Ертең елде үлкен өзгерістер болады

Әділ АҚЫЛБАЙ

16.12.2021, 08:25

6755

Қазақстан Ұлыбританиямен стратегиялық серіктестік туралы 300-ге жуық беттен, ондаған тараудан тұратын келісімге қол қоюға ниетті екен. Ол келісімнің нақты мазмұны жария етілмейді. Ұлыбритания НАТО-ның мүшесі, Қазақстан – ЕАЭО, ҰҚШҰ мүшесі, екі ел арасында қандай ортақ мақсат болуы мүмкін?

      Экономист Қазбек Бейсебаев мұндай «мәңгілік достық» туралы құжатты Қазақстаннан шығарылған капиталдың басым бөлігі Ұлыбританияда жасырылғанымен байланыстырады. Бұл пікірін сарапшы ZonaKZ интернет газетіне берген сұхбатында айтады.

       «Әдетте серіктестік пен ынтымақтастық туралы мұндай үлкен, кешенді келісімдер бұрыннан тарихи байланысы бар елдер немесе көршілес мемлекеттер арасында жасалады. Мысалы, жуырда осыған ұқсас құжаттарға Өзбекстанмен арада қол қойдық. Өзбекстан – біздің көршіміз, тарихымыз ортақ, экономикамызды байланыстыратын салалар көп. Әрине, Қазақстаннан қанша алыста тұрса да, Ұлыбритания әлемдегі ең дамыған елдердің бірі, онымен қарым-қатынасты тереңдету пайдалы. Ұлыбритания Қазақстан экономикасындағы басты инвесторлардың бірі десек те, бұл келісімнің астарында Қазақстан билігіндегі лауазымды адамдардың жеке мүддесі тұр, өйткені олардың Ұлыбританияда жылжымайтын мүлігі, басқа да байлығы бар. Мысалы, қазір араб инвесторлары деген шықты. Энергетикамыздағы ең беделді екі ГЭС-імізді сатып алып жатыр. Неге дәл сол БАӘ арабтарына сатпақ? Оны нақты ешкім айтпайды, бірақ біздің тұңғыш президентіміздің ең жиі сапарлайтын ел осы БАӘ екенін біз білеміз. Сұрақ көп, жауап аз.

       Иә, Қазақстанда Үндістандағыдай таптар, касталар пайда болды. Брахмандар, кшатрилер сықылды. Тиісуге, сынауға, жаман сөз айтуға болмайтын таңдаулы тұлғалар бар. Таптар арасындағы алшақтықтың тым өсіп бара жатқаны халықты көшеге шығаруы мүмкін.

       Пара алу күдігімен ұсталған кешегі Хаменованы алайық. Тұңғыш президент туралы конституциялық түзетулердің авторы, бастамашысы болған адам – жай адам емес біздің жүйеде. Ондай тұлғаларды бізде рұқсатсыз ұстамаушы еді ғой? Ол аздай, жемқорлық үшін ұсталған екен. Бұл билік жүйесінде бір өзгерістер болып жатқанын білдіреді. Жүйенің ескі конструкциясы ақырындап шайқала бастады деген үлкен сигнал бұл. Елде әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлап барады, халық утилизациялық алымға қарсы наразылыққа шындап кірісті. Наразылардың қоғамдық белсенділігі арта беретін сияқты, біз бір үлкен өзгерістердің алдында тұрмыз. Өзгерістен басқа шара қалмаған жағдайға келдік», – деген екен сарапшы.

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:21
Елімізде орташа айлық жалақы қалай есептеледі?
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 08:57
Үй сатып алу биыл 35 пайызға төмендеген
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 09:12
Кәсіпкерлер мобильді аударымдардан жаппай бас тартып жатыр
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 11:37
Қазақстан табиғи апаттардан жылына 477 млн доллар шығынға ұшырайды
Әділ АҚЫЛБАЙ 09.08.2022, 09:18
«Жасыл Қазақстан» – елдің экологиялық мәдениетін көтереді
Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 08:57
"Қазақстан экономикасы сыртқы күйзелістерге ұшырып отыр" - Ұлттық банк

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49