Ең үлкен жылыжай Келесте салынып жатыр

10.06.2019, 04:31

13

Нарықтарда сұранысқаие, бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешенін құруды мақсат тұтқан Ауылшаруашылығын кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттікбағдарламасындағы басым бағыттардың бірі ауыл шапруашылығы кооперативтерінқұру. Түркістан облысында бұл бағытта біршама жұмыстар жүргізілуде. Жылыжайшаруашылығымен айналысатын диқандар өнімді өндіру ғана емес, сатуда да басбіріктіріп, кооператив құрсақ деп отыр. Бұл қай жағынан алып қарасаңыз датиімді.

Жалпы Түркістан облысында жылыжай шаруашылығынаинвестиция салушылардың қатары жыл санап көбейіп келеді. Бұл іске шетелдіктерде қызығушылық танытуда. Мәселен Келес ауданынан ресейлік компания құны 1,1миллиард АҚШ долларды, көлемі 500 гектарды құрайтын жылыжайкешенін салып жатыр. Жақында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы журналистердіосы құрылыстың басына алып барып, жобамен таныстырды. Жоба толығымен жүзегеасқан жағдайда бұл Қазақстандағы ең үлкен жылыжай кешені болмақ.

Инвестор, ресейлік «Эко-культура»компаниясының  директоры АлександрРудаков облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевпен де осы кешен басында кездесті. Аталған компанияның Ресейде 115, 90 гектарды құрайтын жылыжай кешендеріжұмыс істейді. Өзбекстанның Термезінде 350 гектарға жылыжай салуды жоспарлапты.Алматылық  «Green Land Alatau»компаниясыменбірлесіп Қапшағадайдағы 10 гектар жылыжай аумағын 40 гектарға кеңейтуде. Оғанқоса сондағы «Береке» индустриалды аймағында 30-40 гектарға жылыжай салудықолға алыпты.

-Қазіргітаңда Түркістан облыстық әкімдігімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл кешен–ауданның экономикасын көтеретін ауқымды жобаға айналады. Жаңадан 10 мың жұмысорны ашылады. Құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Кешен заманауи технологияменжұмыс істейді. Біз «Казахстан Инвест» компаниясымен осы ауқымды жобаны жүзегеасыруға қатысқанымызға өте қуаныштымыз, – деді А.Рудаков.

Ал Өмірзақ Шөкеев жобағаинфрақұрылым тарту мәселесі алдағы уақытта оң шешімін табатынын жеткізді. Жылыжайголландық технологиямен жұмыс істейді. Қажетті мамандарды Ресейде тегін оқытужоспарлануда. Мұнда өндірілетін қызанақ пен қияр ТМД мен Еуропа елдерінеэкспортталады.

–Бізге қойылған негізгі міндет– жергілікті бюджетке салық төлеп, халықтыжұмыспен қамту. Қызанақ пен қиярды ойдағыдай сата алсақ, жұмысшылардың жалақысыжоғарылайды. Облыс әкімдігі инфрақұрылым жағынан жәрдем береміз деп отыр. Өзімізбенбірге алғашқыда отызға жуық маман келеді. Жергілікті жұмысшыларды Ресейдегі«Агроном» академиясында оқытамыз. Өзбекстанда қазір 20 маман осы жобаға сай тәжірибеден өтуде. ЖұмысшыларРесейдегі біздің жылыжайларда 0,5-1 жыл жұмыс істеп, тәжірибе жинайды,- дейді Александр Рудаков.

Облыстықауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, жоба кезең- кезеңімен 2025 жылға дейін іске асады.

-Жобаны жүзеге асыру үшін таңдалған жердің өзі ерекше. Табиғат ерте оянады.Күн жылы болғандықтан жылыжайға жұмсалатын шығынның мөлшері азаяды. Әрі осымаңайда газ құбыры да бар. Келешекте Сарығаш – Келес айналма жолы түссе транспорттықлогистикалық мәселесі де шешіледі. Электр қуатын тартуға Қызыләскер подстанциясыжақын.  Енді жобалық-сметалық құжаты менбизнес жоспары әзірленуде. Инвесторларға көмек ретінде 500 гектар жылыжайдыжүзеге асыру үшін инфрақұрылымын орнатуға мемлекет көмектеспек. Жанармай төменбағада беріледі. Тыңайтқыш, тұқымы мемлекет тарапынан субсидияланады. Қазіргітаңда жер астындағы судың қашықтығы мен оның тұздылығы талдануда. Қосымша осыжерден екі шақырымда Келес өзенінен құбыр арқылы да су тартуға болады,- дедіНұрбек Бадырақов.

Басқармабасшысының айтуынша, қазіргі уақытта Түркістан облысындағы жылыжайлардың көлемі900 гектардан астам. Келестегі жылыжай жаңа технологиябойынша жұмыс істейді. Айналасы шыны материалдарымен жабылады. Өйткені шыныныңжылу өткізгіштік қасиеті жоғары.

Ал, Сарыағаш аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлікбөлімінің басшысы Нұрболат Тәліповтың айтуынша, бес айда аудандағы 635 гектаржылыжайдан 53 мың 460 мың тонна қияр, қызанақ өнімі алынған. Өнімді өткізуде біраз проблемалар бар. Басты проблема-бағаныңтұрақсыздығы. Осы себепті ресейліктер өнімдерді өз елдеріне алып кетудіжоспарлапты. Тауарды экспорттау үшін кооператив құру туралы бастама да бар. Егерол құрылса, экспортшылар үшін оның тиімділігі зор болады. Өнім өндірушілерсатушы іздеп сандалмайды.

–Жылыжай егелеріне былтырдан бері гектарына берілетін субсидия алыныптасталғанмен, минералды тыңайтқыштар мен арамшөпке қарсы қолданылатын химиялыққоспа р гербицидтер төменбағада берілуде. Былтыр көмір қымбат келді. Базардың нарқы ғой. Қатты отынды даөздері сияқты кәсіпкерлер әкеледі. Арзандарының сапасы нашар болды. Биыл көмірбағасы жолға қойылды. Тауардың бәрі эспортқа шығып кетсе ішкі нарықтағы бағаларөседі деген қауіп бар,-дейді бөлім басшысы.

Жыл басынан бері Сарыағаш ауданында 20 гектер жергежылыжай салынған.

Б.ЕРНАЗАР, Түркістан облысы.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 10:26
Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:35
Кәсіпкерлерді қолдайтын жобалардың бабын келістіре алдық па?
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:23
Сауда ынтымақтастығын арттыру маңызды болып тұр
Айжан БҮРКІТБАЕВА 24.09.2020, 09:30
Жеке тұлғаларды банкроттау заңы керек пе?
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:22
Доллар қымбаттап жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 10:46
Депозит нарығы: Банктер халықты қашанғы тонайды?

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39