 15:47
Кәсіпкерлікті арттыру «донор» өңірлер санын арттырады
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.05.2022, 06:20
Қалтырауық үкімет
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 17.05.2022, 05:13
Халықты тонаудың бір әдісі
Сайт әкімшілігі 16.05.2022, 12:35
Бүгіннен бастап елімізде жеңілдетілген автонесие беріледі

Аңдатпа


  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20
  • Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
    18.05.2022, 06:17