Еңбек нарығы: сұраныс пен ұсыныс теңесе ме?

Еркежан АРЫН

22.09.2020, 10:18

321

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметтері бойынша, техникалық тұрғыдан есептегенде, Қазақстандағы жұмыссыздар саны осы жылдың сәуіріндегі 4,2 ​​миллионнан мамырда 1,1 миллионға, ал маусымда 735 мыңға дейін төмендеген көрінеді. Сонымен бірге ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің 2020 жылғы бірінші тоқсандағы ресми мәліметтеріне сүйенсек, пандемия басталғанға дейін Қазақстандағы жұмыссыздар саны 442 мың адамды құраған-ды.

Аналитикалық мәліметтер Қазақстанға жұмыссыздық қаупінің төну мүмкіндігі аз деп көрсетіп отыр. Тіпті әлемдік пандемия да еңбек нарығына үлкен әсер бере қоймаған сияқты. Әрине, төтенше жағдай кезеңінде Enbek.kz электронды еңбек биржасындағы (ЭЕБ) түйіндемелер мен вакансиялар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35 пайыз және 23 пайызға төмендеді. «Алайда мамыр айынан бастап төтенше жағдай және коронавирустық қатаң карантин аяқталған кезде түйіндемелер саны да, вакансиялар саны да белсенді түрде арта бастады. Осылайша ЭЕБ-дағы түйіндемелер мен бос жұмыс орындарының саны сәуір айымен салыстырғанда, мамырда сәйкесінше, 1,6 және 3,5 есеге өсті. Пандемияның елдегі жұмыспен қамтуға әсерін зерттеуге арналған «COVID-19 пандемиясы фонында Қазақстан Республикасының еңбек нарығы» талдамалық шолуын дайындаған Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары осындай тұжырым жасап отыр.

Данияр ЖҰМЕКЕНОВ, Wall Street Invest Partners қаржы компаниясының сарапшысы:

– Әрине, пандемияның жағымсыз жақтары кез келген үкімет үшін ауыр тиетіні сөзсіз, бұл Қазақстанға да қатысы бар жағдай. Карантин біліктілігі төмен кадрлар кеңінен ұсынылған шағын және орта бизнес өкілдері үшін қиын жағдай туғызғаны белгілі. Ендігі кезекте сегменттің, яғни осы саланың қалпына келуі өте баяу жүретін болады, бұл процесс, мүмкін, тіпті бірнеше жылға созылуы мүмкін, сондықтан да жұмыссыздыққа қатысты ресми көрсеткіштер шынымен төмен болып көрінеді. Менің ойымша, Дүниежүзілік банк жариялаған көрсеткіштер  – 12,7% пайыз, бұл жерде анағұрлым шынайы көрініске жақын. Рас, республиканың ресми статистикасына деген сенімділіктің төмендігі сияқты нәрселерді де атап өткен жөн, нақтырақ айтқанда, біз осы тоғыз жыл ішінде пайда болған экономикалық проблемаларға қарамастан, соңғы тоғыз жылдағы жұмыссыздық деңгейінің тұрақты төмендеуі туралы айтып отырмыз. Ресми емес сектордың үлесі жоғары болғандықтан, жұмыссыздардың санын дәл нақты бағалау өте қиын, оны үкімет ЖІӨ-нің 20-25 пайызы, ал сарапшылар 35-50 пайыз деп, әртүрлі бағалайды, – дейді.

Жаңа  жұмыс орындарын ұсына алатын негізгі салаға құрылыс саласы айналып отыр. Сарапшылардың бағалауы бойынша, қаңтар-мамыр аралығында бос жұмыс орындарындағы құрылыс үлесі 8  пайыздан 43  пайызға дейін өсті.

Сонымен қатар аймақтар тұрғысынан төтенше жағдайдан кейінгі бос жұмыс орындарының көпшілігі мамыр айындағы көрсеткіш бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан және Қостанай қалаларында ашылды, ал, жалпы, резюмелердің ең көп саны осы жылдың алғашқы жартыжылдығында  Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының үлесіне келеді (атап айтқанда, 2020 жылғы қаңтар-мамырға ұсынылған түйіндемелердің жалпы санының 31 пайызы).

Оңтүстіктің үш облысы да көшбасшылардың қатарына кіреді және 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыс іздеушілер саны – 102 мың адам, бұл жалпы санның 32 пайызын құрайды.

Коронавирус пандемиясының әсерінен ең көп зардапты біліктілігі төмен және тұрақсыз жұмысшылар шекті: даяшылар, жүк тасушылар, тазалық қызметкерлері, сатушылар, асүй қызметкерлері және тағы басқалары. Сонымен қатар салалар жағдайында ең үлкен соққы соңғы жылдары экономикада жұмыспен қамту үшін маңыздылығын арттырған қызмет көрсету саласына тиді.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы екі жылдан бері жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша демеушілік көрсетіп келеді. Осы жұмыстар үшін жеке HR-агенттіктері тартылып, жұмысқа қабылданған әрбір қазақстандық үшін ақы төлейді.

Жақында төлем төлеу нұсқасын кеңейту туралы шешім қабылданды. Азаматтарды жұмыспен қамту қызметтерін жалдау агенттіктері ғана емес, жеке адамдар да ұсына алады.

Жұмыспен қамтылған әрбір азамат үшін 35 мыңнан 52 500 теңгеге дейін төленетін болады. Бірақ жеке тұлғалардың да осылай табыс табуына болатынын көп адам біле бермейді. Осылайша Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына сәйкес, аутсорсингке жүгінушілерге бірдей талаптар қойылады. Заңды және жеке тұлғалардың тиісті жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ қажетті материалдық және еңбек ресурстары болуы керек. Бір ғана айырмашылығы – жеке тұлғалар тек бір қызметкермен және жеке кәсіпкер ретінде тіркелумен шектелуі мүмкін.

Ирина РУБАШИНА, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы жұмыспен қамту қызметін дамыту департаментінің директоры:

– Аутсорсинг жаңа бизнес ашқысы келетіндер үшін тамаша мүмкіндік бола алады, өйткені қатысу үшін ең төменгі қаржылық инвестиция да жеткілікті. Аутсорсинг шарттары бойынша агенттік немесе жеке кәсіпкер 30 жұмыс күні ішінде жұмыс іздей алады. Олар жұмыспен қамтыған жұмыссыздар кем дегенде алты ай үздіксіз жұмыс істеуі керек, – дейді.

Жалпы, қазіргі уақытта ЕАЭО елдері одаққа мүше елдерде жұмыс іздеудің бірыңғай жүйесін құруды жоспарлап отыр. «Шекарасыз жұмыс» іздеу жүйесі шетелдіктердің жұмыспен қамтылуын жеңілдетуге және еңбек көші-қонын есепке алуға бағытталған және сарапшылардың пікірінше, оның жұмыссыздық проблемаларын шешуге әкелуі екіталай. Әрине, үкімет пен бизнес деңгейінде бұл бағдарлама республикада жұмыс істеуге келетіндердің көптігін ескеретін болсақ, тиімді болуы керек, бірақ көшіп барғысы келмейтін қарапайым азаматтардың да жағдайын ескерген жөн.

Сондай-ақ мамыр айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойған болатын.

Түзетулерде, егер түнгі кезектегі жұмыс уақыты мереке немесе демалыс күндеріне сәйкес келсе, түнгі сағаттар үшін қосымша ақы, сондай-ақ мереке немесе демалыс күндеріндегі жұмыс үшін бөлек ақы болуы керек екені айқын көрсетілген.

Бұған қоса, заң мүгедектерге арналған 36 сағаттық жұмыс аптасымен шектелгенімен, қазір I және II топтағы мүгедектер күніне жеті сағаттан артық жұмыс істей алмайтыны туралы тармақ алынып тасталды. Ең бастысы, қызметкер профпатологтың тексеруінен өтеді. Ал маман оның жұмыс істей алу қабілеттілігін көрсетеді. Осылайша, мүгедек адамның да  жұмыссыз қалмайтынына кепілдік бар. Былайша айтқанда, біз жұмыссыздықпен егес мәселесін біртіндеп шешіп келеміз. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты теңестіруге күш салынуда.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 19.10.2020, 13:35
Теңгеге валюта алыпсатарлары қашанғы қысым көрсетеді?
Сайт әкімшілігі 17.10.2020, 09:10
Пандемиямен күрес: қаражаттың жұмсалуына қатысты заңбұзушылық анықталды
Сайт әкімшілігі 16.10.2020, 11:18
Сенатор елдегі Баспана беру ережесін жеңілдету керектігін айтты
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.10.2020, 09:31
Теңгені тығырықтан шығаруға Мамин үкіметінің қауқары жете ме?!
Сайт әкімшілігі 14.10.2020, 13:20
Шпекбаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілімен кездесті
Айжан БҮРКІТБАЕВА 13.10.2020, 11:27
Жалға алған жерді неге сатып жатырмыз?

Аңдатпа


  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38
  • Біржақты қарамайық...
    15.10.2020, 10:30
  • Жетім бала елге аманат
    13.10.2020, 10:33