Еңбек министрлігінің атауын "бюджетті халықтан қорғау министрлігі" деп өзгерту ұсынылды

Сайт әкімшілігі

24.11.2021, 22:18

1750

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында тап осындай бастама көтерілді. Мәжіліс депутаты Ерлан Смайловтың айтуынша, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атауын «бюджетті халықтан қорғау министрлігі» деп өзгерткен жөн.

Бұған себеп аталмыш министрлік  1 қаңтардан бастап әлеуметтік жәрдемақының барлық түрін 5 пайызға  арттыруды көздеп отыр. Ал осы 5 пайыз әлеуметтік жәрдемақыға мұқтаж жандардың жыртығын жамай ала ма?! Бұл өзі халықты қолдау ма, әлде қорлау ма?! 

Бұл ретте депутат Ерлан Смайлов: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең төменгі жалақыны 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қазіргі 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге немесе 41%-ға өсіруді тапсырды. Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдардың, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты үйінде отырған аналардың, көпбалалы отбасылардың жәрдемақысын, сонымен қатар ең төменгі зейнетақыны ұлғайту мәселесін қарастырып жатқан жоқ. 2022-2024 жылдарға арналған бюджет жобасында министрлік әлеуметтік жәрдемақының барлық түрін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 5%-ға арттыруды жоспарлап отыр. Бірақ бұл көлем инфляцияның статистикалық өсімі түгілі, азық-түлік пен киімнің, түрлі қызметтер мен тариф бағасының шығынын жаппайды», – деді.

Оның сөзінше, жәрдемақы мен зейнетақының мөлшері ел азаматтарының нақты қажеттілігіне сай емес және сапалы өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алмайды. 

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қазақстандықтардың мүддесіне сай келмейтін ұстанымда болуы алаңдатады. Халықты қорғап, үкімет пен Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің алдына мәселе қоюдың орнына министрлік бюджет қаражатының тапшылығына сілтеме жасайды. Салалық министрлік халықты қорғау жолындағы өз миссиясының идеологиясы мен түсінігін әлдеқашан жоғалтқан республикалық ұйымға айналды. Оның атауын „бюджетті халықтан қорғау министрлігі“ деп өзгерту қажет деп санаймыз», – деді Ерлан Смайлов. 

Тегтер: экономика инвестиция кедейлік шегі халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 19.05.2022, 14:34
Жұмыссыздықпен күрестің тиімді тәсілі – шағын кәсіпкерлік
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:56
Сор болған стрестік активтер
М.СӘУЛЕБЕК 18.05.2022, 15:47
Кәсіпкерлікті арттыру «донор» өңірлер санын арттырады
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.05.2022, 06:20
Қалтырауық үкімет
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 17.05.2022, 05:13
Халықты тонаудың бір әдісі
Сайт әкімшілігі 16.05.2022, 12:35
Бүгіннен бастап елімізде жеңілдетілген автонесие беріледі

Аңдатпа


  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20