Елді кім асырайды: көлік сатушылар мен құрылысшылар ма?

30.04.2020, 12:42

18

Дағдарыс кезінде  мемлекеттен көмекалуы ықтимал 361 ірі компанияның тізімі қоғамда қызу пікірталас пен наразылықтудыруда. Үкіметтен көмек күткендер арасында элиталы тұрғын үй салушылар,автомобиль дилерлері, үлкен сауда және ойын-сауық орындарының иелері де бар.

Жалпы, дағдарыс кезінде азаматтармен  бизнесті қолдауға бюджеттен 6триллион теңгедей кетпек. Мемлекет басшысы 4 млн 250 мың адамның әлеуметтікқаржылай көмек алғанын айтқан-ды.

Саясаттанушы БөріханНұрмұхаммедовтің есебі бойынша, «егер 42 500 теңгеден әлеуметтік көмекті 4млн адам алса, екі айда шамамен 340 млрд теңге кетеді». «Сонда ірі бизнескетриллионнан артық ақша кете ме? Жоғары бағаны жасанды ұстап тұру не үшінқажет?» – деді саясаттанушы газет тілшісіне. Ол «халықтың төлем жасау қабілетіонсыз да бірнеше есеге төмендеген кезде ірі бизнеске қолдау жасаудыңтиімділігіне» күмән келтірді.

Расында да, қазір халықаралықұйымдар әлемде жұмыссыздық деңгейінің өсіп, азық-түлік тапшылығын болжауда. АлҚазақстанда дағдарыс кезінде мемлекеттен көмек алуға дәмелілер кімдер? Ұлттықэкономика министрлігі әзірлеген «элиталы» тізім бойынша қаржының қомақты бөлігі(218) құрылыс компанияларына тиесілі болуы мүмкін, оның 35 позициясын BI Groupалған. Bazis, High Vill Kazakhstan да бар. 86 компания – сауда-саттық жәнежылжымайтын мүлікті жалға беру саласында ( «Mega Center Management»,«Астана-Моторс»), оған қоса, 26 көлік компаниясы (SCAT, «Эйр Астана», «Жетісу»,«Жолаушылар тасымалы», аэропорттар), 15 – энергетикалық және бес тау-кенкомпаниясы бар.

Министрліктің неліктен дәл осыкомпанияларға назар салғаны кәсіпкерлердің көпшілігіне жұмбақ. Егер үкімет шағынкәсіпорындарға жеңілдік берген кезде олардың қызмет түрін есепке алса, ірібизнес иелерін қандай талаптармен таңдайтындары әзірге беймәлім, оны ешкім дөпбасып айта алмайды. Бұл тізім кәсіпкерлер құқығын қорғау уәкілі РустамЖүрсіновті де, «Атамекен» төрағасы Абылайхан Мырзахметовті де, тіпті сенаттөрайымы Дариға Назарбаева мен мәжілісмен Азат Перуашевты да ойғақалдырыпты. 

Себебі қазіргі экономикалықдағдарыс кезінде қандай салалардың басымдыққа ие болатыны айқын. Оларға,мәселен, азық-түлік, медициналық және санитарлық құралдарды өндіру, өнімдердіөңдеуші, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар мен инновациялықзерттеулер саласын жатқызуға болады.

«Автодилерлер дүкендері тізімге кірсе, басқа қызмет түрлері неге тізімдежоқ? Бұл кәсіпкерлер үшін көп сұрақ тудырады», – деп мәлімдеді кәсіпкерлерқұқығын қорғау уәкілі Рустам Жүрсінов LS порталында. Сенатор Дариға Назарбаевада тізімге қатысты сын айтып, «азық-түлік қауіпсіздігі – ең маңыздысы жәнебіртіндеп азық-түлік импортынан бас тарту» деп, мемлекет ақшасын қайда жұмсауқажеттігін топшылаған.  «Атамекен» ұлттықпалатасы бұл тізімге өздерінің қатысы жоқ екенін айтып, ұлттық экономикаминистрлігін түсініктеме беруге шақырған. Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтізімді қайта қарап, сапасыз құжат жасаған министрліктің лауазымдықызметкерлерінің жауапкершілік мәселесін көтерді. Оның айтуынша, «Ақ жол»партиясына көптеген кәсіпкерлер тізімге неліктен ауыл шаруашылығы,ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, тамақ, медициналық және гигиеналық бұйымдар,балалар тауарларын шығаратын бірде-бір кәсіпорынның кірмегенін сұрап хабарласқан.

 Сонымен бірге ірі бизнес иелерінің салықтөлеушілер есебінен көмек алатындай қаншалықты зардап шеккені де күмәнтудырады. Кәсіпкерлер құқығын қорғау уәкілінің мәліметтері бойынша, қазіргітаңда сауалнамаға қатысқан «2,3 мың кәсіпорынның 45 пайызы толықтай жұмысынтоқтатқан, бұл – негізінен, шағын бизнес».

 Бұған дейін шағын және орта бизнеске жеңілдікберу бойынша қаулы даярлау барысында 100 шақты бизнес саласы ұсынылғанымен,оның тек 29-ы құпталған. Мысалы, ақпараттық технологиялар бағытында 10 бизнестүрі жеңілдікке ұсынылғанымен, оның тек екеуі  ғана қолдау алған. Өңдеуөнеркәсібі саласындағы бизнес түрлері тағы да назарға ілінбей қалған.

Қазақстан президентінің штаттантыс кеңесшісі, экономист Олжас Хұдайбергенов әлеуметтік желіде даулы «тізім»әлі де үш-төрт рет қаралып, соңғы нұсқасының алдында компаниялар түрлі талаптарбойынша (адам саны, экономикалық тиімділігі және т.б.) «тазартылатынын» жазды.Әзірге ол талаптар да, іріктеу механизмдері де белгісіз. Ал ұлттық экономикаминистрлігі тізімнің әлі толық жасалып бітпегенін, алда бизнес қауымдастықпенақылдасатындарын хабарлаумен шектелді.


Айжан ЖЕҢІСҚЫЗЫ,

«Жас Алаш» 



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 10:26
Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:35
Кәсіпкерлерді қолдайтын жобалардың бабын келістіре алдық па?
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:23
Сауда ынтымақтастығын арттыру маңызды болып тұр
Айжан БҮРКІТБАЕВА 24.09.2020, 09:30
Жеке тұлғаларды банкроттау заңы керек пе?
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:22
Доллар қымбаттап жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 10:46
Депозит нарығы: Банктер халықты қашанғы тонайды?

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39