Ендігі тоқырауда ес жинау қиын болады

09.06.2020, 06:40

82

 Бүгінде бірқатар сарапшылар  еліміздің экономикасына қатысты түрлі жағымсызболжамдар айтуда. Бұл ретте, «алдағы 10 жылда Қазақстанның экономикасы керікете бастайды, тіпті 90-жылдардағы тоқырауды қайта бастан кешеміз» дейтіндер дебаршылық.

Мәселен, өткен аптада Еуропа қайта құру және даму банкінің сарапшылары «ендігі бір 10жылда Қазақстан мұнайынан түсетін түсім азайып, өмір сүру деңгейі төмендеп,халықтың тапқан табысы кеміп, экономика құлдырайды» дегенді ашып айтты. Банктіңалға тартқан мәліметінше, алдағы 10-20 жылда Қазақстан бюджеті тіпті екі есекеміп кетуі де мүмкін. Ал  мұндайболжамдар шындыққа жанаса ма?!

«Қазақстан менеджмент» сараптау орталығыныңжетекшісі Ғалия Қасымханованың айтуынша, алдағы уақытта Қазақстанға бюджеттітолықтыру көздерін өзгерткен жөн. Ол үшін, әрине, табыс көздерін әртараптандыруқажет болады. «Тоқсаныншы жылдары нарықтық экономиканың қиыншылықтарын ғанакөрдік. Ал енді бір тоқырау болатын болса, бізге ес жинау қиын болады. Себебі90-жылдары бізде ипотекалық дағдарыс деген болған жоқ. Ол кездері жұртқазіргідей несие алу, қомақты көлемде банктерге қарыз болу дегенді білмеді.Қазір жекелеген тұлғалардан бастап, құрылыс компаниялары, жекеменшік серіктестіктер,алпауыт компаниялар – барлығы несиеге батып отыр. Несие саясатының дұрысжүргізілмеуі, бюджетті тек мұнайдан түсетін түсіммен ғана өлшеу, отандық өңдеушісаланың тұншығып жатуы – мұның барлығы экономикаға үлкен қауіп», – дейдіэкономист-сарапшы Ғалия Қасымханова.

 Маманның айтуынша, біз үшін ең маңыздысы –қазір жаңа жұмыс орындарын ашу. Тек мұнай-кен барлау өндірісіне ғана иек артабермей, отандық өндіріс орындарының түсімін арттыру дағдарыстан құтқаратынболады. Бұдан соң, мұнайдан түскен түсімді ұтымды пайдалану керек. «Қараалтыннан» түскен түсімді имидждік сипаттағы түрлі халықаралық шаралар өткізугенемесе жиындар, басқосулар ұйымдастыруға жұмсағаннан гөрі экономикалықинвестиция ретінде ауқымды жобаларды қаржыландыруға жұмсаған жөн», – дейдімаман.

Ал экономика ғылымының докторы, профессорАтамұрат Шәменов болашақта отандық өндірістің дағдарысқа шыдас беру иммунитетінқалыптастыру қажеттігін баса айтып отыр. Бұл ретте, маман қажетсіз салаларғасубсидия бөле беруді доғарып, бюджет қаржысын ұтымды пайдалану қажеттігін алғатартты. «Субсидия бар жерде ұрлық бар. Ол коррупцияға жол ашады. Сондықтан   мынадай дағдарыс кезінде бюджет қаржысынұтымды пайдалану үшін тегін қаражат бөлуді тоқтату керек, бәрінің қайтарымыбар. Мүмкіндігінше ұзақ мерзімге «каникулмен» берілгеннің жауапкершілігі баржәне ол тиімді болмақ.Бұл ретте,фъючерлік келісімнің келешегі бар.Аграрлық саясат тағам өндіругебағытталуы тиіс. Салмақты жергілікті әкімдіктерге салу керек. Сағым қуғандықойып, өлшемі бар талаптар қойылуы керек. Жаңа инвестициялық қадамдарға барғанжөн», – дейді экономист-ғалым.

Ойсалар

  Атамұрат Шәменовтің байыптауынша, бізге қазірэкономикалық бақылаудан бөлек, сергектік пен сілкініс керек. «Сілкініс керек. Мұны биологиялық тұрғыдан түсіндірейін.Егемендік алғанымызға екі мүшелден асты. Мүшелде қан өзгереді, адамның ағзасыжыланның қабығын тастайтын сияқты өзгеріске ұшырайды. Сол сияқты бізде де  конституциялық реформа жасалды. Елбасы конституциялықреформаға сәйкес, салмақты үш билікке салды. Бірақ солардың жұлқына жұмыс істепжатқанын көрмей тұрмыз. Әсіресе парламент тарапынан үкімет жұмысын бақылаужоқтың қасы. Бар болса да, жариялылық жоқ. Сондықтан осы мәселелерге барыншамән берілуі керек. Әр салада ашықтық, талдау, тиянақтылық болғанда елдіңболашағы жарқын болмақ. Ендеше, атқарушы билік осы мәселелерге мән беріп,халықпен етене араласып жұмыс істеуі керек деп есептеймін», – дейді АтамұратШәменов.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ,

«Жас Алаш»

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 27.01.2021, 16:15
Зейнетақы жинағын алу: БЖЗҚ 49 миллиард теңгеге өтінім мақұлдады
Сайт әкімшілігі 27.01.2021, 12:53
Депутаттар зейнет жасын 60 жасқа төмендетуді ұсынды
Сайт әкімшілігі 27.01.2021, 10:19
Ұлттық банк ел экономикасы оңалатын кезеңді айтты
Қарлығаш Зарыққанқызы 26.01.2021, 12:37
Тұралаған банктер мен қалжыраған қорлар елді қиындықтан құтқара ма?
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 25.01.2021, 13:29
Ресейдің көңіл күйі Қазақстанға қалай әсер етеді?
Еркежан АРЫН 25.01.2021, 11:00
Қазақстанда кедейлік деңгейі 1,5 миллион адамға артады – Дүниежүзілік банк

Аңдатпа


  • Карантин күшейді, Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
    10:34
  • «Жас Алаш» – қазақтың сөз киесін арқалаған қасиетті шаңырағы
    09:17
  • Кім көрінгеннің ермегіне айналған отбасы заңы
    27.01.2021, 09:28
  • Озат ойдың айбыны
    26.01.2021, 11:26
  • Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды
    26.01.2021, 10:23