Ең тәтті қауын-қарбыз Мақтааралда

15.07.2019, 19:58

538

Әлемдегі ең тәтті қауын-қарбыз Мақтаарал ауданындаегіледі. Бұл — Ресейлік және Еуропалық кәсіпкерлердің сөзі. Бұған дәлел маусымкезінде күн сайын қауын-қарбыз тиелген 200-300 жүк көлігі ТМДелдеріне, Балтық жағалауы елдеріне, Түркия, Германия, Грекия елдеріне жолтартады.

Мақтаарал ауданы әкімдігінің таратқан мәліметінеқарағанда,

былтыр мақталы өлкеде 316 366,5 тонна бақша өнімдеріөндірілді. Ал, биыл 11 502 гектарға бақша дақылдары егілді. Мұның ішінде 10 мыңгектары қауын, 1500 гектардан астамы қарбыз дақылы. Қазірдің өзінде 35мың тоннаға жуық бақша өнімдері Қазақстанның барлық аймағына таралып, Ресейгежәне Еуропаның бірнеше елдеріне экспортталып үлгерді.

Айтакетейік, Мақтаарал ауданының диқандары Республикада ең бірінші болып жәнеӨзбекстанға қарағанда 1 апта бұрын бақша өнімдерін нарыққа шығарады.

Ғылыммен еңбекті ұштастырған сәтте кез келген қамалды бағындыруға болады. Мақтааралауданында "Қазақ мақта шаруашылығы" ғылыми-зерттеу институтыныңғалымдары «ақ алтынды» зерттеумен ғана тоқтаған жоқ. Бұрыннан балдайтәттілігімен, ерекше үлкендігімен танымал болған «Мырзашөл» қауынынэкспортқа ыңғайластырып, бүгінде облыстағы бірнеше аудандардың диқандары жаппайегіп жатқан «Жиенбет», «Валеть» сияқты  қауынның сорттарын  шығарды.

Жаңасорттардың дәмі тіл үйіреді және тасымалдауға төзімді, яғни ұзақ жолға бейімделген.Көлемі де ыңғайлы, бір қорапқа 6-7 қауын сияды.Жаңа сорттардың арқасында соңғы жылдары диқандар үлкен табыс тауып, күллі Ресеймен Еуропаның бірнеше елдерінің нарығына кіріп отыр.

Қазіргітаңда Мақтаарал ауданының кіреберісіндегі логистикалық орталық жүк көліктерінелық толған. Еуропадан және басқа да елдерден келген кәсіпкерлер үшін орталықтабарлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, қонақ үй, кафе, автотұрақ, бассейнкешені мен қосалқы бөлшек дүкенінің қызметтері қарастырылған. Алдағы уақытта көкөніссақтау қоймасы да іске қосылады.

Осылайшақауын-қарбыз бизнесі Мақтаарал ауданында тұтас бір индустрияның дамуына жолашып отыр.

Фотоны автор ұсынды.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 20.10.2021, 10:19
Жаңа кен орындары игерілмек
Еңлік АБАҒАН 20.10.2021, 09:12
Ауғанстанға астық беру – пиар
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 19.10.2021, 14:24
Батыс Қазақстан башқұрттармен бизнес жасамақ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.10.2021, 08:23
«Досаевқа – «2», үкіметке – «-1»
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 15:39
Ауыл шаруашылығы министрі ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді
Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31