Эпидемия қаржы дағдарысына апарып соқтыра ма?

02.03.2020, 10:58

255


Биылғы жылы біз білетін қаржыәлемінде үнемдеу маңызды бола түседі.  Бұл ретте «Аналитик» талдауорталығының сарапшы маманы Тоғжан Шаяхметованың айтуынша, 2020 жылқазақстандықтарға үнемдеуді мықтап ескертіп жатыр.

Халықаралық сарапшылардың пайымынша, Қытайдан шыққан коронавирус әлемдікэкономикалық дағдарыстың елесін қайта жандандырды. Қазір  Қытайзауыттарындағы жұмысшыларға карантин жарияланған. Бұған қатысты халықаралықсарапшылар «вирус Қытайда 400-ден астам адамның өмірін қиды.  Егеринфекция жаһандық пандемияға ұласса, ол әлемдік экономикаға 2008-2009жылдардағы дағдарыспен салыстырылатындай қауіп төнідіреді» деп отыр.

Бұл ретте бүгін Moodys халықаралық рейтинг агенттігінің аға экономисі ДжонЛонски: «Коронавирустық пандемия — бұл дүниежүзілік қаржы дағдарысы мен2008-2009 жылдардағы ұлы рецессияны тудыруы мүмкін» деген болжам айтты.

Бұл ретте қазақстандық ғалымдармен пікірлескенбіз.  Экономика ғылымыныңдокторы, профессор Жаңабай Алдабергенов: «Дағдарыстың елесі  қазіринвесторларды қорқытып отыр.  Алдағы уақытта  мұнай, металлдар,облигациялар мен алтын бағасы түсе бастауы мүмкін. Қазір мұнай  бағасыбарреліне 54,21 долларға дейін төмендеді. Бұл соңғы 12 айдағы ең төменгікөрсеткіш. Коронавирустық  індет аясында Қытайда жанармайға деген сұраныстөмендеді. Қытайда мұнай тұтыну тәулігіне 3 млн баррельге немесе 25 пайызға азайып кетті.  Себебі қазір вирусқабайланысты Қытайда біршама өндіріс орындары жұмысын тоқтатып тұр. Өнеркәсіпте қолданылатын мыс, никель, алюминий көлемі де  вирусшыққан кейін орташа есеппен 7 пайызға төмендеді. Ал бұл әлемді алаңдатпайқоймайды. Ірі инвесторлардың көңіл күйі бұзылып отыр. Сондықтан мұның артырасымен де қаржы дағдарысына ұласып кетуі ықтимал»,- деді.

«Ал тікелей нақты  Қазақстанға қандай әсері бар» дегенсауалымызға  мамандар бірінші сауда-саттық саласына қатты әсері бар екенінжіпке тізді.

 «Барометр» талдау-сараптауорталығының қаржыгері Арман Мусиннің айтуынша, Қазақстанға келетін тұтынузаттарынан бастап, киім-кешек, электроника жабдықтары  тағы басқақажеттіліктердің 80 пайызы Қытай елінен жеткізіледі.Оңтүстік Кореяфдан техника, электроника заттары, Ираннан қалы кілемдер,Италиядан былғары етіктер мен т ондар келеді.

«Бұл арада бірінші Қазақстанның Қытайға негізгі экспорт бөлімдері 53% —шикі мұнайөнімдері,8% — жез, хром, кен мен темір қосылымы,56% металдан бұйымдар(же зді сым, катодтар, цинк, феррохром, құрыш несие),11% -жанармай,8% — уран,14% — тері тағы басқа көптеген дүниелер жеткізіледі. Ал Қытайдан бізге 23% —мұнай-газ құбырлары,3% — қазба жүргізгіш машина мен басқада бұрғылаушы, 1,6% —көмірден кокс пен жартылай кокс,1,6% — қара металдан басқада металлконструкциялар,киім-кешектер, көкөністер, электроника тауарлары келеді. Алдағы уақыттаҚытайдан тауар таситын жекелеген саудагерлерге қиын болады. Олар қазірдіңөзінде тауар ала алмай отырғандарын айтып алаңдап отыр.  Нақты таразылапкөрсек, бұл тек бізге ғана емес әлемдік экономикаға салқынын тигізетінқұбылыс»,-деді қаржыгер Арман Мусин.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Оразәлі СӘБДЕН 20.01.2022, 17:41
Өзгеретін кез келді
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 20.01.2022, 14:13
Сенатор Ақылбек Күрішбаев: «Жалған статистика ауылдағы нақты жағдайды көрсетпей отыр»
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 20.01.2022, 08:50
Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
Сайт әкімшілігі 18.01.2022, 11:40
Жаңа министр Қазақстан экономикасын қалай қуаттандыратынын айтты
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.01.2022, 08:38
Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
Сайт әкімшілігі 17.01.2022, 09:49
Тимур Құлыбаев "Атамекен" ҰКП төрағасы қызметінен кетті

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48