Экспорт пен еңбек өнімділігі 2,5 есеге артады

01.10.2019, 08:20

48

Соңғы жылдарымемлекеттік бағдарламалар мен түрлі қолдаулар және сырттан келетінинвестициялардың ұлғаюы есебінен Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығындабірқатар өзгерістер болды. Алдымен, дақыл түрлерін егу мен олардың көлемін ғанаемес, өсетін, егілетін аумағын да кеңейте түсу, оған қосымша ет, сүт өнімдерінөндіру бойынша да еліміздің көптеген аймақтары ел тұтынатын өнімді алыстанемес, өзіне жақын жерден тұтыну жөнінен бірқатар игіліктерге қол жеткізді.Заманауи техника, жаһандық технология, инновция, цифрландыру сияқтыжаңалықтардың да басым бөлігін осы ауылшаруашылығы саласына қатысты жиі еститінболдық. Жарайды, бұл бұған дейін атқарылған істердің жемісі делік, енді неболады? Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласының болашағы, даму бағыты қандайболмақ? Алдымен неге мән береміз? Жаңа президент Тоқаев дәуірінде агроөнеркәсіпсаласын дамытудың бағдарламалары қандай?

Жалпы, биылғыагроөнеркәсіп саласы бойынша өндірілген өнімдердің жалпы көрсеткіші былтырғыданбіршама көп. Биылғы жылдың диқандар үшін қиын болғаны белгілі. Соған қарамастанбиылғы өнім көлемі былтырғыдан 3,6 пайызға асып жығылды. Күздің ортасындакейбір өңірлердегі көрсеткіштерге қарап, өткен жылғы жетістікті қайталай алмайқаламыз ба деген қорқыныш та болған. Десе де, әйтеуір, күздің соңы жақсыжаңалықпен түйінделді. Былтырғыдан өсу бар. Нақтылап айтсақ, мал шаруашылығыбойынша өсім былтырғыдан 3,5 пайызға көп. Ал, өсімдік саласы бойынша 3,9 пайызжоғарылаған. Және бір ерекше айта кетерлігі, биылғы инвестиция көлемі де әлдеқайдаұлғайған. Айталық, биылғы ауыл шаруашылығы секторына барлығы 264 миллиардтеңгеге жуық инвестиция құйылған. Бұл былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда57,1 пайызға жоғары. Өсім көлемі тек инвестиция мен өнім өндіруде ғана емес,сыртқы елдерге тауар экспорттау бойынша да байқалады. Айталық, биыл ауылшаруашылығы тауарларын экспорттау бойынша жалпы құны 1 миллион 650 мың АҚШдолларлық өнім сыртқа сатылыпты. Былтырғы көрсеткіш бұл сомадан 13 пайызға азеді.

Ел президентіҚасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына жолдауында ауыл шаруашылығысаласына, оның ішінде еңбек өнімділігі мен тауар экспорттауға үлкен мән берукерек деген болатын.

«Ауыл шаруашылығы– біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Елішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық тазаөнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар. Біз суармалы жер көлемін кезең-кезеңмен 2030 жылға қарай 3 миллионгектарға дейін ұлғайтуымыз керек. Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 4,5 есеарттыруға мүмкіндік береді. Сауда және интеграция, ауыл шаруашылығыминистрліктері фермерлерге өз өнімін сыртқа шығарып сату үшін барынша қолдаукөрсетуі тиіс. Біз 2022 жылға қарай қайта өңделген өнімдердің экспорты менеңбек өнімділігін екі жарым есеге дейін ұлғайту керекпіз. Бұл, әрине, сапалы,жаңаша жұмыстарды талап етеді. Тың бастамалар арқылы ғана салының тиімділігіартпақ», — деген президент. Бұл туралы үкіметке, ауыл шаруашылығы министрлігінеарнайы тапсырмалар беріліп, міндеттемелер жүктелгенін де айтқан.

Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Кемелұлы айтқан тағы бір негізгі мәселе экспортқа қатысты.Экспортты да дұрыс жүргізу, тауар шығарғанда барынша тиімді жолдарды қарастыру.Бұл тек шикізат өндіруді ғана емес, оларды өңдеу бойынша да біраз өндірісорындарын ашу туралы мәселеге әкеледі. «Ауыл шаруашылығы өнімін экспорттауісінде шикізатқа негізделуден бас тарту керек» деген президент сөзінің жаныбар, осыған орай алдағы уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін шикізат күйіндеемес, түрлі өндірістік, өңдеу жолдарынан өткізіп барып, өзге жұртқа сатуды күнтәртібінен түсірмеу керек. Осыдан кейін экспорт түрлерін арнайы зерттеп, шетелге мал сату – ет экспортына жатпайтынын, бұл керісінше отандық кәсіпкерлер меншағын және орта бизнес өкілдері – түрлі шаруалардың саудада ұтылуына әкепсоғатынын, пайдасының азаюына әсер ететіні де сөз болған. Орта Азияда ауылшаруашылығы бойынша бәсекелес елдердің көп екені белгілі. Оның сыртында Ресей,Белоруссия, Украина сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау бойыншажетекші елдермен қоңсы отыруымыз да біздің елге һәм шаруаларға, ауылшаруашылығы министрлігіне көп міндет жүктейді. Бұны шешетін тек ауылшаруашылығы өнімдерінің саны мен көлемін ғана емес, өндіріс орындарын көптепашуды талап етеді.

Жалпы, соңғы төртжыл ішінде пайдаға асырылмай, яғни, біреулердің меншігінде қолданылусыз босжатқан жерлердің аз емес екені анықталды. Ақпаратқа сәйкес 12,8 миллион гектаржер осындай жағдайға душар болған. Егеншілік пен мал шаруашылығының дамуынаүлес қосуға тиіс мұндай жерлерді мемлекет меншігіне қайтару ісі де жылдам қолғаалынып, нәтижесінде 10,6 миллион гектары мемлекет меншігіне қайтарылып, өзгееңбек етем, жер жыртам деген шаруаларға үлестірілді. Бұл жер ресурстарын тиімдіпайдаланудың жауапкершілігі арта түседі дегенді білдіреді. Бұл тарапта жериелерінің өз меншігін тиімді әрі міндетті түрде пайдалануын талап ету туралы дазаң талаптары күшейтіліп жатыр. Айталық, алдағы уақытта жерді иеленгенмен оныигермеген азаматтарға жер салығын 20 есеге ұлғайту көзделіп отыр. Және жалғаалғанмен қолданылмаған адамдардан жерді мемлекет меншігіне қайтарып алу сотісінсіз, бір жақты шешіммен іске асады. Және бір айта кетерлігі ауыл шаруашылықмақсатындағы жерлер тек Қазақстан азаматтарына жалға беріледі.

Кәсіпкерлер менфермерлер, шаруа қожалық иелерімен кездесуде президент Қасым-Жомарт Тоқаевқажиналғандар ауыл шаруашылық саласын дамыту бойынша біршама ұсыныстар айтты.Соның негізгісі – бағдарламалардың тұрақты болуы. Олардың айтуы бойынша бұлсала бойынша басшылықтың жиі ауысып отыруы шаруалар мен кәсіпкерлерге көпкедергі келтіретін көрінеді. Мәселен, жаңа министр келсе ауыл шаруашылығыбойынша тың бастамалар басталып кетеді де, бұрыннан жолға қойылған немесе бірізге түсе бастаған жұмыстар ырғағын жоғалтып, жаңалықты енді меңгеріп кележатқан шаруалар қайтадан жаңа жүйеге көшуге мәжбүр болады. Бұл ең алдыменуақытқа шығын. Ал, уақыт – ауылшаруашылығы саласында ең басты роль атқарады.Өйткені, мезгіл бойынша, науқан бойынша жұмыс істейтін фермерлер құжаттық жәнеде өзге міндеттерге уақытын көп құртып алса, өндірісі тоқтап қалуы мүмкін. Оданкейін, кедендік бақылауға қатысты, яғни, экспорттау үшін салынатын баж салығыда сөз болды. Қазір бірқатар елдерге тауар экспорттаушыларға мемлекет тарапынаналынатын баж салығына жеңілдіктер қарастырылған. Оның ішінде Өзбекстанға тауарэкспорттау үшін салынатын салық мүлде алынып тасталған. Бұл шаруа да алдағыуақытта жалғасын тауып, өнімін шекара асырам деген шаруаларды қолдау ісі дамитүспек.

Сонымен қатар,сыртқа тасымалданатын өнімдерден бөлек, ауыл шаруашылығына сырттан әкелінетінтехникалар мен заманауи құрылғылардың сапасына мән беріле бастайды. Бұл саладаконтрафактілер тіркелгенін айтқан президент үкіметке бақылауды күшейту туралытапсырма берді.

Ал,ауылшаруашылығы даму үшін ауылдық жерлерді бос қалдырмау маңызды. Ауыл дамыса,ауыл шаруашылығы да құр қалмайды. Ауылшаруашылығы өнімдерінің негізгі көзіболып саналатын ауылдарды тиісті коммуникациямен қамтамасыз ету, ондағытұрғындарды сапалы және тұрақты тұрмыспен және жұмыспен қамту да алдағыміндеттердің бірі. Жұмыспен қамту бойынша атқарылатын істер негізінен өндірісесебінен орын алу керек. Мәселен ауылда зауыттар, түрлі өндірістер жәнеагроөнеркәсіптік кешендер, шаруа қожалықтары ашылса, олар жұмыс күшін сырттанәкелмейді, сол ауылдан табады. Бұл өз кезегінде екі жаққа да тиімді. Дегенмен,бұл мәселе бойынша да бірқатар мәселелер бар. Ауылдық жерде жұмыс күші бардегенмен, салалық білікті мамандар тапшы. Сол себепті, жаңа заманға сай білім алғанмамандарды табу қиынның қиыны. Демек, алдағы уақытта ауылшаруашылығы мамандарындайындап, білім беру ісіне көп көңіл бөлінуге тиіс. Жастарға тек диплом беріпқана қоймай, сабақ барысында заманауи қондырғылар мен цифрлы технологияларменжұмыс істеуді үйретіп, білім мен тәжірибені қатар меңгерту де бүгінгі күнніңбасты талабы. Ауылда тұратын немесе ауылда туған, жер жағдайын жақсы білетінжастарға заманауи білім беру керектігін, сосын туған жеріне барып жұмысістеуіне мүмкіндік жасап, түрлі қолдаулар көрсету туралы президент те айтты.Қысқасы, жастарды оқыту, мамандар даярлау ісіне ерекше мән бермей болмайды.

Ауыл шаруашылығы,агроөнеркәсіп саласы бойынша техникалар мен агрегаттардың 80 пайызы ескірген.Олардың жыл сайын асса 3 пайызы ғана жаңартылады. Демек, шаруалардың өнімдіжұмыс істеуі үшін техникаларды жаңартуға мән беру керек. Осыған орай алдағы 12ай ішінде ауылшаруашылығы машиналарының 10 пайызы жаңартылмақ. Бұл да арнайызерттеліп, кімге қандай көмек керек екенін анықтап алып барып, жан-жақты қолдауларкөрсетілуге тиіс. Сондай-ақ сақтандыру жүйесі ерікті түрде жүргізіледі, оданбөлек цифрландыру жұмыстарын да жеделдету маңызды болып қала бермек. Бұлжағынан ауылдық жерлерді түгелдей интернетпен қамту кезек күттірмес мәселе.

Қысқасы, бірбірімен жалғасқан осындай шаруалар жүйелі түрде атқарылуға тиіс. Өйткені, бірсаланы дамыту үшін соған байланысты бүкіл сала алға жылжу керек. Осыған орай,әлемдік нарықта сұранысқа ие, тиімділігі жоғары дақылдарды өсіріп, пайдасы молсалаларға баса мән беретін болады. Қалай дегенде де ауыл шаруашылығы секторы 2022жылға дейін экспорт пен еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру міндетіне кірісіпкетті. Нәтижесін күтейік.



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 13:52
Қазаққа малын көгендеп бағу ғана қалды
Қарлығаш Зарыққанқызы 25.11.2020, 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.11.2020, 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады
Сайт әкімшілігі 24.11.2020, 14:18
Зейнетақыны пайдалануда 10% салық ұстау жөніндегі заңды Мәжіліс кері қайтарды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 23.11.2020, 15:53
Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасы ұшып тұр

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42